---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-05-20-salyq-reformasy-4-ajda-ne-oezgerdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Салық реформасы: 4 айда не өзгерді 

![Налоги бухгалтер работа](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/03/screenshot-2026-03-11-at-16-51-54-edited.jpg)

Қазақстан үкіметінің Салық кодексінің экономиканы түбегейлі жаңғыртатынын, бизнесті қолдайтынын айтып келе жатқанына 5 ай болды. Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин салық жүйесін жаңартсақ, бюджеттің жыртығы толық жамалатынына уәде берді.

[![Фото: pressfoto / Freepik.com](https://bizmedia.kz/app/uploads/2026/03/screenshot-2026-03-11-at-16-51-54-edited-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/03/screenshot-2026-03-11-at-16-51-54-edited.jpg)Фото: pressfoto / Freepik.com

Қаржы министрлігінің 1 сәуірдегі дерегі бойынша, биыл үш айда бюджетке 7,27 трлн теңге түскен. Соның 6,98 трлн теңгесі – салық. Яғни мемлекеттік қазына ең алдымен халықтың төлейтін салығымен толыққан..

Бұған қатысты Ұлттық статистика бюросының дерегіне сүйенсек, салық кодексі күшіне енген 2026 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда 9,1 мыңнан аса компания жабылған. Былтырғымен салыстырғанда көрсеткіш 1,6 есе артқан. Жабылған компаниялардың 99,8 пайызы – шағын кәсіпорын. Орта көлемдегі жабылған компаниялар саны да былтырғымен салыстырғанда 2,4 есе өскен. Бір тоқсанда нарықтан негізінен сауда саласында жұмыс істеген компаниялар кеткен. Олардың саны – 3 000. Құрылыс саласында – 1 000, ал өңдеу өнеркәсібінде 523 компания жұмысын тоқтатқан.

Бизнестердің жабылуына салық реформасы себеп деп санайтындар көп. Алайда вице-премьер әрі министр Серік Жұманғариннің сөзінше, салық реформасының алғашқы нәтижесі жақсы. 

Сарапшы Олжас Мамадәлінің айтуынша,  салықтан түскен қаражаттың есебі ашық болуы керек. Мәселе  ақшаның аздығында емес, қайда кетіп жатқандығында. Салықпен экономика өспейді, керісінше, халық кедейленеді, бизнес көлеңкеге кетеді, баға шарықтайды.

Ең қызығы, үкімет биыл жылдың соңына дейін жаңа Салық кодексіне 50 шақты өзгеріс енгізгелі жатыр. Өзгерістер Құрылтай сайланған соң, жаңа құрам қабылдамақ. 

Экономистің сөзіне сүйенсек, олигархтардың компаниялары табатын корпоративтік табыс салығын (КТС) Норвегия елі сияқты 30-35 пайызға көтеру туралы сөз болған. Бірақ олар тек 25 пайызға көтеруге ғана көнді. Тіпті кейбір компаниялардың табыс салығы әлі сол 20 пайыз деңгейінде қалды Қазір кімнің жалақысы 3 млн теңгеден асады, соларға ғана жеке табыс салығы 15 пайызға көтерілді.

Мамандардың айтуынша, қосымша құн салығы – бұл халықтың және отандық шағын кәсіпорындардың төлейтін салығы. Сонда жаңа салық саясаты шағын және орта бизнестің, сондай-ақ халықтың мойнына артылып отыр. Ал алпауыт бай компаниялар жоғары салықтан тағы сытылып кетті. 

---

Опубликовано: 2026-05-20T09:40:22+05:00

Обновлено: 2026-05-20T09:40:25+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Aқша](https://kk.bizmedia.kz/mangyzdy/aqsha/), [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстанның қаржылық жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstannyng-qarzhylyq-zhangalyqtary/), [Маңызды](https://kk.bizmedia.kz/mangyzdy/)

Метки: [Бюджет](https://kk.bizmedia.kz/tag/byudzhet/), [Казахстан](https://kk.bizmedia.kz/tag/kazahstan/), [Тенге](https://kk.bizmedia.kz/tag/tenge/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-05-20-salyq-reformasy-4-ajda-ne-oezgerdi/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.