---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2025-12-26-deputat-temir-qyryqbaev-turaqtandyru-qorlarynyng-zhumysyn-synap-tastady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Депутат Темір Қырықбаев тұрақтандыру қорларының жұмысын сынап тастады

![Доллар с тенге на столе](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/tenge-stabilen-bizmedia.kz_.jpg)

Тоқал тақырыбына байланысты басы дауға қалған  депутат Темір Қырықбаев соңғы кезде белсенді болып, әртүрлі ұсынысымен көзге түсіп жүр.

[![Фото: Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/tenge-stabilen-bizmedia.kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/tenge-stabilen-bizmedia.kz_.jpg)Фото: Bizmedia.kz

Бұл жолы ол  тұрақтандыру қорлары бастапқы мақсатын мүлдем ұмытып кеткенін айтты. Оның айтуынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын реттеу міндеті орындай алмай отыр. Ол мұны  бас аудитор Әлихан Смайыловтың бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары туралы есебін тыңдап болған соң айтты.

Депутаттың пікірінше, 2011–2012 жылдары құрылған қорлардың негізгі міндеті нарықта баға құбылған сәтте халыққа арзан әрі сапалы өнімді ұсыну болатын. Депутат әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларының сын садағыЕгена алуына себепкер болған жайттарды да жайып салды.

Соңғы бір жылда картоптың бағасы 40 пайызға, пияздың бағасы 20 пайызға өскен.

Бұған себеп  қордағы өнімдерді дұрыс сақтау мен нарыққа шығарудың нақты жоспары жоқтығы.

Бәсекені қорғау агенттігінің мәліметінше, екі жыл ішінде бюджет есебінен алынған тауардың небәрі 19 пайызы ғана сатылған.

Депутат Қызылорда өңіріндегі жағдайды мысал етті: аймақтағы тұрақтандыру қорында 1,8 млрд теңгенің тауары жатқанымен, әлеуметтік дүкендерде негізгі азық-түлік түрлері тапшы.

> «ӘКК-лардың өздері тұрақтандыру қорларымен қалай жұмыс істеу керегін анық түсінбейді. Өнімді нарыққа қашан және қалай шығару керегін білмей, қоймада сақтай береді», - деді Қырықбаев.

## Неге бұлай болды

Сарапшылардың кейбірі тұрақтандыру қорларының жұмысының тиімсіздігінің себебі тым кұрделі екенін айтады.

Олардың жергілікті кесіпкерлермен келісім-шарт жүргізетін штаттық кестесі шектеулі, қойма тапшы.

Жиын-терім науқаны кезінде тізгін қорларда емес, делдалдардың қолында болады. 

Дихандар бірінші кезекте ақшасын қолма қол санап беретін  делдалдармен жұмыс істегенді жөн санайды. Ауыл шаруашылығы маманы Жорабек Қасымовтың айтуынша, үкімет әрбір аудан орталығында қоймалар салса, қорлардың да жұмысы жеңілдейді. Сол себепті азық-түлік тапшылығы  туралы сөз болғанда Үкімет те, депутат да өзіне айтылар сынның салмағын көкірек көзімен өткізіп алғаны дұрыс.

---

Опубликовано: 2025-12-26T11:37:34+05:00

Обновлено: 2025-12-26T11:37:38+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2025-12-26-deputat-temir-qyryqbaev-turaqtandyru-qorlarynyng-zhumysyn-synap-tastady/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.