Жұма күні, 10 сәуірдегі кешкі сауда-саттықта Қазақстан қор биржасында бір сессияда 5,59 теңгеге төмендеп, доллардың орташа бағамы 473,19 теңгені құрады.

Ұлттық банктің 10 сәуірге бір доллар үшін 479,82 теңге және бір еуро үшін 559,9 теңге деңгейінде белгіленді. Сарапшылар арасында «Ұлттық валютаның нығаюына Таяу Шығыстағы қақтығыстан болған мұнай бағасы, валюталық түсімді аудару кезіндегі салық түсімдерінің ағыны және теңгелік қағаздарға портфельдік инвестициялар әсер етті», деген пікір басым болып тұр.
Қаржы сарапшысы Мақсат Халықтың айтуынша, доллар бағамы Иран, Израиль және АҚШ арасындағы екі апталық үзілістің қалай аяқталатынын күтіп тұр. Мұны екі аптаға созылған әсер деп бағалауға болады. Бірақ теңгенің кенеттен құлдырап кетуіне себеп жоқ.
Оның айтуынша, қалыпты жағымсыз сценарийлер де базалық болып көрінбейді. Себебі теңгені инвесторлар қолдайды, экспорттық түсім тұрақтылықтың жеке факторы болып қала береді. Базалық мөлшерлеменің қазіргі деңгейі бағалы қағаздарына инвестиция салу тиімді,
Экономист сондай-ақ теңгенің құбылмалы бағамынан бас тарту мүмкіндігі төңірегіндегі пікірталасқа түсінік берді.
Тұрақты теңгенің әсерін көріп отырмыз. Наурыз айында инфляция 11% -ға дейін қысқарды. Тәуелсі ұлттық экономикалық зерттеулер бюросы оның 10,5%-төмендейтінін айтып отыр. Бірақ тым күшті теңге экспорттаушыларға қауіп. Тұрақты теңге қарапайым халық үшін тиімді болса да басы артық қаржысын доллар, еуроға бөліп сақтағаны дұрыс. Соңғы бірер айда қытай юані де кірістілік әкеле бастады.
Ал Алматының айырбастау орындарында жұма күні американдық валюта 471-475 теңге аралығында сатылды. Еуро — 554-560 теңге, ресей рублі — 6,1-6,2 теңге.
Астанада долларды 470 теңгеден сатып алып, 477 теңгеден сатқан. Еуро 550-560 теңге, рубль — 6-6,3 аралығында болды.