---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2025-11-18-zhanga-munaj-batys-bizge-ajyrbasqa-ne-beredi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Жаңа мұнай : Батыс бізге айырбасқа не береді

![Нефтяная вышка](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/03/mirovye-potrebiteli-uvelichivayut-spros-i-czena-na-neft-rastet_bizmedia.kz_.jpg)

[![Фото: AP Photo / Matthew Brown ](https://bizmedia.kz/app/uploads/2024/03/mirovye-potrebiteli-uvelichivayut-spros-i-czena-na-neft-rastet_bizmedia.kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/03/mirovye-potrebiteli-uvelichivayut-spros-i-czena-na-neft-rastet_bizmedia.kz_.jpg)Фото: AP Photo / Matthew Brown

**Қазақстан «жаңа мұнайға» айналған сирек кездесетін металдың мол қорына иелік етеді.**EnergyProm сарапшылары е**л аумағындағы сирек металл қоры 28,2 млн тоннаға жете****тінін хабарлады.**EnergyProm сарапшыларының [дерегінше](https://energyprom.kz/articles-ru/industries-ru/kazahstan-vyhodit-na-mirovuyu-arenu-rynka-redkozemelnyh-metallov/), бірінші орында 44 млн тонна қоры бар Қытай мемлекеті тұрса, АҚШ, Австралия және Ресей Қазақстаннан кейінгі орынға жайғасқан. Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) дайындаған шолуда  сирек кездесетін металдар  зерттелмеген аумақтармен және минералдық қалдықтармен жұмыс істеу кезінде табылуы мүмкін, деп атап көрсетті. "Қазақстан аумағының 35% -ға жуығы ғана геологиялық зерттелген, ал 65% -ға жуығы зерттелмеген күйінде қалып отыр... Сондай-ақ минералдық қалдықтарды және қайталама минералдық түзілімдерді өңдеуге назар аудару керек... Бұл материалдар өте маңызды минералдарды, оның ішінде жерде сирек кездесетін металдар мен сирек кездесетін металдарды алу әлеуеті бар елеулі ресурс болып табылады", - делінген жарияланған шолуда.

**EnergyProm сарапшылары****жүргізген зерттетуде мынадай деректермен келтірілген**

- Сирек кездесетін метал смартфон, микрочип, тоқпен жүретін көлік, аккумулятор, лазерлік жабдықтар және әскери техника өндірісінде кеңінен қолданылады.
- Бір ғана электромобильді жасауға бірнеше келі сирек металл жұмсалады екен. «Әлем елдері жасыл энергетикаға көшіп, қорғаныс саласындағы шығындарын арттырған сайын сирек металға деген сұраныс өндіріс көлемінен жылдам өсіп барады.

Қазір олардың 70 пайыздан астамын өндіру мен 90 пайызға дейінгі өңдеу процесін Бейжің өз уысында ұстап отыр», – дейді сарапшылар.

- 2024 жылы әлемде 379,9 мың тонна сирек металл өндірілген.
- Соның 270 мың тоннасын Қытай өндірсе,
- АҚШ 45 мың тонна, Аустралия мен Таиланд 13 мың тонна, Ресей небәрі 2,5 мың тонна өндірген.

**Сирек металдың жаңа көзін із****деген батыс әлемі Қазақстанға көз тігіп отыр**

 АҚШ, Аустралия және Батыс елдері Қазақстанды перспективалы серіктес ретінде қарастырып отыр.

**Не істеу керек **

**Осыған дейін, Алматыда өткен жиында біздің ел  Ұлттық экономика министрлігі базасында зертхана құруды жоспарлап отырғанын  Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан мәлімдеген. Оның айтуынша, зертхана  бізге шикізат құрамында  қандай ілеспе қоспалар ілесіп кетіп бара жатқанын бақылауға мүмкіндік береді. Ал сарапшылар к**ейбір компаниялардың  ресурстың тек 70 пайызын өндірдік деп есеп беріп, қалғанын  «қалдық» ретінде ресімдей салуына жол бермеу үшін қолданыстағы заңдарға өзгерістер енгізу қажеттігін айтып жатыр.   ****

**Сарапшылардың да қауіптенетін тұсы осы**

Алғашқысы, технологиялық дербестікке ұмтылу. Оған адам капиталы да, миымыз да жетеді, қалтамыз жұқа.  Екіншісі сыртқы капиталдың шартын қабылдап, геосаяси тәуелділікке түсу.Геосаяси тәуелділіктің салмағы мұнай ниесінен де ауыр болып тұр. Сарапшы Расул Рысмамбетттің айтуынша, **1990 жылдардың екінші жартысындағы келісімшарттарды да құпиясыздандырып, «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» Заңға өзгерістер енгізу керек. Себебі бұл заң тек алтынға ғана басымдық берген.  Енді сирек кездесетін бағалы металға байланысты стратегиямызды нақтылап алу керек. Бұл бағыт    2021 жылдан бастап құпиялық сипатынан арылды. «Ал оған дейін металдың бұл түрі шетелдерге қандай жолмен және қандай бағада сатылды немесе экспортталды. Қанша пайда көрдік?» деген сұрақтың жауабы нақтылану керек» дейді сарапшы.**

---

Опубликовано: 2025-11-18T07:35:47+05:00

Обновлено: 2025-11-18T07:35:49+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2025-11-18-zhanga-munaj-batys-bizge-ajyrbasqa-ne-beredi/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.