---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2025-12-01-bankterding-bajlyghy-memleketting-byudzhetinen-asyp-ketipti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Банктердің байлығы мемлекеттің бюджетінен асып кетіпті

![Монеты тенге на долларе](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/11/v-kazahstane-banki-i-mfo-budut-obyazany-prodavat-imushhestvo-dolzhnikov-cherez-elektronnye-ploshhadki-bizmedia.kz_.jpg)

Байлық кімнің қолында болса, биліктің тізгіні сонда болатыны белгілі. Мемлекет ұзақ жылдар бойы ерекше иммунитетпен өмір сүріп келген банктерді тәубесіне келтіріп, Құдайының кім екенін еске салуға шешім қабылдап отыр.  

[![Фото: © Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/app/uploads/2023/11/v-kazahstane-banki-i-mfo-budut-obyazany-prodavat-imushhestvo-dolzhnikov-cherez-elektronnye-ploshhadki-bizmedia.kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/11/v-kazahstane-banki-i-mfo-budut-obyazany-prodavat-imushhestvo-dolzhnikov-cherez-elektronnye-ploshhadki-bizmedia.kz_.jpg)Фото: © Bizmedia.kz

## **Өткен аптада банктер туралы заң мәжілістің  сүзгісінен өтіп, Сенатқа кетті**

 Бұл сала жоғары дә­режеде «олигополияланған» күй­­де қалғанын қалғанын бұл жолы  ҚНДРА мен Ұлттық жасырып қалуға жол таппай қалды. Енді қаржы құрылымдары алдағы уақытта бәрі бұрынгыдай болмайтынын ашып айтып отыр. Себебі банктердің қалтасы мемлекеттің бюджетінен қалың екенін осы жолы көрдік 

-  2025 жылғы 1 қазанда банк сек­торының активтері 67 трил­лион теңгеден асып жығылды.  2025 [жылдың](https://ashykalan.com/) алғашқы жеті айында банктер 1,64 трлн теңге таза пайда тапты. 2025 жылдың басынан 8,9% ұлғай­ған.
- Мемлекеттік бюд­же­ті бұдан екі еседей аз, бар болғаны 27 трлн теңге.
- өзге салалардағы бизнес рента­бель­ділік бойынша орта есеппен 4-10 пайыз.
-  биылғы 1 қазан­да­ғы жағдай бойынша, банктер ка­питалының рентабельділігі (ROE) – 29,9% болды.
- Осы жылғы 1 қыркүйекте тіпті 30,8%-ға жет­кен еді. 

Бұл ретте Қазақстанда банк­тер­ге салық салудың жаңа ереже­ле­рі бекітілді. Мемлекеттік кіріс­тер комитетінің хабарлауынша, бұл нормалар жаңа Салық ко­дек­сімен бірге 2026 жылғы 1 қаң­тар­дан бастап күшіне енеді. 

- ЕДБ-нің қателігі үшін мемлекет жауап бермейді «Самұрық-Қазына» қоры мен Ұлттық қордан ақша бөлінуіне жол берілмейді,.  ақшасын шашуға жол берілмейді.
- Қарыз төтенше жағдайда, берілуі мүмкін, бірақ бұл жолы көмек бәрі біреуі үшін, біреу бәрі үшін деген ұстаныммен беріледі.
- Қаржы нарығын реттеу және да­мыту агенттігінің төрағасы Мә­ди­на Әбілқасымованың банктерді құтқару үшін ар­найы қор құрылмайтынын ашып айтты.  
- «Қап­таған ұсақ банктің қорға құй­ғаны алпауыт біреуінің жұмырына жұқ болмасы анық» деген пікірді бұл жолы ҚНДРА қаперге алып отыр.

## **ҚНДРА мен Ұлттық банк өткеннің қателігінен сабақ алып отыр.**********

> «Банк­тер­дің проблемалы активтерін мем­лекет үлкен жеңілдік-диско­нт­пен емес, атаулы құнымен сатып алған, жеңілдікті мөлшерлемелер бойынша субординациялық обли­гациялар ұсынылған. Мұның бәрі жойылады, енді болмайды. Біз одан бас тарттық. Мұның сыртын­да банктің акционерлері, бір жа­ғынан, мемлекеттен қаржылай қол­дау алып, оны қайтармай қоя­тын, екінші жағынан, олар банкке ары қарай да иелік етуін жалғас­ты­ра беретін. Бұл тетіктен де құ­тыл­­дық. Жаңа тетік бойынша Ұлт­тық банк тек қана өтімділікті қол­дау шараларын ұсына алады, бұл мемлекеттік қолдауды бюд­жет­ке қайтару міндетті болады», – деді агенттік төрағасы.  

М. Әбілқасымованың айтуынша, банк қарызын қайтаруға құлық танытпаса жаңа инвесторға мәж­бүр­леп сатылады немесе  мүлкі аукционға шы­ғарылады. Егер банкрот болған банк­ті жаңа инвестор сатып алса, алайда сатудан түскен қаражат мем­лекеттік қолдауды өтеуге жет­песе, екі ортадағы айырманы банк сек­торы өтеуге тиіс. Осы мақсатта на­рықта қалған әрбір банктен тиіс­ті жарна жинау тетігі іске қо­сы­лады. 

> «Банк секторындағы әрбір банк­тен жиналатын жарна сомасы банктің көлеміне байланысты бо­лады. Ұсақ банктерден – аз, ор­та­ша­дан – орташа, ірілерінен ірі со­ма талап етіледі. Қаражат жинау үшін арнайы қор құрудың қажеті болмайды. Біздің ұсынуымызша, бұл Қаржы министрлігінің қазы­на­шылық шоты арқылы жүзеге асырылады. Егер күйреген банкті жаңа инвесторға өткізу нәти­же­сінде мемлекет оған салған ақша­сын қайтара алмаса, қалған сома банк­тер арасында бөліске салы­на­ды, олар өзіне бекітілген соманы бел­­гілі бір уақыт үдерінде Қазы­на­­­­­шылықтағы шотқа жарна ре­тін­де енгізуге міндеттеледі. Бұл тетік­ті біз «постфактум-алым» (сбор пост­фактум) деп атадық», – деді Қаржы нарығын реттеу агентті­гі­нің төрағасы.   

Нақ осы ұсынысқа өзге банктердің де қарсы шыққанын білеміз.

Олардың кім екені ашық ақпарат көздерінде жазылған. Бірақ банктердің қарсылығы комфортты аймақтан шыққысы келмейтіндердің соңңы әрекеті ретінде бағаланып жатыр.

## **Осы күнге дейін банктерді кенже ұлындай өбектеп келген үкімет бұл жолы қатты кетіп отыр**

Мемлекеттің банкке қатысуы уақытша, өтеулі және көлемі бойын­ша шектеулі болады. Банк ак­ционерлері мен басшылығын ауыс­тыру, оларға дивидендтер мен бонустар төлеуге тыйым салу, тәуе­келді операцияларды шектеу жә­не қаржылық қалпына келтіру жос­парын іске асыру сияқты ша­ралар қабылдануға тиіс. Қар­жы­лық орнықтылығы қалпына кел­геннен кейін банк жаңа ин­вес­торға сатылады, ал салынған мемлекеттік қаражат бюджетке қайтарылады. Жаңа реформа мен тың тетіктер қар­жы секторын сауықтыруға бас­тай ма, жоқ па, оны уақыт пен ке­­­­лесі дағдарыс көрсетпек.

## **Шетелдік сарапшылардың пікірі**

Еуропалық қайта құру және даму банкінің Орталық Азия мен Моңғолия бойынша басқарушы директоры Хусейн Озханның пікірінше, реформа ашықтық, орнықтылық және үздік халықаралық тәжірибелерге сәйкес келу қағидаттарын ұстанатындығын көрсетеді.

> «Біз Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің банк қоғамдастығымен сындарлы өзара іс-қимылын және оның неғұрлым ашық және реттелген банк жүйесін құруға нақты бейімділігін жоғары бағалаймыз. Бұл реформалар банк секторына деген сенімді нығайтып қана қоймай, Қазақстанға жаңа инвестициялар тартуға көмектеседі, жаһандық инвесторлардың қазақстандық нарыққа неғұрлым белсенді қатысуына ықпал етеді», - деп атап өтті Хусейн Озхан.

Ол сондай-ақ төлем қабілеті жоқ немесе әлеуетті төлем қабілеті жоқ банктерді реттеудің заманауи жүйесін енгізудің маңыздылығын атап өтті. Бұл Қазақстанды банк заңнамасының халықаралық стандарттарына және Қаржылық тұрақтылық жөніндегі кеңес (Financial Stability Board) белгілеген төлем қабілеті жоқ банктерді реттеудің негізгі сипаттамаларына жақындатады.

> «Біз сондай-ақ банктің шығындары бірінші кезекте осындай банктің акционерлері мен кредиторлары есебінен барынша сіңірілген (жабылған) жағдайда жүйелік маңызды банкті реттеуді қаржыландыруға банк секторының қатысуының маңыздылығын атап өтеміз. Әрбiр жеке банктiң сенiмдiлiгi бүкiл сектордың тұрақтылығына ықпал етедi, сондықтан реттеудi қаржыландыруға қатысу барлық банктердiң мүдделерiне жауап бередi. Заң жобасында ұсынылған банк реттелгеннен кейін банк секторынан жиналатын ақша жарналарының тетігі прагматикалық ымыраға келуді білдіреді. Ол Қазақстанның банк секторын халықаралық тәжірибеге толық сәйкестендіруге дайындайды», - дейді Хусейн Озхан

Dentons халықаралық заң фирмасының «Банктер және қаржы» тәжірибесінің серіктесі және жетекшісі Василий Зенов банктер туралы жаңа заңды қаржы жүйесінің тұрақтылығын арттыруға, бәсекелестікті дамытуға және реттеудің озық халықаралық стандарттарын енгізуге бағытталған банктік реттеудің ауқымды және кешенді реформасы деп атады.

Ол құжатта көзделген банк секторын жаңғыртудың негізгі бағыттарын белгіледі. Олардың ішінде:

*  лицензиялау жүйесін реформалау (базалық және әмбебап банктік лицензияны енгізу);

*  пропорционалды реттеу қағидатына көшу;

*  жосықсыз практикаларды болдырмауға және қаржы ұйымдарының клиенттер алдындағы жауапкершілігін арттыруға бағытталған мінез-құлықты қадағалаудың толыққанды жүйесін енгізу;

*  корпоративтік басқаруды жетілдіру;

*  цифрландыру және банк саласына финтех-шешімдерді енгізу;

*  исламдық қаржыландыруды дамыту (дәстүрлі банктерге ислам терезелерін ашуға мүмкіндік беру, бұл халық пен бизнестің шариғат қағидаттарына сәйкес келетін өнімдерге қолжетімділігін кеңейтеді).

> «Реформаның негізгі қағидаты банктің акционерлері мен қамтамасыз етілмеген кредиторларының басым жауапкершілігі болып табылады, олар банктің төлем қабілетсіздігі немесе әлеуетті төлем қабілетсіздігі жағдайында бірінші болып қаржылық шығынға ұшырауы тиіс. Заң сондай-ақ банктердің проблемаларын шешуге мемлекеттің барынша аз қатысуы қағидатын енгізеді. Мемлекеттік қолдауға тек жүйелік маңызы бар банктерге қатысты және бүкіл қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төнген кезде ғана жол беріледі. Бұл ретте банкті реттеу процесінде келтірілген мемлекеттік шығындар бүкіл банк секторының кейінгі жарналары есебінен өтелуге тиіс. Мұндай тәсіл Қаржылық тұрақтылық жөніндегі кеңестің (FSB) ұсынымдарын қоса алғанда, үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді», - деп атап өтті Василий Зенов.

---

Опубликовано: 2025-12-01T07:04:47+05:00

Обновлено: 2025-12-01T07:04:50+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстанның қаржылық жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstannyng-qarzhylyq-zhangalyqtary/)

Метки: [Казахстан](https://kk.bizmedia.kz/tag/kazahstan/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2025-12-01-bankterding-bajlyghy-memleketting-byudzhetinen-asyp-ketipti/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.