
Дүниежүзілік банк 2026 жылғы өсімді 4,6% -ға кері шегерді. 2027 жылы бұл көрсеткіш — 3,9%. ДБ бағалауы бойынша, Қазақстандағы экономикалық өсім 2025 жылы 6,5% -ды құрады. Осыған дейін Ұлттық экономика министрлігі Қазақстанның ЖІӨ 2025 жылы 6,5% -ға өскенін хабарлады.
2025 жылғы 6%-дық өсім сапасыз өсім
Сарапшы Мұрат Темірхановтың айтуынша, 2025 жылғы 6%-дық өсім сапасыз өсім. Оған Ұлттық қордың трансфері, үкіметтің шетелден қарыз алуы әсер етті. Бірақ бұл өсім халықтың табысына әсер ете алмады. Ұлттық банк өкілдері мен тәуелсіз макроэкономистер мұндай өсім экономика қызып кеткенде байқалатынын айтады. 2024 жылы ІЖӨ 4,8%-ға өскен кезде халықтың нақты табысы оң болды, ал биыл минус болды.
Экономика технологиялық тауар және инвестиция есебінен ғана сапалық өсімге ие болады
Бұл үшін толыққанды нарықтық экономика мен толыққанды бәсекелестік болуы тиіс, бұл Қазақстанда жоқ.
«Біз қазір толыққанды нарықтық экономикадан кері бағытта жылжып жатырмыз. Келер жылы мұнай экпортының өсімі тежеледі. Ұлттық қордың трансфері шектеліп, салықтар да өседі. Осының барлығы 2026 жылы экономика өсімінің 4,5%-ға дейін баяулауына, тіпті одан да төмен 3,5%-ға дейін төмендеп кетуі мүмкін. Тағы да қайталаймын, 3,5%-дан көтерілу үшін түбегейлі құрылымдық реформалар жасау қажет. Бұл реформалар бірінші кезеңде өте ауыр болады. Алайда, егер Қазақстан бірінші кезеңнен табысты өтсе, онда экономиканың жағдайы мен халықтың әл-ауқаты күрт жақсарады. Тағы да қайталаймын, халықтың әл-ауқатына құрылымдық реформалардың нәтижесі жақсартады. Қазір бастапқы кезеңінде, өте ауыр кезеңінде тұрмыз. Осы кезеңнен өтсек, экономиканың жағдайы мен халықтың әл-ауқаты күрт жақсарады», дейді Мұрат Темірханов. .