Қымыз, шұбат, құрт, бауырсақ және қазы қазақстандықтардың күнделікті рационына бұрыннан кіріп келеді, ал енді шетелдерде өз сатып алушыларын көбірек табуда, деп хабарлады елдің Сауда және интеграция министрлігі.

QazTrade сарапшыларының болжамы бойынша, жүйелі қолдаумен 2028 жылға қарай қазақстандық өнімдердің экспорты $50-80 млн. жетуі мүмкін Басты нарықтар — Ресей мен Қытай. Ресей мен Қытай қазақ тағамдарының негізгі сатып алушылары болып қалуда. Бұл елдерде 2 миллионнан астам қазақ тұрады, бұл ұлттық деликатестерге деген тұрақты сұранысты тудырады. Әсіресе, құрт пен қымыз сұранысқа ие. Қытайда, әсіресе Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында 10 миллионнан астам мұсылман тұрады, бұл халал өнімдеріне, соның ішінде ет деликатестеріне деген сұранысты қалыптастырады. Халал ет пен деликатестердің әлемдік нарығы шамамен $2,1 трлн бағаланып, жыл сайын шамамен 7% өсуде.
Қазақстанның дәстүрлі сүт өнімдерінің экспорты да расттт. 2024 жылы ол $13,4 млн, ал 2025 жылы — $17,3 млн құрап, 29,4% артты.
Басты қиындық — қымызды сақтаудың қысқа мерзімі. Нағыз салқындатылған қымыз бар болғаны 3-5 күн сақталады, сондықтан оны алыс базарларға жеткізу қиын. Өндірушілер шешім іздеуде: пастерленген қымыз 30 күнге дейін сақталады, ал лиофилизирленген қымыз ұнтағы Қытайға жеткізіледі.
Бүгінде қазақ асханасын «көшпелі гастрономия» деп жиі атайды — ол дала мәдениетінің табиғи ет және сүт өнімдеріне негізделген. Қазақстандықтар үшін, шетелдік сатып алушылар үшін үйреншікті нәрсе жаңа гастрономиялық жаңалыққа айналады.
Сарапшылардың айтуынша, бұл жақсы жаңалық. «Енді ұлттық ас мәзірін ел ішіне және сыртқа бағдарланатын авиарейстердің ас мәзіріне қолданатын кез келді. Осы арқылы ұлттық тағамдарымызды әлемдік кухняның бағытымен интегарациялай аламыз.
«Мысалы, Атырау-Ақтау бағыты бойынша ұшатын бағыттарға балық өнімдерін, орталық бағыт ет, сүт өнімдерін қоссақ Сарыарқа немесе Батыс балық өнімдерімен сырт елдерге таныламыз. Бұл отанлық бизнеске де оң әсер етеді», дейді кәсіпкер Алия Даулетбаева.
Алия Даулетбаева, кәсіпкер ретінде ел ішіне де, сырт елдерге де жиі шығатынын айтады. Оның айтуынша, отандық авиакомпаниялар қазақтың ұлттық тағамдары индустриясының мүмкіндіктерін тіиісінше пайдалана алмай отыр. Егер, көзін тапсақ, қазақтың қазы-қарта, жал-жаясын, балқаймағы мен жент өнімдерінен неше түрлі дәм түрлерін дайындап шығуға болады. Егер, үкімет мүмкіндік берсе, мұны бизнес өзі -ақ игеріп алып кетеді.