---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2025-10-22-edb-men-uekimetting-ustanymy-eki-zhaqqa-qarap-tur/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# ЕДБ мен үкіметтің ұстанымы екі жаққа қарап тұр

![Девушки в офисе, Skills Enbek](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2025/08/kakie-banki-v-kazahstane-priznany-top-rabotodatelyami_bizmedia-kz_.jpg)

[![Фото: CC0 / /](https://bizmedia.kz/app/uploads/2025/08/kakie-banki-v-kazahstane-priznany-top-rabotodatelyami_bizmedia-kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2025/08/kakie-banki-v-kazahstane-priznany-top-rabotodatelyami_bizmedia-kz_.jpg)Фото: CC0 / /

**Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында банктердің экономиканы қаржыландыруға ықылас танытпай отырғанын айтты. Жаңа инвестициялық цикл бастау үшін «банктердің бос жатқан өтімділігін экономикалық айналымға  қосу керектігін тағы да ескертті.   **

**Қаржы айналымда емес, банктің қоржынында**

Қазір 1 триллион теңгеден астам қаражат, шамамен 2 миллиард доллар банктердің өз шоттарында жатыр.  

Сарапшылар банк пен үкіметтің ұстанымы екіге бөліне бастағанын көптен айтып жүр: 

- Банктердің ұстанымы  нақты сектор ұмытылып барады.
-  Мемлекет жаңа өндіріс пен инновацияға жол ашуға тырысып жатыр,

Қаржыгер Б. Зиябековтың айтуынша, бар мәселе базалық мөлшерлемеге байланысты. Қазіргі 18 пайзыбен банктерге мемлекет шығарған бағалы қағаздарды сатып алу тиімді. Банктердің тұтынушылық несиеге бет бұра бастағанына  үкімет шектеу қойған жоқ. Қаржы айналымы қысқа мерзімді табыспен шектеліп, даму тежеліп тұр.

**Қаржы**** айналымы қысқа мерзімді табыспен шектеліп, ұзақ мерзімді даму тоқтап тұр.**

Сарапшының айтуынша, банк жүйесін теңгеру үшін құрылымдық өзгерістерді  бизнеске несие беруден бастау керек. Сарапшының айтуынша, дүниежүзі бойынша заң үстемдігі индексі мен банктік кредит көлемінің арасында жоғары байланыс бар, корреляция коэффициенті 0,776-ға тең. Жеке биліктің шоғырлануы мен банктік несиелеу арасындағы өзара байланыс коэффициенті 0,803-ке жеткен. Билік шоғырланған сайын, әділдік пен бәсекелестікке орын болмайды.   2024 жылы ел бойынша негізгі капиталға 19,4 триллион теңге инвестицияның  64 пайызы жеке инвесторлардың,  21 пайыз мемлекеттің қаржысы. мемлекет бөлген. Ал қарызға алынған қаражаттың үлесі небәрі 10 пайыз болды. Ал банктің бөдгені  3,8 пайыз ғана, яғни 741 миллиард.  

Экономист Айбар Олжайдың айтуынша, банктердің қоржынындағы   триллиондар олардың

қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етіп отыр. Ал мемлекет бюджеттен, халықаралық қаржы институттарынан қарыз алып жатыр. Оның айтуынша, қазіргі жағдай  тығырыққа тірелді. «Банктердің табыс салығы  25 пайызға көтерілді.  Егер банктер экономикаға ақша бағыттаса, оларға салықтық жеңілдіктер берілетін тәсіл енгізілмек. Бұл банктерді ынталандыра ала ма, жоқ па оны 2026 жылдан бастап жаңа Салық кодексі аясында көреміз», деді ол.

---

Опубликовано: 2025-10-22T07:14:07+05:00

Обновлено: 2025-10-30T03:07:24+05:00

Авторы: 

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2025-10-22-edb-men-uekimetting-ustanymy-eki-zhaqqa-qarap-tur/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.