---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-01-08-uekimet-koep-soez-bos-soez-modeline-koeshetin-boldy-2/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Үкімет көп сөз, бос сөз моделіне көшетін болды

![Чиновники в большом кабинете](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/12/ostanetsya-li-pravitelstvo-kazahstana-bez-raboty-kak-olzhasu-bektenovu-pokazali-upravlencheskij-raj_bizmedia-kz_.jpg)

[![Иллюстрация: DALL·E / OpenAI](https://bizmedia.kz/app/uploads/2024/12/ostanetsya-li-pravitelstvo-kazahstana-bez-raboty-kak-olzhasu-bektenovu-pokazali-upravlencheskij-raj_bizmedia-kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/12/ostanetsya-li-pravitelstvo-kazahstana-bez-raboty-kak-olzhasu-bektenovu-pokazali-upravlencheskij-raj_bizmedia-kz_.jpg)Иллюстрация: DALL·E / OpenAI

Үкімет Президент сұхбатынан кейін іс-қимыл жоспарын нақтылап,  даму приоритеттері бойынша жұмыс жоспарын нақтылады.

Премьер-Министр Олжас Бектеновтың айтуынша, Президент біздің алдымызға қазіргі экономикалық даму нәтижелерін сақтап қана қоймай, сонымен қатар ұзақ мерзімді нәтижеге баса мән бере отырып, даму қарқынын арттыру міндетін қойды. «Бұл барлық саланы, оның ішінде энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік инфрақұрылымы, инвестицияларды тарту, агроөнеркәсіп кешені мен туризмді дамытуға қатысты маңызды бағыттарды қамтиды»,  деп атап өтті, Олжас Бектенов.

Тоқ етерін жасырмай айтсақ, енді Үкімет "көп сөз - боқ сөз" моделіне көшетін болады.

«Президенттің бағдарламалық сұхбаты таяу болашақта біздің алдымызда тұрған мақсат-міндеттерді айқындап берді. Барлық орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар оларды табысты жүзеге асыру үшін бар күш-жігерін салып жұмыс істеуі керек. Сөзден іске кірісіңіздер. Кез келген мәселеге прагматикалық тұрғыдан қарап, бюджет қаражатын барынша үнемдеп, нақты нәтиже берулеріңіз қажет. Ал есеп беру, презентация жасау дегеннің бәрін доғарыңыздар. Нәтиже болмаса, оның бәрі бос әңгіме. Жұмыс істей алмасаңыздар ашық айтыңыздар. Біз бұл мәселені шешеміз»", - деді Үкімет басшысы.

Сарапшы Айбар Олжаевтың айтуынша, бұ модельдің шын жүзеге асқанын, әлде аспағанын жыл соңында көретін боламыз.

1998-2018 жылдар аралығында алты ай сайын пайда болып науқандатылатын өтірік бағдарламалар ел экономикасын әбден тығырыққа тірегені рас.

Енді жағдай өзгеріп жатса, ол бірден көрсеткіштерге өз әсерін бермек.

«Инфляция 12,3%. Ол бізге ауыр. Бастысы Президент те, Үкімет те осыны мойындап, күресеміз деп отыр. Осының өзі өте дұрыс нәрсе. Кезінде бізде 2014 жылғы кризисті мойындамай, коррекция экономика деп айтыңдар деп төпелеген президент те болған. Оның қасында, қазір өте адекватты жағдай. Бізге инфляцияның минимум 9% деңгейіне түскені керек. Осыған ақша-несие саясаты + ішкі ұсынысты арттыру + экспорт позициясын шектеу арқылы қол жеткізіп көретіні анық. Басқа амал қанша. Мұның басқа жолы да жоқ» дейді Айбар Олжаев.

Келесі сарапшы Олжас Мамадәлі де «үкімет  пленарлы мәжілісті өткізу форматын» өзгерту керек деген пікірге қосылатынын айтады.

Әкімдер мен министрлердің Парламентке есеп беру құрғақ баяндамаларға емес, пікір алмасу форматына көшкен кезде ғана оның интелектуалдық деңгейі ашылады.

Қоғамға көмекшілері дайындап берген статистиканы оқып беретін әкім немесе министр   емес, өзі басқарып отырған аймақтың проблемасын халыққа  түсінікті тілмен жеткізіп беретін халықшыл, мемлекетшіл тұлға керек.  

---

Опубликовано: 2026-01-08T06:32:02+05:00

Обновлено: 2026-01-08T06:32:04+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-01-08-uekimet-koep-soez-bos-soez-modeline-koeshetin-boldy-2/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.