---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-05-04-qazaqstan-sheteldik-investorlar-men-mamandargha-altyn-viza-taertibin-engizedi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстан шетелдік  инвесторлар мен мамандарға алтын виза тәртібін енгізеді

![Паспорт лежит на столе рядом с флагом Евросоюза](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/shengenskaya-viza-podorozhaet-dlya-grazhdan-kazahstana_bizmedia.kz_.jpg)

[![Фото: Freepik](https://bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/shengenskaya-viza-podorozhaet-dlya-grazhdan-kazahstana_bizmedia.kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/shengenskaya-viza-podorozhaet-dlya-grazhdan-kazahstana_bizmedia.kz_.jpg)Фото: Freepik

Біздің ел, осылайша миграциялық саясаттың жаңа кезеңінің есігін ашты.   

Премьер-министрдің орынбасары, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның айтуынша,  Үкімет шетелден келетін қажет маман мен капиталға бұрынғыдай күрделі әкімшілік сүзгі арқылы емес, икемді әрі түсінікті жүйе арқылы қарамақ.

Ол үшін  ел экономикасына керек мамандар үшін ашық, болжамды және қолайлы көші-қон тәртібін қалыптастыру екенін айтты. 

- Біріншісі көші-қон саласында «бір терезе» қағидатын күшейту. Яғни мәртебе рәсімдеу, жұмысқа рұқсат алу және соған қатысты құжат жинау бірыңғай жүйеге көшірілуі тиіс. Әртүрлі мекеменің есігін жағалау қысқарады.
- Екінші бағыт бюрократияны азайту. Өтініш қарау мерзімі қысқарып, әкімшілік рәсімдер жеңілдейді. Мемлекет процесті қағазбастылықтан арылтып, цифрлық бақылауға сүйенбек.

**Сарапшылар**** «Алтын виз****аға назар аударып отыр.**** ******

Аида Балаеваның сөзінше, жаңа құрал инвесторлар мен жоғары білікті мамандарға ұзақ мерзімді әрі тұрақты жағдай жасау үшін қажет.

Балаева мемлекеттің [бақылаудан](https://ertenmedia.kz/mobilde-audarymdar-tekseris-kimder-ilinui-mumkin/) бас тартпайтынын, керісінше оны нақты әрі технологиялық деңгейге шығаратынын атап өтті. Яғни Қазақстан шекарасын бейберекет ашып тастауды емес, экономикаға пайда әкелетін кадр мен капиталды іріктеп тартуды көздеп отыр.

Үкіметтің есебі түсінікті: жаһандық бәсекеде инвестиция, технология және адам капиталы үшін тартыс күшейіп келеді. «Алтын виза» сол жарыста Қазақстанның қолын ұзартатын құралға айналуы мүмкін.

---

Опубликовано: 2026-05-04T07:05:51+05:00

Обновлено: 2026-05-04T07:05:53+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-05-04-qazaqstan-sheteldik-investorlar-men-mamandargha-altyn-viza-taertibin-engizedi/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.