
Бұл жолғы заңды ешкімге оңай болған жоқ. Қаншама күзеліп, түзелгені көз алдымызда өтті. Қыркүйекте Сенат 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджетті кейбір түзетулермен мәжіліске пысықтауға қайтарды.
Ең соңғы байлам бойынша
- Кірістер 23,2 трлн теңгеге дейін,
- шығыстар 29,8 трлн теңгеге дейін өседі,
- Экономикалық өсім 5,4% деңгейінде болжанды.
Қазақстан Президенті «2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға қол қойды. Құжат үш жылдық кезеңге арналған кірістердің, шығыстардың және макроэкономикалық көрсеткіштердің негізгі параметрлерін айқындайды.
- Жергілікті бюджеттердің кірістері 2026 жылы 10,7 трлн теңге деңгейінде болжанып, 2028 жылы 13,3 трлн теңгеге дейін өседі.
- Шығыстар 2026 жылы 14,9 трлн теңгені құрайды және 2028 жылға қарай 18,7 трлн теңгеге дейін ұлғаяды.
- Даму бюджетіне үш жылда 9,1 трлн теңге қарастырылған: 2026 жылы 1,8 трлн теңге, 2027 жылы 3,2 трлн теңге және 2028 жылы 4,1 трлн теңге.
- 2026 жылы ЖІӨ-нің нақты өсуі 5,4% деңгейінде, 2026-2028 жылдары орташа жылдық өсуі 5,3% деңгейінде күтілуде.
- Номиналды ЖІӨ 2026 жылы 183,8 трлн теңгеден 2028 жылы 229,8 трлн теңгеге дейін өсуі тиіс.
Үкімет өңдеуші өнеркәсіптегі өндірістің өсуін 6,2% -дан 6,6% -ға дейін жеделдетуді күтеді. Ауыл шаруашылығында орташа жылдық өсу 3,9%, құрылыста — 11%, көлікте — 10,1%, саудада — 6,7% жоспарланып отыр.
Экспорт болжам бойынша 2026 жылы $77,1 млрд-тан 2028 жылы $83,7 млрд-қа дейін, импорт — $67,7 млрд-тан $75,2 млрд-қа дейін өседі.
Инфляция болжамы 2026 жылы 9-11% шегінде 2028 жылға қарай 5-7% -ға дейін біртіндеп төмендеумен айқындалған.
Республикалық бюджеттің кірістері трансферттерді есептемегенде 2026 жылы 19,2 трлн теңге деңгейінде болжанып отыр және 2028 жылы 23,2 трлн теңгеге дейін ұлғаяды. Жеке табыс үлесі 2025 жылғы 63,7% -дан үш жылдық кезеңнің соңына 83,5% -ға дейін өсуі тиіс. Шығыстар 2026 жылы 27,7 трлн теңгені және 2028 жылы 29,8 трлн теңгені құрап, 108,7-109,3% деңгейінде тұрақталады.
Фискалдық тапшылық 2026 жылы ЖІӨ-нің 2,5% -ынан 2028 жылға қарай 0,9% -ға дейін, мұнай емес тапшылық — 4,9% -дан 2,7% -ға дейін қысқартылатын болады. Үкiметтiк борыш сол кезеңдегi ЖIӨ-нiң 21,4% -ынан 19,6% -ға дейiн қысқарады.
Ұлттық экономика министрлігі алдағы екі жылда ЖІӨ мен бюджет кірістерінің өсетінін айтып отыр.
Заңмен жаңа әлеуметтік стандарттар бекітілді:
- ең төменгі жалақы — 85 000 теңге,
- ең төменгі базалық зейнетақы — 35 596 теңге,
- ең төменгі зейнетақы — 69 049 теңге,
- ең төменгі күнкөріс деңгейі — 50 851 теңге,
- айлық есептік көрсеткіш (АЕК) — 4 325 теңге.