---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-07-22-ukraina-elshisi-qazaq-munajy-tielgen-tankerlerge-zhasalghan-shabuyl-turaly-bar-shyndyqty-zhajyp-saldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Украина елшісі қазақ мұнайы тиелген танкерлерге жасалған шабуыл туралы бар шындықты жайып салды

![Дрон в небе](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/03/na-poiski-3-letnej-devochki-v-almatinskoj-oblasti-napravleny-vertolety-i-drony-bizmedia-kz.jpg)

Қазақстандағы Украина елшісі Виктор Майко Каспий құбыр консорциумының Новороссийскідегі теңіз терминалында қазақстандық мұнай тиеп жатқан танкерлерге жасалған шабуылдарға Киевтің қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

[![Фото: РИА Новости/Константин Михальчевский.](https://bizmedia.kz/app/uploads/2024/03/na-poiski-3-letnej-devochki-v-almatinskoj-oblasti-napravleny-vertolety-i-drony-bizmedia-kz-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/03/na-poiski-3-letnej-devochki-v-almatinskoj-oblasti-napravleny-vertolety-i-drony-bizmedia-kz.jpg)Фото: РИА Новости/Константин Михальчевский.

Оның айтуынша, Қазақстанның бұл оқиғаларға алаңдаушылығын Украина түсінеді. Дегенмен дипломат қазіргі уақытта шабуылдарды Украина жасағанын дәлелдейтін нақты айғақтар жоқ екенін айтып, Киевке қатысты негізсіз айыптаулардан бас тартуға шақырды.

Виктор Майконың сөзінше, Украина билігі бұған дейін Ресей тарапынан украиналық дрондарды пайдаланып, арандатушылық жасалуы мүмкін екенін ескерткен. Ол Ресейдің радиоэлектрондық күрес жүйелері дрондарды істен шығарып немесе оларды өз бақылауына ала алатынын атап өтті.

Сондай-ақ елші бұл оқиғаларға қатысты барлық мән-жай мұқият зерттелуі тиіс екенін айтып, арандатушылық нұсқасын да тексеру қажет деп санайтынын жеткізді.

Дипломаттың айтуынша, Украина Қазақстанды, оның азаматтарын, инфрақұрылымы мен экономикалық мүдделерін әскери нысана ретінде қарастырмайды.

Ол Каспий құбыр консорциумының нысандарына немесе Қазақстанның өзге де энергетикалық және экономикалық инфрақұрылымына жасалған кез келген шабуыл Украина мүддесіне сай келмейтінін айтты.

Виктор Майко Қазақстанды Орталық Азиядағы маңызды серіктес әрі достас мемлекет ретінде бағалайтынын, екі ел арасындағы қарым-қатынас өзара сенім мен құрметке негізделе беруі тиіс екенін атап өтті.

---

Опубликовано: 2026-07-22T12:12:02+05:00

Обновлено: 2026-07-22T12:12:04+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-07-22-ukraina-elshisi-qazaq-munajy-tielgen-tankerlerge-zhasalghan-shabuyl-turaly-bar-shyndyqty-zhajyp-saldy/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.