
Қазақстанда зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізілді. Тиісті бұйрыққа Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 13 қаңтарда қол қойды.
Енді зейнетақы жинақтарын негізгі қарызды өтеу үшін ғана пайдалануға болады, ал ипотека бойынша пайыздарды төлеуге жол берілмейді. Бұған дейін өтініште жеке табыс салығын ұстап қалу және аудару тәсілдері де көрсетілуі тиіс болатын. Жаңартылған қағидаларға сай, біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй сатып алуға алынған ипотекалық қарыздың негізгі қарызын толық немесе ішінара өтеу (бір банк қарызы шарты аясында жөндеу жұмыстарын жүргізу де осыған кіреді);
Сондай-ақ, өтініш беру тәртібі де өзгерді. Арнайы шот ашылғаннан кейін өтініш беруші шоттың нөмірін, пайдалану мақсатын және өтініш берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылатын қолжетімді соманы көрсете отырып, зейнетақы қаражатын пайдалануға арналған электрондық өтінішті толтырады. Бұрын осы өтініште жеке табыс салығын ұстап қалу және аудару тәсілін көрсету қажет болатын. лайда мұндай құқықтарды үшінші тұлғаларға қайтадан беруіне жол берілмейді. Айта кету керек, бұрын бұл норма тұрғын үй құрылыс жинақтары салымы туралы шартқа қатысты қолданылған. Өзгерістер тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы зейнетақы төлемдерін пайдалану тәртібін де нақтылайды. Атап айтқанда, белгіленген мерзімде растайтын құжаттар ұсынылмаған жағдайда, пайдаланылмаған қаражат өтініш берушінің БЖЗҚ-дағы зейнетақы шотына қайтарылады.
Бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген жеке табыс салығын ұстап қалуды жою туралы ережелерді қоспағанда, 2026 жылғы 31 қаңтардан кейін қолданысқа енгізіледі.
Еске салайық, 12 қаңтардан бастап «Отбасы банкі» платформасында емделуге артық зейнетақы төлемдеріне өтінімдер қабылдау тоқтатылды.