---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-01-21-munajdan-zhoghaltqan-tabysymyzdy-altyn-zhabady-ma/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Мұнайдан жоғалтқан табысымызды алтын жабады ма?

![Башня, качает нефть на фоне красного заката](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/03/czeny-na-neft-padayut-iz-za-opasenij-po-povodu-sprosa-na-blizhnem-vostoke-i-v-kitae-bizmedia-kz.jpg)

Алтын рекордтан кейін рекордқа қол жеткізуде. ҚР Ұлттық банкінің мәліметінше, 2026 жылғы 20 қаңтардағы 1 грамм бағалы металдың ресми бағамы 76 435,14 теңгені құрады. Бұл тура бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 65,78% артық.

[![Фото: Unsplash](https://bizmedia.kz/app/uploads/2024/03/czeny-na-neft-padayut-iz-za-opasenij-po-povodu-sprosa-na-blizhnem-vostoke-i-v-kitae-bizmedia-kz-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/03/czeny-na-neft-padayut-iz-za-opasenij-po-povodu-sprosa-na-blizhnem-vostoke-i-v-kitae-bizmedia-kz.jpg)Фото: Unsplash

**2026 жылдың 20 күнінде е 9 пайызға қымбаттаған алтын қазақ еліне 4,2 миллиард доллар алып келді. Экономикалық талдаушы Айбар Олжаевтың айтуынша: **

• 2025 жылдың аяғында біз 47,2 миллиард доллардың алтынын ұстап отырған едік. 

• Енді оның нарықтық құны 51,4 миллиард долларға көтеріліп отыр.

• Осыған СКВ активтеріне жататын 18,5 миллиард долларды қоссақ, дәл бүгін алтын-валюта қорымыз 70 миллиард долларға жетейін деп тұр. Оған Ұлттық қордың 77,7 миллиард долларын қосайық. 

• Сонда халықаралық резервтеріміз 147,7 миллиард долларға барады. Бұл өте жақсы. 

> «Дәл осы кезде Теңіздегі технологиялық проблемалардан біздің мұнай өндіру көлемі 14 пайызға кеміп қалды деген ақпарат бар. Сонда алтын арқылы тапқанымыз мұнайдан жоғалтқан табысымызды жабады». 

> «Алтынның бұл жолғы өсуі инвесторлардың доллардың саяси тартыс құралына айналып кетуінен сескеніп отырғандығын аңғартты. Еуропаның Трамптың соңғы шешімдері мен мәлімдемелерінен шок алуы, Гренландияны Даниядан тартып алу бойынша жаға ұстатар әрекеттер Брюссельдің болашақта долларлық облигацияларды "токсик актив" деп санай бастауына алып келуі мүмкін. Және ФРС ставкасы тағы төмендесе, доллардың кезекті арзандауы тек коммерциялық фактордан емес, саяси эффекттен де болмақ», дейді Айбар Олжаев. 

Мұндай кезде саяси нейтралды актив - алтын күшейеді. Ал ақпан айында доллардың әлсіреуі мен кэрри-трейдерлердің қозғалмауынан теңге тағы күшейіп, 500 айналасына барып қалуы өте реалды картина.

---

Опубликовано: 2026-01-21T12:42:56+05:00

Обновлено: 2026-01-21T12:43:00+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: [Казахстан](https://kk.bizmedia.kz/tag/kazahstan/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-01-21-munajdan-zhoghaltqan-tabysymyzdy-altyn-zhabady-ma/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.