2025 жылы Қазақстан халқының табиғи өсімі (туылғандар мен қайтыс болғандар арасындағы айырмашылық) 200,3 мың адамды құрады, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

Бұл көрсеткіш 203,9 мың адамды құраған 2008 жылғы деңгейден төмен, ал халық саны — 15,8 млн адам (қазір — 20,5 млн). Тіпті 2024 жылмен салыстырғанда айтарлықтай аз — 235,1 мың.
Демограф, тарих ғылымдарының докторы, профессор Александр Алексеенко мұндай демографиялық жағдайды дағдарыспен емес, өткен жылдардағы инерциямен түсіндіреді.
«1950-60 жылдары бізде демографиялық жарылыс болды. Сол жылдардағы адамдар 80-ші жылдары бала туды, сондықтан «сексендіктер» өте көп. Қазір 1995 -20025 жылдары туган балалар ата-ана атанып жатыр. Олар олар репродуктивті жастан шыққанда демографиялық толқын аяқталады. Бұдан басқа, әрбір келесі ұрпақ алдыңғы ұрпаққа қарағанда аз бала туатынын ескеру қажет. Урбанизация жүріп жатыр ғой, адамдар қалаға көшеді, әйелге әлеуметтік белсенді және көп балалы болу қиын», — дейді Александр Алексеенко.
МДРО ұзақ мерзімді болжамының сценарийлері 2020 жылғы туу деңгейіне дейін (426,8 мың) қалпына келтіру шамамен 2032 жылы болады деп болжайды. 2040 жылға қарай нәрестелердің жылдық саны 527 мыңға, 2050 жылға қарай — 598 мың адамға жетеді.
Сарапшылардың айтуынша, 2025 жылдың қорытындысы бойынша елімізде бір жыл бұрынғы 365,9 мың балаға қарағанда 335 мың бала дүниеге келді. Ұлттық статистика бюросы ұсынған деректерде туудың жалпы коэффициенті бір жылда 1000 адамға шаққанда 18,15-тен 16,43-ке дейін қысқарды. Салыстыру үшін, 2022 жылы бала туу 1000 балаға 22,28 құрады. Енді мұндай параметрге елдің оңтүстік өңірі ғана сәйкес келеді.
Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 11,56-дан 9,82-ге дейін төмендеді. Іс жүзінде Қазақстан 2000 жылдардың соңындағы демографиялық жеделдеуге дейін байқалған мәндерге оралды. Мысалы, 2008 жылы табиғи өсім шамамен 204 мың адамды, 2009 жылы — 216 мың адамды, 2010 жылы — 220 мың адамды құрады.
Сарапшылар бала туудың төмендеуін бірнеше себептермен байланыстырады. Біріншіден, пандемиялық беби-бум: 2022-2025 жылдары бала тууы мүмкін адамдар мұны ертерек, «бос» ковид уақытында жасады. Нәтижесінде 2021 жылы 446,5 мың бала дүниеге келді. Екіншіден, бала туу кейінгі жасқа ауысуда, сондықтан олардың жалпы саны азаюда. Үшіншіден, Қазақстан халқы урбанизациялануда, ал қалаларда дәстүрлі түрде балалар аз болады. Төртіншіден, қазақстандықтар аз үйлене бастады: 2024 жылы 123,6 мың неке, ал 2025 жылы 115,9 мың неке тіркелді.
Сондай-ақ тарихи себебін атайды: 1990-шы жылдардың соңындағы шағын ұрпақ бала туудың белсенді жасына енді. Мысалы, 1999 жылы антирекорд тіркелді — барлығы 217,6 мың бала туды, ал өсім 70 мың адамды құрады. Экономикалық қысым сияқты фактор да маңызды болып табылады. Тұрғын үйді сатып алу және жалға алу құнының күрт өсуі, жоғары инфляция, балабақшалар, дамыту орталықтары, спорт секциялары мен жеке меншік мектептер қызметтеріне бағаның өсуі де бала тууды шектейді.
Қазақстанда өлім-жітім бір жыл ішінде өзгерген жоқ
• өлім-жітім саны 132,9 мыңнан 134,7 мың адамға дейін, ал өлім-жітім коэффициенті — 1000 адамға 6,59-дан 6,61-ге дейін өсті.
• Өлім-жітімнің ең жоғары коэффициенттері Солтүстік Қазақстан облысында — 1000 адамға 11,69, Шығыс Қазақстан облысында — 11,42 және Қостанай облысында — 10,03 болып белгіленді.
• Статистика ведомствосы мұны осы өңірлердегі халықтың жас құрылымымен байланыстырады.
Қазақстанда өлімнің негізгі себептерінің ішінде қан айналымы жүйесі аурулары — 22,5%, жүйке жүйесі аурулары — 17,8%, ісіктер — 10,4%, тыныс алу органдары аурулары — 10,2%, ас қорыту органдары аурулары — 8,1%, сондай-ақ жазатайым оқиғалар, уланулар мен жарақаттар — 7,2% болып отыр.