
Нақтыласақ; Mitsubishi Қазақстаннан биылдан бастап бастап жылына шамамен 15 тонна галлий сатып алып отырады. Олар осыған дейін бұл өнімге деген қажеттіліктің жартысын Қытайдан импорттап келді.
Былтыр Бейжің сирек металды экспорттауды күрт шектеп тастағандықтан, Төкио біздің нарыққа көз салды.
Жапонияның Mitsubishi Corp. сауда компаниясы 2026 жылдың аяғынан бастап Қазақстаннан сирек кездесетін галлий металын импорттауды жоспарлап отыр. Жапонияның Mitsubishi Corp. сауда корпорациясы Қазақстаннан галлий импортын биыл бастауды жоспарлап отыр. Бұл келісімге тараптар 2025 жылы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға сапары кезінде қол қойғанын н Kyodo жергілікті басылымында айтылды.
Басылымның жазуынша, бұл Mitsubishi компаниясының Қазақстаннан галлий импорттаудағы алғашқы жобасы болмақ. Галлий электр көліктеріне қажетті қуаттық жартылай өткізгіштерде, сондай-ақ сұйық кристалды панельдерге арналған жарық диодтарын (LED) өндіруде және өзге де өнімдерде қолданылады.
Осыған дейін
«Қазақстан алюминийі» АҚ Павлодар алюминий зауытының өндірістік ерітінділерінен галлий өндірудің оңтайлы технологиясы — бұл ERG Research and Development компаниясының жеке әзірлемесі. Таңдалған технология негізгі өнім — глиноземнің сапасын арттыруға, оның шығынын азайтуға және бағалы стратегиялық жоғары таза металл ала отырып, оның құрамы өте төмен ерітінділерден галлий алуға мүмкіндік береді.
Қазақстан галлийдің өндірісін ынталандыру және экспорттық әлеуетті ұлғайту үшін оның 10%-дық экспорттық кедендік бажын нөлге теңестірген болатын. . Ведомствоаралық комиссия бекіткен бұл шара шикізатты отандық қайта өңдеуді дамытуға бағытталған.
Галлий электр көлігіне арналған жартылай өткізгіштерде, сондай-ақ сұйық кристалды панельдер мен басқа да өнімдерге арналған жарықдиодтарда пайдаланылады. Ол алюминий өндірісінде жанама өнім ретінде алынады.
Естеріңізге сала кетсек, тиісті келісімшартқа Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы желтоқсанда Жапонияға ресми сапары кезінде қол қойылған болатын.
Eurasian Resources Group 2026 жылы Қазақстанда галлий өндіру жобасына $20 миллион инвестиция салуды жоспарлап отыр. Бұл металды өндіру компания сазбалшық өндіру үшін өңдеп жатқан боксит кенінен жүзеге асырылатын болады. Компания Қытайдан кейін әлемдегі екінші галлий өндіруші бола алады.