
2025 жылдың басында Қазақстан халқының қарыз алуы рекордтық деңгейге жетті. Бірінші Кредиттік Бюроның (БКБ) талдау орталығының деректері бойынша, елде 9,2 миллион қазақстандықтың, яғни экономикалық белсенді халықтың 80%-ның 24,1 триллион теңге сомасына кредиттері бар. Осыдан 10 жыл бұрын жалпы несие көлемінің 30%-ы халыққа тиесілі болса, өткен жылы бұл көрсеткіш 62%-ға жақындаған. «Чёрный лебедь, рак и щука» телеграм арнасы экономиканың «қызып кетуінің» белгілерін тексеріп, Ұлттық банктің бизнес пен халыққа (кәсіпкерлік мақсатқа жатпайтын) берілген несиелер үлесінің динамикасы бойынша деректерді ұсынды,.
2016 70,4% 29,6%
2017 66,6% 33,4%
2018 61,9% 38,1%
2019 54,3% 45,7%
2020 51,3% 48,7%
2021 45,7% 54,3%
2022 42,2% 57,8%
2023 40,3% 59,7%
2024 38,8% 61,2%
2025 38,4% 61,6%
2021 жылдан 2025 жылға дейін ЖІӨ 197 млрд доллардан 300 млрд долларға дейін өсті – бұл +52% көрсеткіш.
Сонымен бірге, несиелер көлемі 42,6 млрд доллардан 78,6 млрд долларға дейін артты – бұл +84% көрсеткіш.
Бұл ретте халыққа берілген несиелер доллармен есептегенде 4 еседен астам өскен.
2016 — $38,08 млрд
2017 — $38,08 млрд
2018 — $35,21 млрд
2019 — $36,12 млрд
2020 — $34,76 млрд
2021- $42,61 млрд
2022 — $48,77 млрд
2023 — $59,93 млрд
2024 — $64,97 млрд
2025 — $78,62 млрд
Халықтың қарызы экономикаға қарағанда екі есе дерлік жылдам өсуде: ЖІӨ 2,2 есе артса, халықтың қарызы 4,3 есеге өскен.