
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптан Газа бойынша Бейбітшілік кеңесінің құрамына кіруге ресми шақыру алды, ал Қазақстанға осы кеңестің құрылтайшы мемлекеттерінің бірі болу ұсынылды. Бұл жайлы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай айтты.
Ол сондай-ақ Тоқаев «Қазақстанның Таяу Шығыста берік бейбітшілікке қол жеткізуге, мемлекетаралық сенім мен жаһандық тұрақтылықты нығайтуға барынша үлес қосуға ұмтылысын растағанын» айтты.
АҚШ-тың Газ жөніндегі жоспарында секторды уақытша халықаралық басқару және оның қалпына келуін қадағалайтын «Бейбітшілік кеңесін» құру ұсынылады. Трамптың өзі осы Кеңестің өмір бойы төрағасы болады, деп жазды бұған дейін Reuters агенттігі.
Соңғы айларда Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынас айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың АҚШ-қа сапары және Дональд Трамптың «Ақ үйдің алтын кілтін» символикалық жолмен табыстауы елеулі оқиға болды.
Саясатанушы Дастан Елдесовтың айутынша АҚШ президенті Дональд Трамптың биыл Майамиде өтетін G20 саммитіне Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевті шақыруы да бұған дәлел.
2026 жылғы 9 қаңтарда АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули Стаффт президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім грамоталарын тапсыру рәсімінен кейін алдағы уақытта өтетін Трамп пен Тоқаевтың кездесуін жариялады: алдағы уақытта Тоқаев тағы да Құрама Штаттарға барады.
Әзірге «Бейбітшілік кеңесіне» АҚШ әкімшілігінің өкілдері мен британдық бұрынғы премьер Тони Блэр кіреді. Трамп оған әлемдік көшбасшыларды шақырды. Хаттар Канада көшбасшылары Марк Карниге, Аргентина көшбасшысы Хавьер Милейге, Түркия көшбасшысы Режеп Ердоғанға, Мысыр көшбасшысы Әбдел Фаттах ас-Сисиге және Парагвай көшбасшысы Сантьяге Пенге жолданды.
Reuters агенттігінің мәліметінше, «Бейбітшілік кеңесіне» қатысуға Франция, Германия, Австралия көшбасшылары мен Еуроодақ басшылығы шақырылған.