---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-06-10-bzhzq-taghy-da-el-aldyna-shyqty-shekti-moelsherlemeni-oesirmese-ne-bolady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# БЖЗҚ тағы да ел алдына шықты: Шекті мөлшерлемені өсірмесе не болады  

![Вывеска ЕНПФ на здании организации в Алматы](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/v-enpf-oprovergli-fakt-utechki-personalnyh-dannyh-kazahstanczev-bizmedia.kz_.jpeg)

Жаңа ережеге сай жас ерекшелігіне қарай шекті сома айтарлықтай өсті! Енді 20 жастағы салымын азамат жеткілікті межеден асыру үшіОсы 6 млн тенге асыру керек.

[![Фото: официальная страница ЕНПФ в Facebook](https://bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/v-enpf-oprovergli-fakt-utechki-personalnyh-dannyh-kazahstanczev-bizmedia.kz_-1024x576.jpeg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/v-enpf-oprovergli-fakt-utechki-personalnyh-dannyh-kazahstanczev-bizmedia.kz_.jpeg)Фото: официальная страница ЕНПФ в Facebook

Осы мәселеге түсінікті берген БЖЗҚ өкілдері өзге елдерде азаматтар зейнетақы жинақтарын бүкіл еңбек қызметі бойы (30–40 жыл) жинайтынын айтты. Бұл тиісті актуарлық есептеулермен және халықаралық тәжірибемен расталған. Өаражатты ерте бастан шешіп алу болашақтағы қаржылық қауіпсіздікке кері әсер ететінін халықаралық сарапшылар да растайды.

> «Сондай-ақ еңбек жолының бастапқы кезінде аударылатын зейнетақы жарналары уақыт өте ұзақ мерзім бойы инвестицияланатыны және «күрделі пайыздың» есептелуі арқасында ең жоғары инвестициялық кірісті құрайтыны белгілі. Сол себепті жинақтарды жас кезде алу зейнеткерлік жасқа жеткендегі болашақ жинақтардың көлемін айтарлықтай азайтады», — делінген қор хабарламасында.

Таралған ақпаратта жеткіліктілік шегін есептеу жүйесі адамның қазіргі жалақысына емес, қартайғанда алатын төлеміне тікелей тәуелді екені айтылған.

> «Ең төменгі жеткіліктілік шегін (ТЖШ) есептеу салымшының қазіргі табысына емес, оның болашақта алуы тиіс нысаналы зейнетақысының көлеміне негізделеді. Ол үшін тиісті жаста зейнетақы шотында болуы керек және тіпті болашақта жарналар аударылмаған күннің өзінде қарттық шақта зейнетақы жинақтарының жеткілікті сомасын қамтамасыз ете алатын ең төменгі жинақ сомасы есептеледі», — деп нақтылады олар.

Бұған қоса мекеме зейнетақы аннуитетінің құны есептік шамадан түспеуі қажеттігін алға тартты.

> «Мәселен, салымшыға өмір бойы төленетін төлемдерге кепілдік беретін зейнетақы аннуитетінің құны есептік шамадан төмен болуы мүмкін емес. Сақтандыру компаниясы бұл құнды тек салымшының жас екендігіне немесе аннуитетті сатып алу үшін табысының жеткіліксіз болғанына сүйеніп қана төмендете алмайды. Дәл сол сияқты, ТЖШ шамасы да болашақта зейнетақы төлемдерінің мақсатты мөлшерін қамтамасыз ету үшін қажетті есептік деңгейден төмен болмауы тиіс», – деп түсіндірді қор.

Бұл мәліметтерге сүйенсек, жастарға қойылатын талаптар толығымен халықаралық стандарттар негізінде бекітіліп отыр.

---

Опубликовано: 2026-06-10T10:19:03+05:00

Обновлено: 2026-06-10T10:19:05+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-06-10-bzhzq-taghy-da-el-aldyna-shyqty-shekti-moelsherlemeni-oesirmese-ne-bolady/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.