---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-03-12-koez-aldymyzdaghy-diversifikaciya-biyl-qurylys-ekonomikadaghy-oesimning-qansha-pajyzyn-qamtamasyz-etwi-muemkin/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Көз алдымыздағы диверсификация. Биыл құрылыс экономикадағы өсімнің қанша пайызын қамтамасыз етуі мүмкін?

![Строительный план дома](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/03/screenshot-2026-03-11-at-16-59-32-edited.jpg)

Қазақстан биыл да мұнайға мүлде қарамай, басқа салалар есебінен өсуге ниетті болып отыр.

[![Фото: Freepik.com](https://bizmedia.kz/app/uploads/2026/03/screenshot-2026-03-11-at-16-59-32-edited-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/03/screenshot-2026-03-11-at-16-59-32-edited.jpg)Фото: Freepik.com

Былтыр құрылыс саласындағы өсім 15,9%-ды құрағандықтан, осы маңызды сала мемлекет фокусындағы негізгі пункттердің біріне айналды. Бастысы – былтырғы өсу қарқынын сақтап қала қаламыз ба деген сұрақ. Әрине, менің ойымша 15% болмаса да, биыл құрылыс саласы кемінде 10% өсім көрсетуге қауқарлы.

Жалпы, біздегі құрылыс төрт бағытқа бөлінеді. Өндірістік, инженерлік, әлеуметтік және тұрғын үй. Зауыт, фабрикалар - өндірістік, жол мен көпірлер – инженерлік, мектеп пен аурухана – әлеуметтік, ал тұрғын үйді аты айтып тұр. Осы төртеудің ішінде әлеуметтік пен тұрғын үй бағыттарының экономикалық үлесі басым.

Экономикалық сарапшы Айбар Олжаевтың айтуынша, өткен жылы 20,1 миллион шаршы метр тұрғын үй салып, тарихи рекорд қойғанбыз. Биылғы жоспар – 18,5 миллион шаршы метр тұрғын үй салу. Егер ипотекалық рычагтар сұранысты қыздыра алатын болса, тағы да 20 миллион шаршы метр межесін бағындыруға да болады.

## **Бұл диверсификацияға қалай әсер етеді? **

> «Ия, үйді отандық құрылыс компаниялары салады, жергілікті халық жұмыс істейді, айлық алады. Бірақ басты эффект – құрылыс жанама түрде қайта өңдеу саласына жақсы әсер береді. Яғни, отандық құрылыс материалдарын өндіруге стимулдар пайда болмақ. Ал бұл таза реалды сектор.
> 
> 
> 
> 
> 
> 
> 
> Осы жерде жақсы көрсеткішке бара жатырмыз. Биыл елімізде құрылыс материалдарын өндіретін 38 жаңа жоба іске қосылмақ. Қазір біз портландцемент, бетон, кірпіш, қабырға материалдары, тас материалдары, гипс пен құрғақ қоспалар, изоляция, жылытқыш жабындылар, шатыр, керамоплитка сынды қарапайым құрылыс материалдарын шығарамыз. Ал мысалы, унитаз, кафель, сантехника, лифт сияқты күрделі тауарларды өндіру туралы арманымыз бар. Және жаңа жобалар осы мақсатқа жақындата түспек.
> 
> 
> 
> 
> 
> 
> 
> Диверсификация ең қиын жұмыс. Бірақ оның баламасы жоқ. Отандық өнім өндіруге ниет те, инвестиция да керек. Үкімет осы инвестиция жағымен «Бәйтерек» холдингі арқылы көмектесетін болды», – дейді Айбар Олжаев.

---

Опубликовано: 2026-03-12T03:32:34+05:00

Обновлено: 2026-03-12T03:32:37+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: [Казахстан](https://kk.bizmedia.kz/tag/kazahstan/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-03-12-koez-aldymyzdaghy-diversifikaciya-biyl-qurylys-ekonomikadaghy-oesimning-qansha-pajyzyn-qamtamasyz-etwi-muemkin/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.