
Қазір әлеуметтік желіні қолданбайтын бала аз. Олардың балалық шағы виртулальды әдемнің құшағына жұтылып жатыр. Америкалық педагог Марк Пренски осыдан 20 жыл бұрын ең алғашқы смартфондар шыққан кезде балалар смартфон-гаджеттерге тез үйреніп, сол әлемнің аборигендеріне айналып кететінін ескертіпті.
.Ұлттық құрылтайда депутат Сергей Пономарев әлеуметтік желілер саяси қаруға және ұлттық қауіпсіздікке төнген қатерге айналғанын мәлімдеп, оларға балалардың қолжетімділігін шектеуді ұсынды .
Оның айтуынша, интернеттің және әлеуметтік желілер зумерлер мен жасөспірімдер буынында «клиптік ойлау» қалыптасатынын және тірі қарым-қатынас кеңістігі қысқаратады.
«Біз зумерлер, альфалар, жасөспірімдер буынында тірі қарым-қатынас кеңістігі қысқарып, клиптік ойлау қалыптасып, ақпаратты мүлдем тексермей, ойланбай, тез арада әрекет ету әдеті пайда болуымен бетпе-бет келеміз. Бұл үстірт көзқарасты, сыншылдықты, бәрін қатарынан теріске шығаруды және шынайы өмірден алшақтықты сезінуді тудырады» деп атап өтті депутат.
Пономарев қазіргі жағдайды ұрпақтардың классикалық қақтығысымен салыстырды
Тургеневтің «Әкелер мен балалар» романындағы сияқты — ұрпақтар қақтығысы мен нигилизм. «Біздің бәріміз мектепте оқыдық, қазіргі жағдайдың белгісі XIX ғасырда байқалды. Қазір болжауға келмейтін формаға ие болып кетті», деді депутат.
Ол сондай-ақ әлеуметтік желілер жай ғана қарым-қатынас құралына емес, саяси құралға айналғанын атап өтті. Оның айтуынша, бірқатар елдерде наразылық науқандары, көшедегі жұмылдыру және күрт саяси өзгерістер көбінесе онлайн-платформалар арқылы іске қосылып, үйлестірілгенін атап өтті.
Пономаревтің пікірінше, тақырып бейінді ведомствоның қатысуымен жүйелі түрде пысықтауды талап етеді. «Бұл мәселе егжей-тегжейлі және жан-жақты талдауды талап етеді деп санаймын. Әңгіме тек технологиялар туралы ғана емес, сонымен қатар идеология туралы, жастардың болашағы туралы және түптеп келгенде біздің ұлттық қауіпсіздігіміз туралы болып отыр» деді ол.
Депутат осы ретте халықаралық тәжірибе 14 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер үшін, ал кейбір елдерде тіпті 16 жасқа дейінгі балалар үшін әлеуметтік желілерге қолжетімділікті шектеу мәселелерін құп көретінін де айтып өтті. «Әңгіме тыйым салу үшін тыйым салу туралы емес, ойлауды қорғау, талдау қабілеті, тірі диалог және сандық дәуірде жетілген тұлғаны қалыптастыру туралы болып отыр», — деді ол.
Қазақ қоғамы өзгерістерге, әділдік пен тәртіпке толғатып тұр
Депутаттың пікірінше, халық Президентке және жүргізіліп жатқан реформалар бағытына сенеді.
Өткен жылдың желтоқсан айында «Ашық НҚА» порталында масс-медиа және онлайн-платформалар саласындағы заңнамаға түзетулер пакеті жарияланды.
«Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» ҚР заңына түзетулер жобасында «Балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау ерекшеліктері» 10-1 бабы пайда болады. Ұсынылған нормаға сәйкес «Жедел хабар алмасу сервистерінде тіркелуді қоспағанда, 16 жасқа дейінгі онлайн-платформаларда пайдаланушыларды тіркеуге тыйым салынады».
Сонымен қатар, 2 желтоқсанда мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов Қазақстанда 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануына тыйым салу мүмкіндігін қарастырмайтынын айтты. Бұл туралы ол журналистердің жақында болған аустралиялық тәжірибе туралы сұрақтарына түсінік бере отырып хабарлады.