
Қазақстанда 2026 жылдан бастап мобильдік аударымдар бойынша критерий жаңаша қолданылады. Егер салық органдары адам ақшаны бизнес ретінде қабылдайды, бірақ кәсіпкер ретінде ресімделмеген деп күдіктенсе, оған хабарлама жібере алады. Ал егер оған жауап бермесе, шотқа тыйым салынуы мүмкін,
Еске салайық, егер салық төлеушілер келесі үш өлшемге сәйкес келсе, жеке тұлғаны тексере алады:
• 100 және одан да көп түрлі адамдардан аударымдар алынды;
• Егер қатарынан үш ай бойы қайталанса
• түсімдердің жалпы сомасы ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен асады (1 020 000 теңге).
Сәуір айынан бастап банктер жеке шоттарға келіп түсетін мобильді аударымдар туралы мәліметтерді салық органдарына жібере бастайтыны осыған дейін хабарланды.
Мемкірістер комитетінің өкілдері Tengrinews тілшісімен кездескен кезде банктер салық органдарына алғашқы деректерді биылғы жылдың бірінші тоқсаны бойынша 15 сәуірге дейін тапсыратынын айтыпты.
«Жеке шотқа үш ай қатарынан кемі 100 адамнан немесе одан көп адамнан аударым түссе, әрі осы үш айдағы жалпы сома 1 миллион теңгеден асса, банктер бұл туралы бірден салық органдарына хабарлайды», – дейді Мемлекеттік кірістер комитетінің басқарма басшысы Ерқанат Шыңберген.
Оның айтуынша, шот иесі қаржының жеке мақсатына жұмсалғанын дәлелдей алса, оған ешқандай шара қолданылмайды. Барлық ақпарат тексеріліп болған соң камералдық бақылау нәтижесі бойынша хабарлама жіберіледі.
Мемлекеттік кірістер комитеті Ерқанат Шынбергеннің сөзінше мобильді аударымдар шын мәнінде кәсіпкерлік қызметтен түсіп жатқаны расталса, азамат қосымша есеп тапсыруы тиіс.