
2025 жылғы қарашаның соңына қарай Қазақстандағы жеке тұлғалардың депозиттеріндегі қаражат көлемі жыл басынан бері 2 трлн теңгеге ұлғайып, 26,6 трлн теңгеге жетті. Инфляция мен бағамның ауытқуы жағдайында депозиттер қаражатты сақтаудың ең танымал құралдарының бірі болып қалатынын ranking.kz. сарапшылары зерттеп көріпті.
2025 жылдың 11 айында жеке тұлғалардың банктердегі депозиттері 8,3% -ға өсіп, 26,6 трлн теңгеге жетті. 23 банктің 14-і салымдардың өсімін көрсетті, тек 7-сінде ғана олардың көлемі қысқарды.
11 ай ішінде депозиттердің өсуі бойынша елдің ірі банктері көш бастап тұр:
Kaspi Bank — жыл басынан бері 453 млрд теңгеге (+7,4%), 6,6 трлн теңгеге дейін;
Halyk Bank — 366,2 млрд теңгеге (+5,2%), 7,4 трлн теңгеге дейін;
ЦентрКредит Банкі — 323,5 млрд теңгеге (+11%), 3,1 трлн теңгеге дейін;
Отбасы банкі — 267,1 млрд теңгеге (+10,6%), 2,8 трлн теңгеге дейін;
Freedom Bank — 215,6 млрд теңгеге (+36,8%), 801,5 млрд теңгеге дейін.
Сарапшылар жеке тұлғалардың салымдары ұзақ уақыт бойы өсіп келе жатқанын атап өтті. 2017 жылға дейін банк секторы турбуленттікті сезінді, алайда соңғы жылдары тұрақты өсімге көшті. Бір жылда салымдар 15,3%, бес жылда — 2,5 еседен астам, 10 жылда — 4 еседен астам ұлғайды. 2025 жылғы өсуді базалық мөлшерлемені көтерумен және ақша-кредит саясатын қатаңдатумен түсіндіруге болады, бұл депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелердің өсуіне алып келді. Олар бүкіл бақылау тарихындағы ең жоғары мәндерге жетті.
Бұдан басқа, азаматтардың банк секторына деген сенімі нығайды. Ірі қаржы институттары жеке және заңды тұлғалар тарапынан сенімнің жоғары деңгейін қолдайды. Бұған қаржылық көрсеткіштердің жақсаруы, халықаралық агенттіктердің жоғары рейтингтері және уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан бақылау ықпал етеді.