Шенеуніктер мен олардың ерлі-зайыптыларының активтерін декларациялаудың қазіргі заманғы жүйелері жаппай сандық бақылауға көшеді, онда салық органдары барлық транзакцияларды көреді, бірақ деректерге көпшіліктің қол жеткізуі жиі шектеледі. Мысалы, Қазақстанда мүлікті және оның өзгерістерін тіркейтін жалпыға бірдей декларациялау (250.00 және 270.00 нысандар) енгізіледі. Негізгі мақсаты — ашықтық, алайда жүйе туыстарына жазылуы мүмкін нақты активтерді жасырғаны үшін сынға ұшырайды.

• Ашықтық проблемалары: Декларациялар көбінесе қоғамның сенімін төмендететін нақты кірістер мен активтерді жасыра отырып, қысқартылған түрде («құнды декларациялар») жарияланады.
• Активтерді аудару: Көбінесе шенеуніктердің тіркелген активтері жоқ, оларды ерлі-зайыптыларға немесе отбасының басқа мүшелеріне аударады.2025 жылдың соңында қазақстандық шенеуніктер табыс туралы өз декларацияларын жариялады.2025 жылғы 27 желтоқсандағы бұйрықпен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметшілердің, депутаттар мен судьялардың декларацияларында жариялануға тиіс мәліметтер тізбесін қысқартты. Жаңа ережелер 30 желтоқсаннан бастап күшіне енді. Енді негізгі жалақысынан басқа табыс көздері барлар ғана есеп берді. Ерлі-зайыптылар үшін де осындай ереже қолданылады.
Жарияланған декларациялар күтпеген жағдайды көрсетеді: біздің шенеуніктердің әйелдері мемлекеттік қызметкерлердің өздеріне қарағанда көп табыс табады.
• Бағдат Мусиннің жұбайы 2024 жылы 35 млн теңгеден астам табыс тапты
• Мусин жеке табысын 0 теңге деп жариялады.
• Алматының бұрынғы әкімі Ерболат Досаевтың әйелі 2 млрд теңгеден астам қаржы жария етті
• Ерболат Досаев 2024 жылғы табысында 14 млн теңгені көрсетті.
• Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовтың әйелі Г. Малдыбаева 24,9 млн теңге көлемінде табыс тапты.
• Президенттің көмекшісі Қуанышбек Есекеевтің жұбайы Мадина Бектұрғанова (Қазақстан гимнастика федерациясының бұрынғы вице-президенті) 2024 жылы 48 млн теңгеден астам табыс тапты.
• Ведомство басшыларының ішінен өз декларациясындағы мәліметтерді вице-премьер, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ғана жария етті. 2024 жылы оның әйелі 88 678 984 теңге табыс тапты. Бұл мәліметтер министрліктің лауазымды тұлғаларының табыстары бойынша мәліметтерде көрсетілген.
• Декларацияда 88 млн астам теңге вице-премьердің жұбайы бағалы қағаздар нарығында инвестициялаудан алған табыс деп көрсетілген. Есепті салық кезеңі — 2024 жыл.
• Сондай-ақ, ҰЭМ министрдің өзінде қосымша табыс жоқ екенін түсіндірді — ол тек Мемлекеттік кірістер комитетінде көрсетілетін және жеке декларациялауға жатпайтын жалақы алады.
Шенеуніктердің активтерін декларациялаудың қазіргі заманғы жүйелері АҚШ-та ірі 1965 жылы енгізілді, ал мемлекеттік қызметкерлердің қаржылық ашықтығы туралы толық заң 1978 жылы — Уотергейттен кейін қабылданды. Дәл сол кезде американдық құқықтық тәжірибеде маңызды принцип орныққан:
• соттар қоғамның шенеуніктердің мүдделері мен табыс көздерінің қақтығысы туралы білу құқығы олардың толық қаржылық құпиялылығынан маңызды екенін мойындаған.
• Қоғам мүддесі үшін мемлекет билік пен бюджет ресурстарын басқаратындардың кірістерінің құпиялылығын шектей алады және шектеуі тиіс.
Сарапшы Мағбат Спанов шенеуніктердің бастапқы декларациясын жариялау керек, деп санайды.
«Менің ойымша, барлық шенеуніктердің алғашқы декларациясын жариялау керек. Содан кейін нөлден бастап кез келген нәрсені көрсете алады. Сонда оның неден бастағанын және қашан кеткенін көруге болады. Алғашқы декларацияларды жарияламайды», — деп атап өтті Мағбат Спанов.
Мағбат Спанов осыған дейін журналистермен кездескен кезде 10 жыл бұрын мен депутаттардың қатысуымен өткен жұмыс тобында болғанын, депутаттар ашық декларация болған жағдайда оларды өлтіріп, тонай бастайды деп қорқатынын айтқан болатын.
Өткен аптада Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов келесі жылдан бастап қазақстандықтардың табыстары мен шығыстары туралы мәліметтерді салыстырыла бастайтынын айтты. Бұл жүйе азаматтардың салықты дұрыс төлейтінін анықтауға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, мәселе шенеуніктерге қатысты болмақ.
Біржановтың айтуынша әзірге деректер базасы жоқ. Басқа мемлекеттік органнан деректер алу үшін заңнамалық өзгерістер, бірлескен бұйрық, жүйелерді интеграциялау қажет. «Біз жай ғана шара қабылдай алмаймыз, себебі дәлсіздіктер көп болады. Сондықтан біз кезең-кезеңмен валюталық бақылау, базарлар, мобильді аударымдар бойынша жүрдік. Біз бұл туралы 2-3 жылдан бері айтып келеміз. Қазір осы деректерге жақындап, талдау жасаймыз», вице-министр.
Келесі сарапшы Б. Зиябековтың айутынша, депутаттар мен шенеуніктерді қоғам да, күш құрылымдары да қадағалайды. Шенеуніктер мен депутаттардың кірістері мен шығыстарын бақылау — сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі тетігі. Б. Зиябеков те шенеуніктердің бастапқы табыс көзінің қайдан шыққанын талап ететін мүмкіндікті уыстан шығарып алғанымызды айтады.
Авгейдің ат қорасынан бастайық
Естеріңізде болса, 2003 жылы, осыдан 23 жыл бұрын Алматының Бостандық ауданында тексерушілер мемлекеттік қаражаттың миллиондаған теңгені құрайтын «көлеңкелі айналымын» анықтады. Сол кездегі зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа кенеттен байып кеткен қалталы зейнеткерлер туралы ақпараттар келіп түскен. Нәтиже сұмдық болып шықты.
Мысалы, тексерушілер сол Бостандық ауданында 103 адамға жалған анықтама негізінде зейнетақылар мен жәрдемақыларды заңсыз төлегенін анықтаған. Мемлекетке келтірілген залалдың жалпы сомасы 108,5 миллион теңгені құрады. Сол кездегі министр Гүлжан Қарағұсова қызмет бабында халықтың әлеуметтік осал топтарының мүддесін қорғауға шақырылған адамдар қолын мемлекеттік қалтаға салатынын ашып айтқан.
Арада 22 жыл өткенде бұл мәселе тағы да алдымыздан шықты. 2014 жылы желтоқсан айында Алматының сол кездегі әкімі А. Есімов орталық коммуникациялар қызметінде сөйлеген сөзінде Алматы әкімі Ахметжан Есімов журналистердің өз үйін сатып алу туралы сұрағына жауап бере отырып, әлі күнге дейін жұбайының үйінде тұратынын мәлімдеді. Демек, біздің министрлер квартирант әріптестерінің тәжірибесін мықтап тұрып санасына шегелеп алған тәрізді
Мемлекеттік қызметте жүрген шенділеріміздің өздерінен де қалталы әйелдерінің қолына қарап отырғанын көріп отырмыз
Б. Зиябеков айтып өткендей, бұл мәселе үкімет үшін Авгейдің ат қорасынан бастағанмен бірдей.
Барлық мәселе бизнес пен биліктің ара жігінің бірігіп кетуіне байланысты. Антиқор өзі басқарған ұйымдардағы өлі жандар үшін миллиондап табыс тауып келген жемқорларды күн сайын әшекерелеп жатыр. Ықпалды шенеунікке жанап кеткендердің қара жаяуы жоқ. Қоғам ең жоғарғы деңгейдегі мемлекеттік шешімдердің айтылғанына емес, нәтижесіне назар аударады. Демек шенеуніктердің жұбайларының табысына қатысты тексеруді авгейдің ат қорасынан бастасақ билік пен бизнестің ара жігінің түйіне тарқатылады.