---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-01-05-toqaev-aktivteri-kuemaen-twdyryp-kuedikke-ilingen-adamdardyng-koebi-qarzhysyn-elge-investiciya-retinde-salwgha-niet-bildirgenin-ajtty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев  активтері күмән тудырып, күдікке ілін­ген адамдардың көбі қаржысын елге инвестиция ретінде салуға ниет білдіргенін айтты

![Миллиардеры и их наследники: различия во взглядах на риски и инвестиции](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/11/milliardery-i-ih-nasledniki-razlichiya-vo-vzglyadah-na-riski-i-investiczii-bizmedia.kz_.jpg)

[![Фото: Unsplash](https://bizmedia.kz/app/uploads/2023/11/milliardery-i-ih-nasledniki-razlichiya-vo-vzglyadah-na-riski-i-investiczii-bizmedia.kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/11/milliardery-i-ih-nasledniki-razlichiya-vo-vzglyadah-na-riski-i-investiczii-bizmedia.kz_.jpg)Фото: Unsplash

Қасым-Жомарт Тоқаев Turkistan газетіне берген [сұхбатынд](https://turkystan.kz/article/273954-qasym-zomart-toqaev-qazaqstan-zangyrudyn-zana-kezenine-qadam-basty)а  заңсыз шығарылған активтерді қайтару комитеті атауы инвесторлардың құқығын қор­ғау жөніндегі комитет болып [өзгергенін,](https://kz.kursiv.media/kk/2025-09-08/grtb-aktiv-komitet/?utm_campaign=endless_feed) бұл шешім заңсыз ак­тивтерді елге қайтару тақырыбы осы­мен жабылды дегенді білдірмейтінін айтты.

  Олигопо­лия өкілдерінен тәркіленген 1,3 триллион теңгеден ас­там қаржының  1 трил­лион теңгеден астамы мемлекет қа­зынасына түсті.  

«Жұмыс жалғаса береді. Активтерді сарап­тап, оның заңдылығын анықтау құ­зыр­лы органдардың күнделікті қыз­ме­тінің бір бағытына айналды. Енді бұл шаруаны бір орта­лық­тан үйлестіріп жүргізудің қажеті жоқ. Жұмыс бір қалыпқа түсті. Инвесторлардың құқығын қорғауға баса мән беретін кез келді», – деген президент.

Сөзінше, активтері күмән тудырып, күдікке ілін­ген адамдардың көбі қаржысын елге инвестиция ретінде салуға ниет білдірген. Олармен жалпы сомасы 5 триллион теңгеден асатын келісімдер жасалды.

«Бұл қаражаттың есебінен инвес­тиция­лық және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Оның ішін­де туристік, көлік-логистикалық ор­та­лықтар, тау-кен, металлургия, энер­гетика секторларына қатысты жобалар бар. Әлбетте, білім беру, денсаулық сақ­тау, мәдениет, спорт салаларына, сон­дай-ақ, мұқтаж жандарды оңалту және әлеу­меттік ортаға бейімдеу бағдар­лама­ларын қаржыландыруға айрықша назар аударылады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

---

Опубликовано: 2026-01-05T08:58:18+05:00

Обновлено: 2026-01-05T08:58:20+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-01-05-toqaev-aktivteri-kuemaen-twdyryp-kuedikke-ilingen-adamdardyng-koebi-qarzhysyn-elge-investiciya-retinde-salwgha-niet-bildirgenin-ajtty/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.