Енді бірер айда мектеп түлектеріне тегін жоғары білім алу құқығы үшін бір-бірімен бәсекеге түседі. Мамандық пен грант арасындағы «текетіресте» грантқа басымдық берілді.

• Өткен жылы бакалавриатқа түсетіндер үшін мемлекеттік гранттар саны 77 мыңға жетті,
• ал биылғы жылы одан кем болмайды.
• Әрбір гранттың төрт жылдық оқуы салық төлеушілерге 4-тен 5 миллион теңге.
• Жыл сайын осы мақсатқа бюджеттен төленетін стипендияларды қоса есептегенде 400 миллиардқа жуық қаражат бөлінеді.
Қазақстандағы орта мектептерді қанша бала бітіріп шықты, олардың қаншасы Қазақстанның жоғары оқу орындарын таңдады?» деген сұраққа мемлекет тарапынан назар аударылған емес. Белгілісі – биылғы түлектердің 10%-ы алыс және жақын шетелдердегі жоғары оқу орындарын таңдаған.
Егер ҚР білім және ғылым министрлігінің сайтына көз жүгіртсеңіз, жыл сайын 200-300-дей мектеп бітіруші Шанхай ынтымақтастық ұйымы және Қазақстан мен Қытай арасындағы үкіметаралық келісімдер негізінде аспанасты еліне аттанады екен. Қытайдың білім ордалары қазақстандық студенттер үшін арнайы білім грантын бөледі.
2022-2024 жылдары, яғни үш жылдық кезеңде еліміздің университеттері мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жалпы саны 169,1 мың жасты бітірді. Олардың 94,7 мыңы немесе 56 пайызы ғана белгіленген орындарда үш жылдық мерзімін өтеген немесе өтеуді жалғастыруда. Тағы 31,6 мыңы таратылмай, қалғандары (42,8 мың) «ақ билетке» ие болды.
Жалпы алғанда, жоғары оқу орындарындағы бюджеттік орындар үшін күресіп жүрген жігіттер мен қыздардың басым бөлігі былай дейді: ең бастысы — тегін оқу мүмкіндігін алу, ал онда «соғыс жоспарды көрсетеді». Кейіннен жұмыс істеуден бас тартсақ та, қалай болғанда да мемлекетпен есеп айырысамыз, борыш бойынша төлемдерді бірнеше жылға созуға болады, ал осы уақыт ішінде инфляция олардың едәуір бөлігін «жейді».
ЖОО-да оқығаннан кейін жұмыс істеу — бұл оның жоспарлы экономикасымен, мемлекеттік-партиялық реттеумен кеңестік өткеннің серпілісі деген пікір жиі айтылады. Бір жағынан, мұндай позицияда ақиқат бар сияқты, екінші жағынан…
Экономист-сарапшы Тоғжан Қожалиева биыл қазақстандық ЖОО-ға құжат тапсырғысы келетін түлектер саны өткен жылдармен салыстырғанда азайып кеткенін айтады. Мемлекет есебінен қаржыландыратын білім гранты көбірек бөлінген салаларда да студенттердің саны жоспардағыдан аз болғалы тұр. Ал ақылы білім беретін бөлімдерге студенттер қабылдау 40-85%-дың арасында екен. Жоғарғы оқу орнына түсу үшiн қажет 50 балдық шектi деңгейдің өте төмендігі де жағдайды өзгерте алмаған.
Бұдан шығатын қортынды — шетелдік ЖОО-лар қазақстандық түлектердің таңдап жүріп қабылдайды, ал қазақстандық оқу орындары бұйырғанын алады.
«Ресей Федерациясындағы, Қытайдағы жоғары оқу орындарындағы оқу құны да, деңгейі де бізбен салыстырғанда арзан әрі сапалы. Тіпті көрші Кырғызстандағы жоғары оқу орындарын таңдап жатқан ұл-қыздарымыз бар. Финляндия мен Иран биылдан бастап шетелдік студенттер үшін білім грантын көптеп бөле бастады. Мен бұл жерде Германия мен Чехияны назарға алмай тұрмын. Егер дәл осы жүйемен жүре берсек, күндердің күнінде жоғары оқу орындары бізге қажет пе деген мәселе күн тәртібіне қойылады», – дейді Тоғжан Қожалиева.
Тоғжан Қожалиева сөз арасында бұл мәселенің түйінін алыс-жақын шетелдерге білім экспансиясын ұйымдастыру арқылы тарқатуға болатындығын алға тартты.
«11 сыныпты бітірген түлектер Ресейге емес, Қырғызстанға кетуде. Мүмкін ол елдерде жоғары оқу орындарындағы оқу құны біздің елмен салыстырғанда арзан шығар. Бірақ мәселе оқу бағасында ғана емес. Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінде әлемдік рейтингте жоғары оқу орындарының тартымдылығын арттыру бірінші кезекте тұр. Олар алыс-жақын елдерге білім экспансиясын бізден бұрын бастап кетті. Шетелдердегі дипломатиялық корпустары арқылы оқу орындары жарнамасын дұрыс жүргізеді.
Шетелдердіктер үшін қосымша білім грантын көбірек бөледі. Мұхиттың арғы жағында тұратын түлектің үйінде отырып-ақ онлайн жүйесінде емтихан тапсырып, оқуға қабылдануы үшін барлық жағдайды жасаған. Мемлекет есебінен қаржыландыратын білім гранттарын көбейту мәселені шешпейді. Жоғары оқу орындары әлемдік деңгейдегі тартымдылығын арттыру үшін шетелдік түлектерге бөлінетін білім гранттарын көбейту керек.
Егер қазақстандық түлектер шетелдердегі білім ордаларына басымдық берсе, онда бос орындарды шетелдіктермен толықтыруға тура келер. Бұл оқу орындарымыздын танымалдылығын арттырады. Біздің елде шетелдік компаниялар көп. Бұл жүйені бір ізге келтірсек, оларға қажетті мамандар өз елімізде-ақ дайындалар еді, – дейді Тоғжан Қожалиева.