
Экономикадағы мұндай жағдайды, сарапшылар «кері храповиктің тетігі» деп атайды екен. Бағалар теңгенің өсуі мен құлдырауына асимметриялы әсер етеді. Ұлттық валюта әлсіреген кезде бағалар күрт өседі. Ал нығайғанда – төмендемейді.
Алматыда кейбір айырбастаушылар, kurs.kz сайтының мәліметінше, долларды 500 теңгеден төмен түсірді. Мысалы, олардың біреуі валютаны 498,5 теңгеден, ал екінші ірі желі — 499 теңгеден сатып алады. Бұл сатып алу бағамы, яғни клиенттер әкелген доллар үшін айырбастаушылардың өздері беруге дайын екенін ескеру керек. Астанада айырбастаушылар долларды 500 теңгеден сатып алып, 507 теңгеден сатуға дайын.
Қаржы сарапшысы Айдархан Құсайыновтың айтуынша АҚШ долларының оңтайлы бағамы қандай болуы керектігі туралы айту қиын. Бұл мәселе Ұлттық банктің бақылауында. Ұлттық банк басшылығы алдағы бірер базалық мөлшердемеде біраз уақытқа дейін өзгеріс жоспарланбағанын айтты. Демек, Ұлттық банк доллардың тым құнсызданып кетуіне жол бермейді, инфляцияның төмендеуіне сенбейді.
Қаржыгер Галым Хұсайынов өзінің телеграм арнасында доллар -тенге дәлізінде өзгерістер барын, бірақ мұны девальвация немесе ревальвация деп қабылдауга болмайтынын айтыпты. Қазақстанда теңгенің ауытқуы экономиканың құлдырауымен емес, реттеушілердің шешімдерімен және нарықтағы ережелермен жиі байланысты. Оның үстіне, банктер осындай тұрақсыздықтан ақша табуды үйренді — және жеке адамдар да жағдайды өз пайдасына пайдалана алады.
Сарапшы айтып өткендей, тенгенің өзге валюталармен дәлізінің беталысын белгілейтін нақты рецепт жоқ. Жеке тәжірибесінде күнделікті қажеттіліктерді несие картасымен төлейді, артық толемеу үшін оны дер кезінде орнын толтырып қояды. Ал өз ақшасы депозитте сақталады.
Екі есе пайда шығады:
• салымдар бойынша пайыздар түрінде айына шамамен 1,2%,
• банктерден 2-3% кэшбэк қосу.
Егер айына шамамен 500 мың теңге жұмсасақ, онда 20 мың теңгеге жуық соманы қайтарып алуға болады. Бір жылда — шамамен 240 мың теңге.
Неліктен қазір доллар сатып алу ыңғайлы?
Қаржыгердің пікірінше, теңге қазір тым күшті.
Ұзақ уақыт бойы біздің валюта инфляция айырмашылығына әлсіреді — ал Қазақстанда ол АҚШ-қа қарағанда шамамен 10% -ға жоғары.
Оның үстіне базалық мөлшерлеменің жоғарылығы ақшаның теңгелік құралдарға белсенді түрде кіріп, валютаны сатуына алып келді. Оған қоса, компаниялар доллармен несие алуда — ол жерде арзан.
Бұл теңгені күшейтті.
Бірақ одан әрі, деп санайды Хусаинов, картина өзгеруі мүмкін: импорт өседі, экспорт төмендейді, ал ТШО сияқты ірі жобалар тұр, КТК толық жұмыс істемейді. Мұндай жағдайда әдетте бағам әлсірее бастайды.
Қорытынды: егер жинақтың бір бөлігін доллармен ұстағыңыз келсе, қазір қолайлы сәт.
Олар бойынша мөлшерлемелер 1% деңгейінде шектелген, оған қоса реттеуші жоғары талаптар енгізді — нәтижесінде банктерге де, клиенттерге де мұндай салымдар тиімсіз.
Оның орнына ол қор нарығына қарауға кеңес береді.
Ең қарапайым және сенімді нұсқалар:
• 3-4% кірістілігі бар АҚШ мемлекеттік облигациялары (US Treasuries),
• квазимемлекеттік компаниялар мен Қаржы министрлігінің евробондтары — жылдық 4-5%.
Біздің елдегі баға саясаты толыққанды жетілмегенін, теңгенің тауарға әсер ету құны өте әлсіз екенін сарапшылардың біразы айтады. Мысалы, 2023-2024 жылдары теңге 480-ден 435-440-ға дейін нығайып, 7-8 ай бойы сақталған кезде де баға шегінбей, сол қалыпта қатып қалды. Сол кезде мұның себебі теңгенің айырбас бағамының өсуі мен құлдырауына бағаның асимметриялық реакциясы деп баға берген. Яғни теңгенің әлсіреуі бағаның статистикалық тұрғыдан айтарлықтай өсуіне алып келеді, бірақ оның нығаюы инфляцияға әсер етпейді. Бұл бағаны кері айналдыру үшін курс кем дегенде бір жыл бойы мықты болуы қажет.
Келесі сарапшы Айдархан Құсайынов теңгенің нығаюы 10 пайыздан кем. Импорт ұзақ мерзімді келісімшарттар шеңберінде алыс жерлерден тасымалданады. Демек баға доллардың бағамдық ауытқу мөлшеріне емес, олардың ұзақтығына байланысты болатынына сенімді. Шетел валютасындағы уақытша өзгерістердің бағаға әсері аз. Ең жақсы жағдайда қымбатшылықты біраз уақытқа дейін кейінге қалдырады. Халықтың психологиясы импортерлердің пайдасына жұмыс істеп тұр. Экономикалық ресурстардың әлсіздігі нарықта алдын-ала болжауға мүмкіндік бермейді. Экспортқа бағдарланған ел болғандықтан, шикізатты долларға сатамыз, бізге теңгенің қуатты болуы тиімсіз.
«Алдағы уақытта теңгеге қосымша дем беретін қуатты экономикалық ресурстарды көріп тұрған жоқпын. Қазір Ұлттық банкке долларды аздап сату керек. Нарыққа басы артық қаржы кірсе, инфляция басталады. Бірақ доллар 470-480 теңгеге дейін төмендеп кетпейді. Дәл қазір 470 теңгелік бағамды ұстап тұру нарыққа салмақ салады», дейді сарапшы.
Сарапшының болжамынша 2026 жылы теңгенің тағдырына кері әсер ететін факторлар әлсіз. Мұнай арзандап, геосаяси тәуекелдер жоғары. Сондықтан біз 2026 жылдың көктемін доллар бағамын 530 теңгелік көрсеткішпен қарсы алуымыз мүмкін.
«Ұлттық банктің теңге бағамына қатысты шешіміне нарықтың психологиясы да әсер ететінін көріп жүрміз. Алдағы берер айда 500-510 диапазонындағы бағамды ұстап, содан кейін 520 теңгелік көрсеткішке тоқтағаны ақылға қонымды саясат», дейді Айдархан Құсайынов.
Айта кетейік, 23 қаңтарда Ұлттық банк базалық мөлшерлемені бұрынғы 18% деңгейінде сақтап қалды. Бұл шешім жарияланғаннан кейінгі баспасөз конференциясы барысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллар бағамының 1500 теңгеге дейін өсу ықтималдығы мүмкін емес деп есептейтінін мәлімдеді