
2025 жылдың соңына дейін қабылдануы тиіс «Банктер және банк қызметі туралы» жаңа заңның нүктесі қойылар күн жақын. Жаңа заң қаржы жүйесінің барлық архитектурасын жаңартудағы маңызды қадам. Соңғы айларда банк секторына қатысты айтарлықтай өзгерістер болды.
- Бірінші жаңалық нарыққа жаңа ойыншылардың кіруін жеңілдететін және бәсекелестікті күшейтетін базалық банктік лицензия енгізіледі.
- Цифрлық шешімдерді және жасанды интеллектті скорингте, тәуекелдерді бағалауда және портфельді басқаруда пайдалану шығындарды төмендетуге және кредиттердің қолжетімділігін арттыруға қабілетті.
Экономист-сарапшы Бейсенбек Зиябековтың айтуынша:
- нарыққа жаңа ойыншылардың кіруін жеңілдететін және бәсекелестікті күшейтетін базалық банктік лицензия енгізіледі.
- Осыған дейінгі операциялардан айырмашылығы, капиталға, тәуекелдерге және қадағалауға қойылатын талаптарды төмендетуді болжайды,
- бірақ жоғары тәуекелді операцияларды және байланысты тұлғалармен мәмілелерді шектейді.
- Мұндай форматтың орталықтан шалғай амақтарда жұмыс істейтін шағын және орта бизнес үшін маңызды екенін сарапшылар бәрі айтып жатыр.
Сарапшы айтып өткен екінші мәселе базалық банктік лицензия капиталға қойылатын талаптарды 10 млрд теңгеге дейін төмендетілгені.
- Бұл өзгеріс нарыққта жаңа ойыншыларды қалыптастырады.
- Бірақ нарық үшін олардың бәсекелестікті ғана емес, инновацияны да әкелуі маңызды.
- өзгерістердің қолданыстағы тәсілден негізгі айырмашылығы, дағдарысқа қарсы режимдердің айқын жүйесіне көшу, олар банктің қаржылық жағдайының нашарлау дәрежесіне байланысты дәйекті түрде қолданылу тетіктеріне назар аударды.
- Реттеу тетігі дағдарысқа қарсы үш режимнен күшейтілген қадағалау, қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру және төлемге қабілетсіз банкті реттеу тетіктерінен тұрады.
«Мұндайғы әрбір өзгерістер алдын ала белгіленген триггерлер бойынша жүзеге асыру тетіктерімен қамтамасыз етілген. Демек банктердің бизнес бастамаларын көрсету, жаңа және соңғы технологияларды пайдалануға мүмкіндік беру жағы заң арқылы шешілген. Екінші деңгейлі банктер мен Ұлттық банктің арасындағы байланыс жаңа форматқа көтерілу керек. Бас банк қаржы секторы үшін маңызды орган болғанмен, банктер бұрынғы жолмен жүре бермейтінін, бұл жол оларды тағы да тұйыққа тірейтінін Ұлттық банк түсінуі керек», дейді сарапшы Б.Зиябеков.
Тағы бір бағыт — төлем қабілеті мен банк акционерлерінің жауапкершілігін реттеу жүйесі
Келесі сарапшы Арман Бейсембаевтың айтуынша, басшыларға арналған біліктілік талаптарын енгізу, тәуелсіз директорлар институтын дамыту және реттеушінің дәлелді пікір бөлігіндегі өкілеттіктерін кеңейту жүйеге деген сенімділікті арттырады. Тағы бір бағыт банктердің экономиканы қаржыландырудағы рөлін күшейтуге қатысты.
Атап айтқанда,
- синдикатталған кредиттерді дамыту және шағын және орта бизнестің (ШОБ) қаржыландыруға қол жеткізу құралы ретінде факторингті ілгерілету үшін жағдайлар жасау жоспарланып отыр.
- Заң жобасы қызметтерді цифрландыру, инновацияларды дамыту және клиенттер үшін қолайлылықты арттыру үшін негіз болатын тұрақты цифрлық қаржы инфрақұрылымын құруды көздейді.
- Бүгінде банктер жеткілікті инфрақұрылым мен ресурстар болған кезде финтех-компаниялардың капиталына қатысуы шектелген.
«Бүгінде банктер финтех-компаниялардың капиталына қатысуда шектеулі, алайда дәл осындай серіктестіктер инновациялық сервистерді жылдам іске қосуға мүмкіндік береді. Егер біз президент қойған міндеттер туралы айтатын болсақ, онда банктердің финтех-сектормен өзара іс-қимылын тежеу емес, ынталандыру қажет », деп атап өтті А. Бейсембаев
Оның айтуынша, мемлекет бұл тұста барынша салқынқанды ұстанымда болуы тиіс. Қаржы секторының болашағын айқындайтын тұстары «қалғып кетуге» болмайды. Алдағы уақытта банктерді қалай реттеу, сонымен бірге оларға банктік және бизнес бастамаларын көрсетуге, оның ішінде жаңа және соңғы технологияларды пайдалануға мүмкіндік беру арасында теңгерім табу қажет.
«Біздің ойымызша, жаңа заңда банктің қызметіне мемлекеттің араласуына тыйым салуды неғұрлым нақты және егжей-тегжейлі жазу қажет. Атап айтқанда, нарықтық ставкадан төмен ставкалар бойынша кредиттер мен басқа да банк өнімдерін беруге заң жүзінде тыйым салу қажет», дейді сарапшы.
- 2025 жылдың соңына дейін қабылданатын реформа туралы пікірлерден кейін нарықтық бұл өзгерістерге қаншалықты дайын деген сұрақтың жауабына назар аударылады.
- Кейде кейбір сарапшылар жаңа заң ескі проблемаларды шешуден гөрі олардың атын өзгерту әрекетімен шектеліп қалуы мүмкін екенін айтып жатыр. Заңда банктерге мемлекеттің қолдауы жекелеген банктерге ғана көрсетілетіні айтылған
- . Бұл тұста оның қайтарымы туралы айтылғанмен, қанша уақытта қайтарылатыны туралы нақтылық жоқ.
- Мемлекет осыған дейін банктерді қорғап келді. Бұл нарықтағы тұрақтылықты сақтау үшін қажет болды.
Енді жаңа заң өзге қағидатты бекітеді. Бұл заң мемлекеттің жауапкершілігін жеңілдетті. Басқаша айтқанда банктер төтенше жағдайдайларда бірі бәрі үшін, бәрі бірі үшін деген талаппен жұмыс істейді. Сарапшының айтуынша, жаңа заң жобасының негізгі нормаларына қатысты қазақстандық ірі банктердің позициясының қалай өзгеретіні әзірге белгісіз. Бірақ олар Мәжілісте айтылған әрбір ұсынысқа сақтықпен қарайтыны, сақтықпен бағалайтыны белгілі болып қалды. Сарапшы айтып өткендей, заңда айтылмай мәселелер, кейбір ұсыныстардың бастауышы айтылғанымен, баяндауышы аяқталмай қалған тұстары баршылық. «Меніңше, осы тұста мемлекеттен қолдау алған банктерге экономиканы барынша жеңілдетілген несиемен қамтамасыз ету міндеттеу керек. Себебі банктер мемлекет өздерін ешқашан тастап кетпейтінін білсе, жаңа ойыншылар мен бұрыннан келе жатқан сарытісті ойыншылар арасындағы бәсеке тек қағаз жүзінде қалады. Ал мемлекеттің қолдауымен бірге экономика алдындағы жауапкершілігі нақтыланса, банктер мемлекеттің қолдауын аса қажетсіне қоймайды. Осылайша, банктер туралы жаңа заң жобасы сектордың жұмыс істеу ережесін жаңартып қана қоймай, шағын ойыншыларға жол ашып, қызметтер желісін кеңейтіп, клиенттердің сенімін арттыруы тиіс», дейді А. Бейсембаев.
Банк жұмысын реттейтін заң жобасына сарапшылардың бәрі үн қосып жатыр. Сарапшылар ұсынған тетіктер заңда көрініс тапса, қаржы секторы анағұрлым тұрақты және бәсекеге қабілетті бола түсетіні сөзсіз.