---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-06-17-zhapondardan-qaryz-aldyq-qarzhy-ministrligi-ne-ueshin-ekenin-tuesindirdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Жапондардан қарыз алдық: Қаржы министрлігі не үшін екенін түсіндірді

![Уголок японской иены на фоне флага Японии](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/yaponskaya-iena-rezko-ukreplyaetsya-poskolku-chlen-banka-yaponii-prizyvaet-k-peresmotru-politiki-bizmedia.kz_.jpeg)

Қаржы министрі Мади Такиев Бюджет тапшылығын жабу үшін халықаралық қаржы ұйымдарынан тағы қарыз аламызды айтты.

[![Фото: Reuters](https://bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/yaponskaya-iena-rezko-ukreplyaetsya-poskolku-chlen-banka-yaponii-prizyvaet-k-peresmotru-politiki-bizmedia.kz_-1024x576.jpeg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/yaponskaya-iena-rezko-ukreplyaetsya-poskolku-chlen-banka-yaponii-prizyvaet-k-peresmotru-politiki-bizmedia.kz_.jpeg)Фото: Reuters

Бұл жолы 154,7 млрд жапон иенді Жапониядан аламыз. Бұл қаражат экономиканың маңызды бағыттарын қаржыландыруды қоса алғанда, үкіметтің бірінші кезектегі шараларын қолдауға мүмкіндік береді. Қарыздар бес жылдық жеңiлдiк кезеңiн қоса алғанда, өтеу мерзiмi 11 жыл берiледi. Олар бойынша міндеттемелер қаржы шарттарына сәйкес республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 

М. Тақиевтың айтуынша, рбір қарыз нақты бағдарлама мен көрсеткіштер жиынтығына байланысты.  Экономиканың тұрақты өсу бағдарламасы бар және онда көрсеткіштер көп. Олар орындалмаған немесе бұл қаражат игерілмеген жағдайда банкпен жасалған шарт бұзылуы мүмкін. Бірақ мұндай оқиғалар ешқашан болмағанын атап өткім келеді.

> «Мысалы, біз банкке осы қаражат есебінен 100 шақырым жол саламыз деп айтамыз. Егер біз бұл көрсеткішке қол жеткізбесек, онда шарт бұзылады. Немесе біз 5 мың оқушы орнын қамтамасыз етеміз дейміз. Егер салуға үлгермесек, шарт бұзылады. Яғни бұл бағдарлама бойынша жұмыс істейді», - деп жауап берді министр.

Министрдің  айтуынша, біз шетелден 1%, ең көп дегенде 2% қарыз аламыз.

> «Бізге де бес жылдық жеңілдікті кезең ұсынылуда, сондықтан біз осындай шешімге келдік», - деп түйіндеді Қаржы министрлігінің басшысы.

---

Опубликовано: 2026-06-17T12:36:36+05:00

Обновлено: 2026-06-17T12:45:58+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-06-17-zhapondardan-qaryz-aldyq-qarzhy-ministrligi-ne-ueshin-ekenin-tuesindirdi/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.