---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-01-20-aeskeri-boryshyn-oetep-zhuergen-azamattargha-nesie-bermejtini-belgili-boldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Әскери борышын өтеп жүрген азаматтарға несие бермейтіні белгілі болды  

![Во время службы солдаты-срочники смогут приостановить выплаты по кредитам](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/05/vo-vremya-sluzhby-soldaty-srochniki-smogut-priostanovit-vyplaty-po-kreditam-bizmedia.kz_.jpeg)

[![Фото: Минобороны РК](https://bizmedia.kz/app/uploads/2023/05/vo-vremya-sluzhby-soldaty-srochniki-smogut-priostanovit-vyplaty-po-kreditam-bizmedia.kz_-1024x576.jpeg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/05/vo-vremya-sluzhby-soldaty-srochniki-smogut-priostanovit-vyplaty-po-kreditam-bizmedia.kz_.jpeg)Фото: Минобороны РК

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі несие беруші ұйымдарға азаматтардың әскердегі мәртебесін тексеруді [міндеттейтін](https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm?lang=kk) қаулы жобасын әзірлеп, . 3 ақпанға дейін қоғамдық талқыға ұсынды. Егер, осы құжатты қоғам құп көрсе, банктер мен шағын қаржы ұйымдары мерзімді әскери борышын өтеп жүрген азаматтарға несие бермейді.

Мұның алдында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы М. Әбілқасымова Президент Тоқаевтың қабылдауында болған кезде   тұтынушылық несие беру көлемі екі есе қысқартылып, тәуекелі жоғары қарыздарды рәсімдеуге шектеу қойылғанын айтқан болатын.

Құжаттың жаңалығы

«Жаңа тәртіп бойынша Қорғаныс министрлігі мен несие бюролары ақпарат алмасады. Егер азамат әскер қатарына шақырылған болса, әлгі дерек оның кредиттік тарихында көрініп тұрады. Сол ақпарат негізінде қаржы ұйымдары мен банктер сарбаздарға несие беруге тыйым салады», – делінген құжатта.

Қаулыда сонымен бірге әскерге кеткен адамның бұрын алған несиесі де назардан тыс қалмаған.

Әскери борышын өтеп жүрген азаматтардың қолданыстағы займдары бойынша төлем мерзімі кейінге шегерілуі мүмкін. Несие тарихында әскери борышты өтеу мерзімі және әскерден қайтқан сәт те нақты белгіленіп тұрады.

Жаңа ереже бір жағынан жастардың қарызға батып кету қаупін азайтуға мүмкіндік берсе, екінші жағынан банк жүйесіне қосымша жауапкершілік артып отыр. Осылайша, несие беретін ұйымдар бұрынғыдай кез келгенге ақша үлестіруге емес, борышын өтейтін азаматтардың әлеуметтік жағдайына көбірек көңіл бөлуге мәжбүр болмақ.

---

Опубликовано: 2026-01-20T07:54:28+05:00

Обновлено: 2026-01-20T07:54:31+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстанның қаржылық жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstannyng-qarzhylyq-zhangalyqtary/), [Маңызды](https://kk.bizmedia.kz/mangyzdy/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-01-20-aeskeri-boryshyn-oetep-zhuergen-azamattargha-nesie-bermejtini-belgili-boldy/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.