---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-05-29-kreml-ajtsa-qazaq-mektebi-maeskeude-de-ashylady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Кремль айтса, қазақ мектебі Мәскеуде де ашылады

![Флаги Казахстана и России](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2025/03/iz-vseh-stran-eaes-rossiya-i-kazahstan-edinstvennye-povyshayut-bazovye-stavki_bizmedia-kz_.jpg)

Бұған дейін Путин құптап, Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров жақтап, Астрахань, Омбы және Орынбор қалаларында, этникалық қазақтар тұратын жерлерде қазақ тілінде оқытатын қазақ-орыс мектептері ашылатынын айтқан болатын.

[![Фото: РИА Новости / Алексей Майшев](https://bizmedia.kz/app/uploads/2025/03/iz-vseh-stran-eaes-rossiya-i-kazahstan-edinstvennye-povyshayut-bazovye-stavki_bizmedia-kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2025/03/iz-vseh-stran-eaes-rossiya-i-kazahstan-edinstvennye-povyshayut-bazovye-stavki_bizmedia-kz_.jpg)Фото: РИА Новости / Алексей Майшев

2021 жылғы санақ нәтижелері бойынша, Ресейдедегі  591 мыңнан астам қазақтың басым көпшілігі Астрахань, Орынбор, Омбы және Саратов облыстарында шоғырланған болатын. Қазақ мектебі ашылуы мүмкін тағы бір аймақ ретінде Томск қаласы да аталған болатын. 1 миллиондай қазақ тұратын Ресейде қазақша білім беретін бір-ақ мектеп бар. Алтай өлкесінің Құлынды ауданындағы Қаракөл орта мектебі. Оның өзін Қазақстан жағы қаржыландырады.

Қазақстанның оңтүстігінде үш ресейлік мектептің құрылысы туралы 2023 жылы белгілі болды. Алайда, еліміздің оңтүстігінде тұрғындардың көпшілігі қазақ тілінде сөйлейтінін ескерсек, осы уақытқа дейін оқыту тілі туралы мәселе ашық болып келді. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Астанадағы отырысы аясында вице-премьер - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Ресей Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында үш мектеп салуды ұсынғанын еске салды. Өз кезегінде Қазақстан Омбы, Астрахан және Орынбор облыстарында мектептер салады. Оқу тіліне қатысты Жұманғарин оның аралас болатынына сендірді.

> «Онда орыс-қазақ тілі оқытылады, сәйкесінше, бұл жерде де солай. Орыс тілін де, қазақ тілін де үйренетін болады», - деп жауап берді вице-премьер.

## Қашан ашылады

Құрылыс алты мектепті оқыту әдістемесі өзара келісілгеннен кейін басталады. 

> «Жақын арада бұл іске асырылатын болады. Келісімге қол қойылысымен мектеп саламыз. Бір жыл, ең көп дегенде бір жарым жыл оны саламыз», - деп түйіндеді Ұлттық экономика министрлігінің басшысы 

---

Опубликовано: 2026-05-29T10:05:04+05:00

Обновлено: 2026-05-29T10:05:06+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-05-29-kreml-ajtsa-qazaq-mektebi-maeskeude-de-ashylady/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.