---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-08-05-timur-turlov-kapital-baspa-ueji-men-birneshe-radionyng-teng-iesi-boldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тимур Турлов «Капитал» баспа үйі мен бірнеше радионың тең иесі болды

![Тимур Турлов](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2025/05/timur-turlov_bizmedia-kz_.jpg)

Forbes-тің – хабарлауынша, әңгіме «Капитал» баспа үйі, «Радио Дача», «Той Думан» телерадиокомпаниясы, Love Radio және «ЮМАКС» туралы болып отыр. Бұл ретте жалғыз құрылтайшысы Санжар Мұстафин болып табылатын «MUSAN Group» ЖШС «Капиталдың» тең иесі болып қала береді (3 тамыздағы жағдай бойынша).

[![Тимур Турлов. Фото: Валерий Аяпов](https://bizmedia.kz/app/uploads/2025/05/timur-turlov_bizmedia-kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2025/05/timur-turlov_bizmedia-kz_.jpg)Тимур Турлов. Фото: Валерий Аяпов

Turlov Private Holding медиарынқпен байланысты тағы бес компанияға кірді. Олар: «Grand FM» ЖШС (Love Radio), «СЕТА» ЖШС (Love Radio Қызылордада), «Тамаша FM» ЖШС («Радио Дача»), «Той Думан» ЖШС, «Юмакс» ЖШС (Шымкентте Umax FM өңірлік радиосы). Grand FM-де екінші құрылтайшы Санжар Мұстафин, «Тамаша FM» -те Толқын Мұстафина, қалғандарында MUSAN Group. Бұл активтердің барлығы Turlov Private Holding портфеліне 2026 жылғы 29 шілдеден бастап енгізілген.

Естеріңізге сала кетейік, Тимур Турлов медиа салада бірнеше активтерге ие. Turlov Private Holding арқылы оған 2026 жылдың қаңтарында тіркелген «Kursiv Media Holding» ЖШС тиесілі. Бұл компанияның «шатырына» «Alteco Partners» ЖШС (kz.kursiv.media сайты), «The Tenge» ЖШС, «OnInvestment» ЖШС, Media group KALAM, Clover Street Production (кино-, бейнефильмдер мен теледидар бағдарламаларын шығару, веб-порталдар қызметі,), UNITED RESEARCH TECHNOLOGIES GROUP (нарық конъюнктурасын зерттеу және қоғамдық пікірді зерделеу). Сондай-ақ, Turlov Private Holding «Tatler Kazakhstan» ЖШС құрылтайшысы болып табылады.

---

Опубликовано: 2026-08-05T09:55:43+05:00

Обновлено: 2026-08-05T09:55:45+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-08-05-timur-turlov-kapital-baspa-ueji-men-birneshe-radionyng-teng-iesi-boldy/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.