---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2025-12-31-et-baghasy-taghy-da-uej-qamaqqa-zhiberildi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ет бағасы тағы да «үй қамаққа» жіберілді

![Мясо, говядина](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2025/09/czeny-na-myaso-v-kazahstane-govyadina-19-baranina-18_bizmedia-kz_.jpg)

Үкімет шетелге шығарылатын сиыр етін тағы жарты жылға дейін қатаң бақылауда ұстайтын болды. Ауылмин ет экспортына қатысты шектеуді 2026 жылдың маусым дейін ұзартты.   

[![Фото: unsplash.com](https://bizmedia.kz/app/uploads/2025/09/czeny-na-myaso-v-kazahstane-govyadina-19-baranina-18_bizmedia-kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2025/09/czeny-na-myaso-v-kazahstane-govyadina-19-baranina-18_bizmedia-kz_.jpg)Фото: unsplash.com

Мұның алдында министрлік экспорт көлемін бар-жоғы 13 мың тоннамен шектеген еді. Сол кезде Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев бұл шешімге қарсылық танытып, экспортқа қойылған шектеуді тез арада алып тастауды талап еткен болатын. Алайда депутаттың пікірі ескерілмеді.

Министрлік бекіткен [ережеге](https://www.gov.kz/memleket/entities/moa?lang=kk) сәйкес, алдағы алты ай ішінде сыртқа жіберілетін сиыр етінің жалпы көлемі 20 мың тоннамен шектелмек. Шектеу жаңа сойылған, салқындатылған және мұздатылған еттің барлық түріне қатысты.

Ереже Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен қатар, өзге де шет мемлекеттерге экспорттауға бірдей қолданылады.

Әр экспорттаушының үлесі бордақылау алаңдарының мүмкіндігіне сәйкес жеке анықталады. Электронды портал арқылы автоматты түрде рәсімделетін квота он күнге жарамды. Лицензия шекарадағы ветеринарлық бақылаудан өткеннен кейін ғана іске асады.

---

Опубликовано: 2025-12-31T13:17:46+05:00

Обновлено: 2025-12-31T13:17:50+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2025-12-31-et-baghasy-taghy-da-uej-qamaqqa-zhiberildi/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.