---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-01-14-zhasandy-intelektke-zhiendik-zhasawgha-bolmajdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Жасанды интелектке жиендік жасауға болмайды

![Власти США официально признали искусственный интеллект угрозой для финансовой системы](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/12/vlasti-ssha-oficzialno-priznali-iskusstvennyj-intellekt-ugrozoj-dlya-finansovoj-sistemy-bizmedia.kz_.jpeg)

[![Фото: Depositphotos](https://bizmedia.kz/app/uploads/2023/12/vlasti-ssha-oficzialno-priznali-iskusstvennyj-intellekt-ugrozoj-dlya-finansovoj-sistemy-bizmedia.kz_-1024x571.jpeg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/12/vlasti-ssha-oficzialno-priznali-iskusstvennyj-intellekt-ugrozoj-dlya-finansovoj-sistemy-bizmedia.kz_.jpeg)Фото: Depositphotos

Енді ЖИ мен адам, қоғам арасы заңмен реттелмек. Арадағы қызыл шекарадан аттап кеткен тараптарға заңның қабағы қатал.

16 қаңтардан бастап Қазақстанда жасанды интеллект туралы заң күшіне енеді. Оның бір ережесі ЖИ контентті таңбалауға қатысты  болмақ. Заңның айналымға шыққан баптары таңбалау болмаса айыппұл салуға мүмкіндік береді. Таңбалауды  бағдарламалар мен сандық жүйелер автоматты түрде тануы тиіс.

**Атап айтқанда:**

-  жеке тұлғалар үшін айыппұл 15 АЕК (2026 жылы 64 875 теңге),
- шағын бизнес пен коммерциялық емес ұйымдар үшін - 20 АЕК (86 500 теңге),
- орта бизнес үшін - 30 АЕК (129 750 теңге), ал ірі бизнес үшін - 100 АЕК (432 500 теңге) құрайды.

**Жыл ішінде қайталап бұзылған жағдайда санкциялар қатайтылады**

- Жеке тұлғаларға 30 АЕК (129 750 теңге),
- шағын және ҮЕҰ - 50 АЕК (216 250 теңге),
-  орта бизнеске - 70 АЕК (302 750 теңге), ірі бизнеске - 200 АЕК (865 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін.

Ірі компаниялар үшін қайта бұзушылық болған жағдайда ЖИ жүйесінің қызметі уақытша тоқтатылуы не толығымен тыйым салынуы мүмкін.

**Заң авторлық құқық мәселелерін де қозғайды**

ЖИ  пайдалана отырып жасалған туындылар, егер оларды жасауда адамның шығармашылық үлесі болған жағдайда ғана авторлық құқықпен қорғалатын болады. Бұл ретте мәтiндiк сұрау салулардың (өнеркәсiп өнiмдерiнiң) өздерi, егер олар зияткерлiк қызметтiң нәтижесi болып табылса, авторлық құқық объектiлерi болып танылады.

**ЖИ****оқыту үшін контентті пайдалану жеке келісіледі.**

Мұндай әрекеттер білім беру немесе ғылыми мақсаттарда «еркін пайдалану» болып саналмайды. Туындыларды жасанды интеллект үлгiлерiн оқыту үшiн тек автор немесе құқық иеленушi тарапынан машина оқитын нысанда көрсетiлген тiкелей тыйым салынбаған кезде ғана пайдалануға болады.

---

Опубликовано: 2026-01-14T06:50:11+05:00

Обновлено: 2026-01-14T06:50:13+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-01-14-zhasandy-intelektke-zhiendik-zhasawgha-bolmajdy/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.