---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2025-10-23-uekimet-aeleumettik-baghdardan-ketem-ketem-dese-de-kete-almaj-zhuer/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Үкімет  әлеуметтік бағдардан кетем-кетем  десе де кете алмай жүр

![Сотрудник ЦОНа проверяет водительское удостоверение и технический паспорт автомобиля](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/04/v-kazahstane-izmenili-pravila-registraczii-avto-i-podgotovki-voditelej-bizmedia-kz_.jpg)

[![Фото: Правительство для граждан](https://bizmedia.kz/app/uploads/2024/04/v-kazahstane-izmenili-pravila-registraczii-avto-i-podgotovki-voditelej-bizmedia-kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/04/v-kazahstane-izmenili-pravila-registraczii-avto-i-podgotovki-voditelej-bizmedia-kz_.jpg)Фото: Правительство для граждан

# Кеше **2026 жылғы республикалық бюджет шығыстарына назар аударған **Үкімет  әлеуметтік салаға бағдарланған күйінде қалып отырғанын айтты. Алдағы үш жылдың басты қаржылық құжаты өнімділік пен баға тұрақтылығына бағытталған. Министрлер кабинетінің экономикалық блок мүшелері еске салып өткендей, Президент сандық өсімнен сапалық өсімге көшу, яғни азаматтардың өнімділігі мен әл-ауқатын арттыруға назар аудару міндетін қойды. ****

Үкіметтің басты мақсаты – құрылымдық реформалар мен шығыстардың тиімділігін арттыру арқылы азаматтардың өмір сапасын жақсарту және әлеуметтік қорғанысты күшейту.

- Мәселен денсаулық сақтау саласына 2,7 трлн. теңге көзделген. Биылғы жылмен салыстырғанда бұл қаражат 107 млрд. теңгеге артық.
-  Бұл шаралар медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
- Осыған қоса білім және ғылым саласына – 901,7 млрд. теңге жоспарланып отырғанын айта кету керек.
-  Бұл бағытта білім берудің сапасын арттыру, дарынды жастарды қолдау және ғылыми орталықтарды дамыту бойынша барлық басымдықтар сақталды.
- Ал мәдениет, туризм және спортты дамытуға 2026 жылы 263,5 млрд теңге қарастырылған.
- 2026 жылы экономиканың өсіміне әсер ететін шығындар шамамен 1,2 трлн теңге жоспарланып отыр.
- Бұл ретте нақты секторды дамытуға арналған қаражаттың көлемі 540 млрд. теңгеге ұлғая отырып, 3,7 трлн теңге болады.

Заңдарды талқылау барысында депутаттар бірқатар мәселелерді көтерді. Мәжілісмен Берік Бейсенғалиев экономиканың тұрақтылығын қолдау, нақты сектордағы құлдырауды болдырмау және халықты жұмыспен қамтуды сақтау үшін Үкіметте көзделген шараларды ұсынуды өтінді.

Премьер-министр Олжас Бектенов Министрлер кабинеті бюджетті жоспарлауда консервативті тәсілді ұстанатынын атап өтті.

Соңғы үш жылда біздің экономика тұрақты өсім көрсетіп отыр:

- 2023 жылы - 5,1%, 2024 жылы - 5%. Ағымдағы жылы өсу қарқыны да жоғары. Жалпы әлемдік экономиканың орташа өсу қарқыны 3% -ды құрайды.
-  «Біз Үкімет ретінде Президенттің тапсырмаларын іске асыру аясында экономиканың тұрақты, серпінді өсуін қамтамасыз ету үшін бар күш-жігерімізді жұмсаймыз. Өздеріңіз білетіндей, «Бәйтерек» холдингі желісі бойынша маңызды инфрақұрылымдық ¬ индустриялық жобаларды іске қосуға бағытталған жалпы сомасы 8 триллион теңгенің масш-табтық бағдарламасы іске қосылды. Портфельде басқа да кешенді шаралар бар. Оларды қабылдау тиісті даму қарқынын қамтамасыз етеді деп ойлаймыз»  деді Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, биыл жалпы құны 1,5 трлн теңгеден асатын 190 өнеркәсіптік жоба іске ¬. Егер барлық салалар туралы айтатын болсақ, бүгінде 1 681 ірі жоба іске асырылуда. Аталған жобалар шеңберінде 40 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны құрылды,

# Дәстүр бойынша халық қалаулылары Қазақстанның сыртқы борышы мен қарыздарға қызмет көрсету проблемасын да айналып өткен жоқ. Мәжілісмен Олжас Нұралдинов ескі қарыздарды өтеу үшін мемлекет жаңа қарыздарды жиі алып отырғанын мәлімдеді. Алдағы үш жылда тағы 24 трлн теңге тарту жоспарланып отыр. Нәтижесінде 2028 жылға қарай мемлекеттік қарыз екі есеге артып, 57 трлн-ды құрауы мүмкін, бұл осы қарыздарға қызмет көрсету шығындары өсетін болады дегенді білдіреді. Ол қарыз алу, кіріс пен бюджеттің нақты мүмкіндіктері арасындағы теңгерімді қалпына келтіру үшін қандай шаралар қабылданатынын сұрады.

# Қаржы министрі Мәди Тақиев, өз кезегінде, егер қарызымыз ЖІӨ бөлінісінде  болса, 33,5 трлн теңге көлемінде мемлекеттік қарыз 22,2% құрайды деп жауап берді. Бұл бап бойынша белгіленген лимит - 32%.

# - Мемлекеттік қарыздың негізгі бөлігі - 76 пайызы - бұл біздің ішкі нарықтағы қарыздарымыз. Біз оларды бюджет тапшылығын жабу үшін аламыз. 24 пайызы - бұл бізде сыртқы нарықтар, олар инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға және т.б. жұмсалады, - деп түсіндірді ол.

---

Опубликовано: 2025-10-23T07:38:25+05:00

Обновлено: 2025-10-30T03:08:54+05:00

Авторы: 

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2025-10-23-uekimet-aeleumettik-baghdardan-ketem-ketem-dese-de-kete-almaj-zhuer/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.