---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-05-22-bas-auditordyng-nazaryna-bektenov-uekimeti-ilinip-qaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Бас аудитордың назарына Бектенов үкіметі ілініп қалды

![Человек пишет в документе](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/12/godunova-rasskazala-detali-auditorskoj-proverki-po-rashodovaniyu-byudzheta-fsms.jpg)

Осы уақытқа дейін квазисектордағы кейбір ұйымдардың тұн ұйқысын төртке бөлген  Әлихан Смайылов басқаратын жоғары аудиторлық палата (ЖАП) 2025 жылғы республикалық бюджеттің орындалуын май шаммен қарай бастады. 

[![Фото: master1305 / Freepik](https://bizmedia.kz/app/uploads/2023/12/godunova-rasskazala-detali-auditorskoj-proverki-po-rashodovaniyu-byudzheta-fsms-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/12/godunova-rasskazala-detali-auditorskoj-proverki-po-rashodovaniyu-byudzheta-fsms.jpg)Фото: master1305 / Freepik

- Олардың мәліметінше,  2025 жылы бюджет түзетусіз орындалуға тиіс болғанымен, Бектенов бастаған министрлер кабинеті оны сегіз рет түзеткен.
-  бастапқы бюджеттік жоспардың тиімсіздігінен туындаған мәселелерді жасырған
-  қаражат көлемінің 90%-ы қысқарған.

> «Салықтық бақылау сапасы төмендеп, 2025 жылы салықтық есептеулерге байланысты сот шағымдары екі есеге өсті. Соңғы төрт жылда соттар шағымның жартысынан көбін салық төлеушілердің пайдасына шешкен», – деп атап өтті ЖАП мүшесі Юлия Энгель.

Сондай-ақ, бюджет Ұлттық қордың қаражатына тәуелді болып отыр. 2025 жылы Ұлттық қордан трансферттер көлемі 5,3 трлн теңгені құраған. Бұл қаражаттың ішінде стратегиялық маңызы жоқ 107 жоба 41,4 млрд теңгеге қаржыландырылған.

> «Жоспарлаудың сапасыздығынан жобалардың 14%-ы іске аспай қалды. Кейбір жобалардың құны да негізсіз белгіленген», – деп [түсіндірді](https://www.gov.kz/memleket/entities/esep/press?lang=kk) Энгель. ЖАП мәліметінше, ұлттық жобалар да бастапқы стратегиялық мәнін жоғалтқан. 2025 жылы ұлттық жобаларды қаржыландыру жоспардан 38%-ға орындалмай қалған

---

Опубликовано: 2026-05-22T11:19:02+05:00

Обновлено: 2026-05-22T11:19:05+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-05-22-bas-auditordyng-nazaryna-bektenov-uekimeti-ilinip-qaldy/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.