---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2025-12-13-narxoz-wniversitetinde-ta-oetken-halyqaralyq-konferenciya-konstitwciyalyq-reformalar-zhaene-quqyqtyq-memleketting-damwy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# NARXOZ университетінде та өткен халықаралық конференция: «Конституциялық реформалар және құқықтық мемлекеттің дамуы»

![Marketing & Reputation Day 2025: Конференция о маркетинге и управлении репутацией в Алматы](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2025/03/marketing-reputation-day-2025-konferencziya-o-marketinge-i-upravlenii-reputacziej-v-almaty_bizmedia-kz_.jpg)

[![Marketing & Reputation Day 2025: Конференция о маркетинге и управлении репутацией в Алматы](https://bizmedia.kz/app/uploads/2025/03/marketing-reputation-day-2025-konferencziya-o-marketinge-i-upravlenii-reputacziej-v-almaty_bizmedia-kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2025/03/marketing-reputation-day-2025-konferencziya-o-marketinge-i-upravlenii-reputacziej-v-almaty_bizmedia-kz_.jpg)

NARXOZ университетінде «Құқықтық мемлекетті нығайтудағы конституциялық реформалар мен заңнамалық жаңғыртудың рөлі» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті,

 Халықаралық ғалымдар бас қосқан конференцияда келелі мәселер талқыға салынып, конституциялық реформалар мен заңнамалық жаңғыртулар жоғары деңгейде талданды.  Конференцияны ұйымдастырушысы – NARXOZ  университетінің Құқық және мемлекеттік басқару мектебі. Аталмыш конференцияны – Құқық және мемлекеттік басқару мектебінің директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Талғат Сәрсенбаев жүргізді.

Конференцияға шетелдік жетекші ғалымдар да қатысты. Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Заңнама және салыстырмалы құқықтану институтының бас ғылыми қызметкері, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор Олег Зайцевбаяндамасында конституциялық реформалардың мемлекеттің қылмыстық саясатына әсері қарастырылып, қылмыстық нормалардың превентивтік сипатына басымдық беру қажеттігі атап өтсе. қырғыз ұлттық университетінің (Ж. Баласағын атындағы) заң факультетінің деканы, заң ғылымдарының докторы, профессор Кынатбек Сманалиев«Құқықтық мемлекетті нығайтудың құралы ретіндегі конституциялық реформалар» тақырыбында баяндама жасап, Қырғызстандағы конституциялық реформалардың нәтижелеріне жан-жақты талдау жүргізді.

Конференция аясында Парламенттік реформаны жүргізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірінші проректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Еркін Дүйсенов өзініңбаяндамасында жүргізіліп жатқан Парламенттік реформа аясында конституциялық нормаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар айтылды.

Ал заң ғылымының докторы, профессор Алуа Ибраеваның баяндамасында құқықтық мемлекет қалыптастырудағы құқықтық білім мен құқықтық мәдениеттің рөлі айрықша аталып өтті. Профессор өзінің баяндамасында құқықтық білім – бұл құқықтық білімдерді меңгеру және оларды тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастыру жүйесі екеніне тоқталды.  

«Қазақстанда үздіксіз құқықтық білім беру жүйесі қалыптасқан: мектептің 9–11 сыныптарында «Құқық негіздері» пәні оқытылады, жоғары білім беру жүйесінде де құқықтық білім негіздері қарастырылған. Әсіресе, кәсіби заңгерлерді даярлауға айрықша көңіл бөлінуі тиіс. Жақында 2025–2030 жылдарға арналған қоғамда «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасы қабылданды. Бұл құжатта құқықтық мәдениетті дамыту мәселелері маңызды орын алады. Парламенттік реформаны іске асыру қоғамның барлық салаларында құқықтық ағартушылық жұмысты тұрақты жүргізуді талап етед» дейді Алуа Ибраева.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне қарасты Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Индира Аубакировабаяндамасында «Цифрлық Қазақстан» стратегиялық бағыты аясында конституциялық құндылықтарды зерделеуге арналды.

Құқық және мемлекеттік басқару мектебінің профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Шолпан Маликова  өз баяндамасында «Конституциялық кепілдіктердің және заңнамалық жаңғыртудың отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл саласындағы рөлі» жөнінде  қозғады.

Табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланудың конституциялық кепілдіктері NARXOZ университетінің Құқық және мемлекеттік басқару мектебінің профессоры, заң ғылымдарының докторы Анор Мукашевабаяндамасында қарастырылып, қолданыстағы заңнамаға ғылыми талдау жасалып, ұсыныстар берілді.

Конференция ғылыми қауымдастық тарапынан үлкен қызығушылық тудырды.

Конференция соңында шараны ұйымдастырушы NARXOZ университеті Құқық және мемлекеттік басқару мектебінің директоры,  заң ғылымының докторы, профессор Талғат Сәрсенбаев  конференцияға  келушілерге алғыс білдірді.

---

Опубликовано: 2025-12-13T09:41:37+05:00

Обновлено: 2025-12-13T09:46:01+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2025-12-13-narxoz-wniversitetinde-ta-oetken-halyqaralyq-konferenciya-konstitwciyalyq-reformalar-zhaene-quqyqtyq-memleketting-damwy/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.