---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-05-09-aida-balaeva-9-mamyr-halqymyzdyng-zhadynda-maenggi-saqtalghan-uly-kuen/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Аида Балаева:   9 мамыр – халқымыздың жадында мәңгі сақталған ұлы күн

![Фото Аиды Балаевой на фоне логотипа Акорды](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/aida-balaeva-pozdravila-sotrudnikov-pechatnyh-smi-s-professionalnym-prazdnikom-bizmedia.kz_.jpg)

Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Жеңіс күнімен құттықтады.

[![Фото: Акорда](https://bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/aida-balaeva-pozdravila-sotrudnikov-pechatnyh-smi-s-professionalnym-prazdnikom-bizmedia.kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/aida-balaeva-pozdravila-sotrudnikov-pechatnyh-smi-s-professionalnym-prazdnikom-bizmedia.kz_.jpg)Фото: Акорда

> «9 мамыр – халқымыздың жадында мәңгі сақталған ұлы күн. Ерлік пен елдіктің, қайсар рух пен отаншылдықтың мерекесі. Осы күні біз бабаларымыздың өлшеусіз ерлігін зор ризашылықпен еске алып, майдан даласында қаза тапқан қаһармандардың рухына тағзым етеміз. Адамзатқа фашизмнен азат болашақ сыйлаған ардагерлерімізге шынайы алғысымызды білдіреміз. Мемлекет басшысы атап өткендей, Қазақстан ортақ Жеңіске, жер бетінде әділет пен еркіндіктің салтанат құруына орасан зор үлес қосты. Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Талғат Бегелдинов, Қасым Қайсенов, Рақымжан Қошқарбаев, Сергей Луганский, Хиуаз Доспанова, Сағадат Нұрмағамбетов және басқа да көптеген батырлардың есімі Ұлы Жеңіс шежіресіне алтын әріппен жазылды.

Жүздеген қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атанып, мыңдаған жауынгер майдан даласында көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін жауынгерлік ордендермен және медальдармен марапатталды», деді Аида Балаева.

Осы ретте ол соғыс жылдарында мәдениет пен әдебиет те ерекше миссия атқарғанын сөз етті.

> «Ұлы жеңіс кезінде қазақ қаламгерлері қалам мен қаруды қатар ұстап, майдан шебінде де, шығармашылықта да халықтың рухын көтеруге зор үлес қосты. Мәлік Ғабдуллин, Кемел Тоқаев, Әзілхан Нұршайықов, Қасым Аманжолов, Қасым Қайсенов және басқа да майдангер жазушылар өз шығармаларында соғыс жылдарындағы ерлікті, отаншылдықты және өмір шындығын көркем бейнелеп, келер ұрпаққа құнды әдеби мұра қалдырды. Бүгінде елімізде майдангерлер ерлігін ұлықтау бағытында ауқымды жұмыс жүргізіліп келеді. Осы мақсатта Мәдениет және ақпарат министрлігі өткен жылы майдангерлер туралы деректерді жинақтауға, жүйелеуге және сақтауға, сондай-ақ олардың Ұлы Жеңіске қосқан үлесі жөніндегі ақпаратқа ашық қолжетімділікті қамтамасыз етуге арналған бірегей «Батырларға тағзым» онлайн-порталын іске қосты», деді министр.

Оның айтуынша, сайтта 705 488 ардагер туралы мәлімет орналастырылған. Олардың қатарында 365 Кеңес Одағының Батыры, 4 екі мәрте Кеңес Одағының Батыры және 19 «Даңқ» орденінің иегері бар.

---

Опубликовано: 2026-05-09T11:07:27+05:00

Обновлено: 2026-05-09T11:07:31+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстанның қаржылық жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstannyng-qarzhylyq-zhangalyqtary/)

Метки: [Казахстан](https://kk.bizmedia.kz/tag/kazahstan/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-05-09-aida-balaeva-9-mamyr-halqymyzdyng-zhadynda-maenggi-saqtalghan-uly-kuen/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.