---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-01-05-oesim-awrwy-men-orta-tabys-tuzaghy-prezident-suhbaty-biylghy-ekonomikalyq-ideologiyany-ashyq-swrettep-berdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Өсім ауруы мен орта табыс тұзағы. Президент сұхбаты биылғы экономикалық идеологияны ашық суреттеп берді

![Үкімет Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2025-2027 жылдарға арналған жоспарын бекітті](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2025/03/image-2.jpg)

[![Фото: Pressfoto / Freepik](https://bizmedia.kz/app/uploads/2025/03/image-2-1024x682.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2025/03/image-2.jpg)Фото: Pressfoto / Freepik

## Нақтыласақ, Президент  Тоқаев Turkistan газетіне берген сұқбатында халықаралық сарапшылар Қазақ­стан­ның «орташа табыстар қақпанына» тү­сіп қалғанын дұрыс байқап отырғанын ашып айтты. 

## « Ашы­ғын айтайын, бұл – экономика тура­лы оқулықтан алынған жалпылама ұғым емес, күн сайын көптеген азама­ты­мыздың басынан өтіп жатқан өмір шындығы. Жұрт табыс тауып жатыр, тіпті, жақсы табыс табатындар да бар. Бірақ, оның бәрін инфляция жеп қояды не­месе ипотека төлеу, балаларды оқыту, ата-анаға көмектесу сияқты күнделікті тір­лікке жұмсалып, жоқ болып кетеді. Ауы­рып қалу немесе жұмыстан айырылу се­кілді кез келген көлденең кедергі тұр­мыстағы тұрақтылықты бұзып жіберуі мүм­кін» дейді мемлекет басшысы.  

## Бір сөзбен айтқанда, биылдан бастап іске қосылған экономикалық реформалар қазынаға түскен қаржының халыққа әділ бөлінуін, әрбір бөлінген теңгенің болашаққа жұмыс істеуін, тиімділігін қамтамасыз етуі тиіс. Президент басшы ретінде жауапкершілікті өз мойнына алды. Егер реформалар өз мақсатына жетпесе, ол үшін тікелей жауап беретіні анық. Сол үшін ел билігі бұл реформаны баяғы Назарбаев лозунгтары сияқты орта жолдан тастап кетуге мүлде мүдделі емес. Бұл анық байқалады.

##

---

Опубликовано: 2026-01-05T09:43:46+05:00

Обновлено: 2026-01-05T09:43:49+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-01-05-oesim-awrwy-men-orta-tabys-tuzaghy-prezident-suhbaty-biylghy-ekonomikalyq-ideologiyany-ashyq-swrettep-berdi/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.