---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-08-17-vicze-premer-balaeva-baq-pen-blogerlerge-zhauap-berdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Вице-премьер Балаева БАҚ пен блогерлерге жауап берді

![Аида Балаева провела встречу с членами Национального курултая в Алматы](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/09/aida-balaeva-provela-vstrechu-s-chlenami-naczionalnogo-kurultaya-v-almaty-bizmedia.kz_.jpeg)

Мәдениет және ақпарат министрлігі әлеуметтік желілердегі БАҚ, журналист, белсенді және блогер аккаунттарын бұғаттауға қатысы жоғын мәлімдеді.

[![Фото: Gov.kz](https://bizmedia.kz/app/uploads/2023/09/aida-balaeva-provela-vstrechu-s-chlenami-naczionalnogo-kurultaya-v-almaty-bizmedia.kz_-1024x576.jpeg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/09/aida-balaeva-provela-vstrechu-s-chlenami-naczionalnogo-kurultaya-v-almaty-bizmedia.kz_.jpeg)Фото: Gov.kz

Вице-премьер, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева кейінгі кезде қоғамда жиі айтыла бастаған жаппай бұғаттау жөніндегі ақпаратқа жауап берді.

> «Министрлік әлеуметтік желі қолданушыларының, соның ішінде БАҚ пен журналистердің аккаунттарын бұғаттамайды. Мемлекет мұндай әрекетке де, сөз бен пікір еркіндігін шектеуге де мүдделі емес», – деді Аида Балаева.

Министрдің сөзінше, журналистер мен блогерлердің кәсіби қызметіне негізсіз тосқауыл қою жекелеген авторларға ғана емес, мемлекеттік органдардың беделіне де нұқсан келтіреді.

Мұндай оқиғалар билік институттарын әдейі қаралау және министрліктің сөз еркіндігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмысына кедергі жасау құралына айналып отыр.

Балаева алдағы Құрылтай сайлауы кезінде аталған мәселенің айрықша маңызға ие болатынын ескертті. Оның айтуынша, мемлекет журналистер мен блогерлердің заңды қызметін қорғауға міндетті.

Вице-премьер журналистердің кәсіби жұмыс барысында фото, аудио және бейне түсіруге, ақпарат таратуға құқығы барын да еске салды. Адамның рұқсатынсыз түсірілім жасауға ол көпшілік іс-шараға қатысқан, жария немесе қызметтік міндетін атқарған кезде, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті қорғау қажет болған жағдайда жол беріледі.

Сонымен бірге министр әлеуметтік желі әкімшіліктерін заңға қайшы контентті дер кезінде анықтап, өшіруге шақырды. Алайда құқық бұзатын материал мен заңды пікірді, кәсіби журналистика мен қоғамдық талқылауды бір-бірінен анық ажырату қажет екенін атап өтті.

> «Заңсыз контентпен күрес сөз еркіндігін негізсіз шектеуге ұласпауға тиіс. Сөз бостандығы мен жауапкершілік бір-біріне қайшы келмейді», – деді [Аида Балаева.](https://www.facebook.com/aida.balayeva.2025)

---

Опубликовано: 2026-08-17T12:45:58+05:00

Обновлено: 2026-08-17T12:46:00+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-08-17-vicze-premer-balaeva-baq-pen-blogerlerge-zhauap-berdi/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.