---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-03-17-aqsh-dollary-2004-zhylghy-koersetkishke-keri-oraldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# АҚШ доллары 2004 жылғы көрсеткішке кері оралды 

![доллар](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/03/closeup-american-dollar-bills-black-background-edited.jpg)

17 наурыз күні Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 486,2 теңге деңгейінде белгіледі. Алдыңғы күнмен салыстырғанда АҚШ ақшасы 5,09 теңгеге арзандады.

[![Фото: pvproductions / Freepik.com.](https://bizmedia.kz/app/uploads/2026/03/closeup-american-dollar-bills-black-background-edited-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/03/closeup-american-dollar-bills-black-background-edited.jpg)Фото: pvproductions / Freepik.com.

Бірінші кредиттік бюроның сарапшылары мұндай деңгей соңғы рет 2024 жылдың 28 қазанында [болғанын](https://t.me/DataHub_FCBK/3691) айтады.

Теңге наурыз айынан бастап тұрақты түрде өсті. Долларға шаққанда 2,3 пайызға (11,36 теңгеге) қымбаттаса, жыл басынан бері нығаю деңгейі 3,8 пайызды (19,33 теңге) құраған.

Сарапшылар теңгенің нығаюын әлемдік нарықтағы мұнай бағасының көтерілуімен байланыстырып отыр. Бұған Таяу Шығыстағы [шиеленіс](https://ertenmedia.kz/iran-tagdyrly-tandau-mozhtaba-hamenei/) әсер етті. 

АҚШ пен Израиль Теғранның инфрақұрылымына соққы жасаған соң, Иран Ормуз бұғазындағы кеме қозғалысын іс жүзінде тоқтатып тастады.

> «Нәтижесінде Парсы шығанағы елдерінен тасымалданатын мұнай көлемі шектелді. Қазір Лондындағы ICE биржасында Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 100 доллардан жоғары деңгейде тұр», – делінген сарапшылардың хабарламасында.

Еуро бағамы 557,82 теңге болса, Ресей рублі 6 теңгеге дейін арзандады. Бұл соңғы жыл ішіндегі ең жоғары көрсеткіштерге жақын.

---

Опубликовано: 2026-03-17T06:54:43+05:00

Обновлено: 2026-03-17T06:54:47+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Aқша](https://kk.bizmedia.kz/mangyzdy/aqsha/), [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстанның қаржылық жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstannyng-qarzhylyq-zhangalyqtary/), [Маңызды](https://kk.bizmedia.kz/mangyzdy/)

Метки: [Казахстан](https://kk.bizmedia.kz/tag/kazahstan/), [Тенге](https://kk.bizmedia.kz/tag/tenge/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-03-17-aqsh-dollary-2004-zhylghy-koersetkishke-keri-oraldy/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.