---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-01-qarzhy-naryghy-qaryz-ekonomikasynyng-tabyldyryghynda-tur/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қаржы нарығы қарыз экономикасының табылдырығында тұр

![Монета 1 тенге лежит на столе](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2025/04/33-rosta-za-schet-torgovli-eksperty-zayavili-o-peregreve-ekonomiki-kazahstana_bizmedia-kz_.jpg)

Осыдан жиырма жыл бұрын несиенің күнделікті өмірдің жалақы немесе коммуналдық төлемдер сияқты ажырамас бөлігіне айналатынын елестету қиын болатын. Цифрлық банк қосымшалары несие алуды тым жеңілдетті.

[![Фото: Roman Manshin \ Unsplash](https://bizmedia.kz/app/uploads/2025/04/33-rosta-za-schet-torgovli-eksperty-zayavili-o-peregreve-ekonomiki-kazahstana_bizmedia-kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2025/04/33-rosta-za-schet-torgovli-eksperty-zayavili-o-peregreve-ekonomiki-kazahstana_bizmedia-kz_.jpg)Фото: Roman Manshin \ Unsplash

«Қазір ал, кейін төле» (BNPL) жүйелері мен бөліп төлеу трендке айналды. Экономикалық белсенділік нақты табысқа емес, қарызға сүйеніп өсіп жатыр. Қаржы нарығы мен адамдардың тұтыну мәдениеті түбегейлі өзгерді.  Тіпті күнделікті шығындарға да ақша жетпесе  ломбардқа жүгінеді.  Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің дерегіне сәйкес, биылғы алты айда төлем мерзімі өткен барлық қарыз көлемі 2,6 трлн теңгеден 3,3 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Нәтижесінде мұндай несиелердің жалпы несие портфеліндегі үлесі 6,1%-дан 7,4%-ға жетті.

Несие сапасын бағалаудағы маңызды көрсеткіштердің бірі – төлемі 90 күннен астам уақытқа кешіктірілген қарыздар. Жыл басында олардың көлемі 1,58 трлн теңге болса, бірінші жартыжылдықтың қорытындысында 1,85 трлн теңгеге жеткен. Өсім – 17,2% құрады. Яғни ұзақ мерзім бойы өтелмей жатқан несиелердің өсу қарқыны жалпы несие портфелінің өсімінен бірнеше есе жоғары.

Қаржылық технологиялар дамығанымен, халықтың төлем қабілеті мен тұтыну мәдениеті күрделі кезеңді бастан кешуде. Күнделікті қажеттіліктерге қаражаттың жетпеуі және ломбардтарға тәуелділік — үлкен әлеуметтік-экономикалық трендтердің нәтижесі.

## Халықтың банктер алдындағы қарызы 25 триллион теңгеден асты

Соңғы 5 жылда халықтың қарыз міндеттемелері 2 есе өссе, шынайы табысы тек 15%-ға ғана ұлғайған. Табыстың өсу қарқыны қарыздың өсуінен 6 есе артта қалып жатыр. Экономикалық белсенді халықтың 80-90%-дан астамында (шамамен 9 миллионнан астам адам) кем дегенде бір белсенді несие бар. Санаттар бойынша 90 күннен асқан мерзімі өткен қарыздар (NPL90+) көлемі 1,2 триллион теңгені құрайды, ал  ҚНДРА  дерегінше 850 мыңға жуық адамның несие төлеуде айтарлықтай қиындықтары бар.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ломбардтардың қоржыны ғана 417 млрд теңгеге жетіп, жыл ішінде бірден 158 млрд теңгеге жеткенін айтып жатыр.

Пайдасы 2026 жылдың бірінші тоқсанында 54,7 млрд теңге. Иә, заң жүзінде бұл көрсеткіштерді қаржы секторының табысы деп есептеуге болады, өйткені ломбардтар Қазақстанның ресми қаржы жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. егенмен, бұл өсімді экономиканың сау дамуы мен халықтың әл-ауқатының артуы ретінде бағалауға болмайды.

## Экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан бұл көрсеткіштер қаржы нарығындағы мүлдем басқа үрдістерді көрсетеді

Бұл көрсеткіштер банк секторының немесе өндірістің табысы сияқты экономикалық өсімді емес, халықтың қаржылық тығырыққа тірелуінің жанама көрсеткішін білдіреді.   Бұл бәріміз үшін және жалпы қазақстандық қоғам үшін бұл алаңдатарлық диагноз. Қаржы ұйымдары рекордтық табыс көрсетіп, ал көптеген отбасылар ағымдағы шығындарды жабу үшін қарыз алуға мәжбүр болғанда, әңгіме қаржы жүйесін дамыту туралы емес. Әңгіме несиенің әлеуметтік саясат қызметін атқара  бастайтыны туралы болып отыр.   Мемлекет азаматтарды лайықты жалақымен, жәрдемақымен немесе тегін әлеуметтік қызметтермен (медицина, білім) толық қамтамасыз ете алмағанда, бұл рөлді банктер мен микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) өз мойнына алады.

Сарапшы Бейсенбек Зиябековтың айтуынша, несие халықтың сатып алу қабілетін уақытша қолдағанымен, кейін пайыздарды қайтару қажеттілігі оларды одан сайын кедейлендіре түседі.

> «Халықтың тапқан табысының айтарлықтай бөлігі пайыздар түрінде санаулы ғана ірі қаржылық топтардың қолына жиналады. Бұл орта таптың жойылуына әкеледі. Қарыздың шектен шығып кетуі қоғамдағы наразылық пен стрессті арттырады. Мұндай жағдайда мемлекет тарапынан тек «несиелерді кешіру» (амнистия) емес, халықтың нақты табысын арттыру, МҚҰ қызметін қатаң шектеу және базалық тауарлар бағасын бақылау сияқты жүйелі реформалар керек», - дейді  сарапшы.   

Нарықтық экономика мен неолибералдық реформалар мемлекеттік саясаттың философиясын әлеуметтік қамқоршыдан «тиімді менеджерге**»** қарай түбегейлі өзгертті. Бұл бағыт мемлекеттің экономикаға араласуын шектеп, нарық заңдылықтарын бірінші орынға шығарды. Билік тікелей басқарудан тек реттеу мен бақылау функцияларына көшті. Байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық өсіп, әлеуметтік теңсіздік күшейді.

> «Экономиканы қаржыландыру экономикадағы ғана емес, қоғамдық қатынастардағы да өзгерістерге ықпал етеді. Жалақыны банк картасына аламыз, баламыздың оқуын төлеу алтынымызды ломбардқа кепілге қоя саламыз.
> 
> 
> 
> 
> 
> 
> 
> Әрбір осындай транзакция қаржы секторы үшін пайда көзіне айналады. Егер индустриялық капитализм негізінен еңбекті пайдалану арқылы пайда тапса, онда қаржылық капитализм оны қарыздарға қызмет көрсету арқылы жиі алады.Ломбардтар - бұл әлеуметтік әл-ауқаттың өзіндік барометрі. алықтың табысы азайғанда немесе инфляция өскенде, ломбардтарға баратындар саны күрт артады. Несие тарихы нашар немесе ресми табысы жоқ адамдар үшін бұл — жылдам ақша табудың жалғыз жолы», - дейді сарапшы.

Ішкі жалпы өніммен бірге  халықтың борыштық жүктемесi, тұтынушылық кредит беру ауқымы, қаржы секторының пайдасы мен мүлiктiк теңсiздiк өсуде. Макроэкономикалық көрсеткіштер неғұрлым қолайлы көрінсе, халық күнделікті шығыстарға соншалықты белсенді түрде ақша алады.  

Экономикалық саясат дәстүрлі түрде үш мақсатқа - төмен инфляцияға; банк жүйесінің орнықтылығы; қаржылық тұрақтылық.  Қаржылық тұрақтылықты банк теңгерімдерінің орнықтылығымен ғана өлшеуге болмайды. Оны үй шаруашылықтарының әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен ел азаматтарының әл-ауқатының деңгейі арқылы бағалау қажет**.**

Неолибералдық экономикалық теория ондаған жылдар бойы бізді еркін нарық кез келген әлеуметтік проблемаларды өз бетінше шеше алатынына сендірді. Экономикалық өсу халықтың табысын автоматты түрде арттырады, ал қаржылық ырықтандыру капиталға кеңiнен қол жеткiзудi қамтамасыз етедi деп болжанған болатын.

Шындық өзгеше көріністі көрсетеді.

Несие әлеуметтік қорғауды толық алмастыра алмағанмен, онын кейбір функцияларын уақытша атқарып жүр. Қазақстандағы халықтың несие алу деңгейі «қызыл сызыққа жақындады немесе кейбір көрсеткіштер бойынша одан асып кетті**.** Ұлттық банк, Дүниежүзілік банк және қаржы сарапшылары елдегі закредитованность (қарыз жүктемесі) мәселесін өте күрделі деп бағалап отыр.

## Үкімет несие беру ережелерін өзгертті

Тіпті онлайн-несиелерді бірден рәсімдеуге тосқауыл қойылып, азаматтардың ойлануына уақыт беретін ереже енгізілді. Несие дағдарысына тап болған азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру және қарыз жүктемесін жеңілдету бойынша мемлекеттік бағдарламалар жұмыс істеп жатыр.

Қаржы секторы өнеркәсіпке қарағанда жылдам дамуда. Банктер іс жүзінде кез келген өмірлік жағдайдың басты бенефициарына айналатын экономика пайда болады. Б. Зиябековтың айтуынша, экономикалық циклдің кез келген кезеңінде банктер пайда таба алады. Біраз елдер  бұл теңгерімсіздікті реттеп, капиталды қайтадан реалды өндіріске (өнеркәсіпке) бағыттаудың жолдарын іздей бастады.

> «Сапалы жұмыс орындарын құратын жеделдетілген өнеркәсіптік саясат қажет. Басқаша айтқанда, несие халықтың өмір сүру тәсіліне емес, қайта экономиканы дамытудың құралына айналуы тиіс», - дейді Б. Зиябеков.

Халықтың банктер алдындағы қарызы  әлеуметтік-экономикалық модельдің жай-күйінің индикаторы. Мемлекет экономиканың жай-күйін ІЖӨ-нің өсу қарқыны, банктердің пайдасы және формальды қаржылық тұрақтылық бойынша бағалауды жалғастырып жатқанда, қоғамның әл-ауқатының басты көрсеткіші - адамдардың өз болашағын кезекті несиенің кепіліне айналдырмай лайықты өмір сүру қабілеті тиісті назардан тыс қалып отыр. Борыш әлеуметтік саясаттың жаңа формасына айналатын экономика адамға қызмет етуді тоқтатады. Ол қаржы капиталына қызмет ете бастады.

---

Опубликовано: 2026-09-01T08:09:42+05:00

Обновлено: 2026-09-01T08:09:44+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстанның қаржылық жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstannyng-qarzhylyq-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-01-qarzhy-naryghy-qaryz-ekonomikasynyng-tabyldyryghynda-tur/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.