---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2025-11-29-qazaqstandyq-bankter-memleketten-alghan-qarzhylyq-koemekti-birtindep-qajtaryp-zhatyr/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстандық банктер мемлекеттен алған қаржылық көмекті біртіндеп қайтарып жатыр

![IT-специалист с ноутбуком](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/10/it-speczialisty-v-kazahstane-mogut-zarabatyvat-do-600-tysyach-tenge-v-mesyacz_bizmedia-kz_.jpg)

[![Фото: iStock.com.](https://bizmedia.kz/app/uploads/2024/10/it-speczialisty-v-kazahstane-mogut-zarabatyvat-do-600-tysyach-tenge-v-mesyacz_bizmedia-kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/10/it-speczialisty-v-kazahstane-mogut-zarabatyvat-do-600-tysyach-tenge-v-mesyacz_bizmedia-kz_.jpg)Фото: iStock.com.

Осы жылдың басында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «банк акционерлері қарызды мерзімінен бұрын қайтарсын» деп талап қойған еді. Ұлттық Банк төрағасы да бұл бағытта бірнеше келіссөз жүргізіп үлгерді. Жалпы, банктер бұл қаражатты 15 жылға 4% жылдық мөлшерлемемен алған. Бірақ олардың кейбірі несиенің бір бөлігін мерзімінен бұрын қайтарып жатыр, ал кейбірі толық өтеу мерзіміне дейін ұстап қалуды жөн көріп отыр.

Ұлттық банк төрағасы  Сүлейменов Астанада өткен баспасөз мәслихатында соңғы екі жылда мемлекетке 700 миллиард теңгеден астам қаржы кері төленгенін мәлімдеді.

Оның айтуынша, бүгінгі күнге ірі қаржы институттарының басым бөлігі берешегін толық өтеп үлгерген.

Нақтырақ айтқанда:

- Halyk Bank кейінгі екі жыл ішінде мемлекетке 250 млрд теңге қайтарды.
- Bank RBK 230 млрд теңге көлеміндегі көмекті толық қайтарды.
- Нұрбанк шағын банк ретінде 4,5 млрд теңге төлеген.
- Alatau City Bank былтыр 100 млрд, ал биыл қосымша 50 млрд теңге өтеді.
- Банк ЦентрКредит (БЦК) 60 млрд теңгелік қарызын толық жапқан.

Сүлейменовтің айтуынша, қазіргі таңда Нұрбанк, Еуразиялық банк және Alatau City Bank қана мемлекет алдында әлі де қарызы бар банктер саналады.

Сарапшылардың айтуынша, мемлекет қарызды қайтару мәселесінде барынша жұмсақтық танытып отыр. Алдағы уақытта екі тараптың арасындағы қарыз мәселе барынша нарықтық жүйемен реттелу керек.

---

Опубликовано: 2025-11-29T08:49:19+05:00

Обновлено: 2025-11-29T08:49:22+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстанның қаржылық жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstannyng-qarzhylyq-zhangalyqtary/), [Маңызды](https://kk.bizmedia.kz/mangyzdy/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2025-11-29-qazaqstandyq-bankter-memleketten-alghan-qarzhylyq-koemekti-birtindep-qajtaryp-zhatyr/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.