---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-01-05-memleket-basshysy-arzan-zhanar-zhagharmajdyng-qyzyghyn-kim-koergenin-ashyp-ajtty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Мемлекет басшысы арзан жанар-жағармайдың қызы­ғын кім көргенін ашып айтты

![Перекрытие дороги из-за отсутствия ГСМ: как власти Алматинской области решают проблему](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/04/perekrytie-dorogi-iz-za-otsutstviya-gsm-kak-vlasti-almatinskoj-oblasti-reshayut-problemu-bizmedia.kz_.jpeg)

[![Фото: Reuters](https://bizmedia.kz/app/uploads/2023/04/perekrytie-dorogi-iz-za-otsutstviya-gsm-kak-vlasti-almatinskoj-oblasti-reshayut-problemu-bizmedia.kz_-1024x677.jpeg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/04/perekrytie-dorogi-iz-za-otsutstviya-gsm-kak-vlasti-almatinskoj-oblasti-reshayut-problemu-bizmedia.kz_.jpeg)Фото: Reuters

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 5 қаңтарда «Түркістан» газетіне берген сұхбатындаамыры тереңге кеткен экономи­ка­лық мәселелерге ондаған жылдар бойы назар аударылмағанын ашып айтты. 

**Цитата:**

Президенттің айтуынша, қордаланған түйткілдер күрмеуі қиын күрделі мәселеге ұласты. Бұл сала жыр­тық-тесігін жанталаса жамап-жас­қап, бюджет қаржысын үздіксіз құюға тура келетін «коммуналдық аждаһаға» айналды. Бұған жұрттың еті үйреніп, аза­маттар шарасыз күйге түсті».    
«Соған қарамастан, біздің үкімет­тері­міз «авгийдің атқорасын» тазалауға асық­қан жоқ. Себебі, мұндай күрделі жұ­мыс ешкімге жақсы атақ әкелмес еді. Ең дамыған отыз мемлекеттің қатарына қосылу сияқты «керемет» бағдарламалар әзір­леп, оның «табысты» орындалғаны ту­ралы баяндау әлдеқайда жеңіл бола­тын. Шындықты жасырып, бір сәттік ал­дамшы жетістіктерге ұмтылу ақы­рын­да мемлекетіміз үшін тым қымбатқа түс­ті». 

**«Шынымды айтайын, жеке абы­ройым­ды ойласам, мен де бұл жұмысты ке­лесі басшылыққа ысыра салар едім.**

Оның айтуынша, , халықтың көзі үйренген тап­таурын түсініктерге қайшы келсе де, мен үшін қағаз жүзінде емес, іс жүзінде нақ­ты нәтижеге қол жеткізу бәрінен де маңыз­ды».   
Мемлекет басшысының айтуынша, электр қуатының арзандығы табысы шамалы көп ба­лалы отбасыларға емес, ірі кәсіпорын­дар­ға өте тиімді болды.   
**Цитата:**

 Арзан жанар-жағармайдың қызы­ғын кім көрді? Әдетте қоғамдық көлік­пен жүретін студенттер мен зейнет­кер­лер емес, билікке жақын жүретін, қазір жұрт олигархтар немесе олигополия деп атайтын кәсіпкерлер көрді.   
Коммуналдық қызметтердің тари­фін төмен ұстап тұру кімге ыңғайлы бол­ды? Әр түбіртектегі соманы уақтылы тө­леп отырған адал азаматтарға емес, «ком­муналдық былық-шылықты» пай­да­ланып, қалтасын қалыңдатқан дел­дал-кәсіпкерлерге қолайлы болды.     
**Посткеңестік кеңістіктегі ең төмен бағалар мен тарифтер Қазақстанға тие­сілі.**

Оның айтуынша,  біз амалсыздан арзан жанар-жағармайды көрші мем­лекеттерге астыртын тасымалдайтын, сол арқылы олардың экономикасына демеу көрсететін елге айналдық. Сол себепті, тарифтің төмен болуы қара­пайым тірлік кешіп жатқан адам­дарға пайдалы деген жалған сенімнен ары­­латын уақыт жетті.

**Цитата:**

Іс жүзінде бұл – ауқатты азаматтарға жасырын түрде берілетін субсидия.   
Әлеуметтік әділдікті қалпына кел­тіру үшін, ең алдымен, мәселені шешу жол­дарын өзгерту қажет. Мемлекет кө­мекке шын мұқтаж адамдарға ғана ті­ке­лей, атаулы өтемақы төлеу арқылы қол­дау көрсетуге міндетті. Сондықтан, та­рифтерді көтеру – ақылға қонымды, яғ­ни тиімді және әділ экономика құру үшін аса қажет қадам. Кім қанша тұтын­са, сонша төлейді, қолдауға шынымен зәру адамдарға ғана көмек беріледі. Тариф­тер әділетті болуы керек, яғни «неғұрлым көп тұтынған, соғұрлым көп төлейді» деген қағидат берік орнығуға тиіс. Мен осындай нақты міндет қойып отыр­мын. Алғашқы оң нәтижелер бар. Тө­лем жүйесіне сараланған тәсіл енгі­зіл­ді. Суды және электр қуатын барынша үнем­деп пайдаланатын тұрғындар «тұ­тынудың әлеуметтік нормасына» сәйкес төлемді ең төмен тарифпен төлейтін болды. 

Оның айтуынша, бұл қадам бұрынғы жүйеден бас тар­тып, әлеуметтік игіліктерді әділ бөлетін жүйе құруға мүмкіндік береді. Елдің ре­сурстарын таңдаулы адамдар емес, бар­ша жұрт бірдей пайдалануға тиіс. Сон­да ғана заманға сай инфрақұрылым мен тиімді энергетика жүйесін қалып­тас­тыра аламыз. Осылайша, эконо­ми­ка­ның сапалық тұрғыдан өсуіне зор сер­пін береміз.        

---

Опубликовано: 2026-01-05T09:48:48+05:00

Обновлено: 2026-01-05T09:48:53+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-01-05-memleket-basshysy-arzan-zhanar-zhagharmajdyng-qyzyghyn-kim-koergenin-ashyp-ajtty/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.