---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-05-bernli-bapkeri-men-zhankuejerleri-bizding-dastan-twraly-ne-ajtyp-zhatyr/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Бернли бапкері мен жанкүйерлері  біздің Дастан туралы не айтып жатыр 

![Футбольный клуб «Окжетпес» начал переход в частную собственность](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/02/futbolnyj-klub-okzhetpes-nachal-perehod-v-chastnuyu-sobstvennost_bizmedia-kz_.jpg)

«Норвичке» қарсы кездесуде (1:4) «Бернли» ірі есеппен жеңілгеніне қарамастан, 18 жастағы Дастан Сәтпаевтың ойыны бапкерлер құрамы, сарапшылар мен жанкүйерлер тарапынан өте жоғары бағаланды. Ол команданың жеңілісіне қарамастан алаңдағы ең жарқын фигура болды.

[![Фото: Getty Images / matimix](https://bizmedia.kz/app/uploads/2026/02/futbolnyj-klub-okzhetpes-nachal-perehod-v-chastnuyu-sobstvennost_bizmedia-kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/02/futbolnyj-klub-okzhetpes-nachal-perehod-v-chastnuyu-sobstvennost_bizmedia-kz_.jpg)Фото: Getty Images / matimix

Осыған дейін чемпионшиптің 4-туры аясында өткен **«**Бернли» – «Мидлсбро» кездесуі (1:1) Дастан Сәтпаев үшін нағыз бенефис болды. 18 жастағы қазақстандық шабуылшы гол немесе нәтижелі паспен көзге түспесе де, алаңдағы алапат белсенділігі үшін матчтың үздік ойыншысы (Man of the Match / MOTM) ресми марапатын иеленді. Бұл — оның Англия карьерасындағы алғашқы жеке жүлдесі. 

Матчтан кейін «Бернли» жанкүйерлерінің әлеуметтік желідегі пікірлерінде бір нәрсе анық байқалды: командаға наразылық көп болғанымен, Сәтпаевқа сын аз. Керісінше, жанкүйерлер қазақстандық футболшыны команданың ең жарқын ойыншыларының бірі ретінде атады. Қазақ шабуылшысының жанқиярлығы мен техникасы «Бернли» жанкүйерлерін тәнті етті. Олар әлеуметтік желілерде команданың ірі есеппен ұтылғанына қарамастан, жалғыз позитивті сәт Сәтпаевтың ойыны болғанын жазып, оны «болашақ супержұлдыз» деп атады.  

**«Бернлидің» бас бапкері Ники Хайен матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында Дастанды бүкіл командаға үлгі етіп көрсетті**.

Ники Хайеннің «Бүгін Дастанды өздеріңіз де көрдіңіздер – 18 жастағы жігіт алаңдағы ең үздік ойыншы болды. Егер Дастанның командаға қандай энергия қосқанын, ұжым үшін қалай жан аямай күрескенін көрсеңіздер, дәл осындай ойын үлгісін алаңдағы әрбір футболшы көрсетуі керек», деп келтірді luxfm.kz. 

Ники Хайен 18 жастағы Дастанның матчта белсенді болғанын, қауіпті шабуылдар ұйымдастырғанын және командаластарына үлгі болып жүргенін атап өтті.Журналистің «Сіз жеке тұлғалар туралы көп айтқанды ұнатпайтыныңызды білемін, бірақ біз тағы да Дастан туралы айтуға міндеттіміз - ол матчтың үздік ойыншысы атағына ие болды. Ол командаға нені әкеледі?» деген  сұрағына Ники Хайен «Мен үшін жас маңызды емес. Командаға қуат пен абырой әкелсеңіз 18 жастса та, 35 жаста да ойнай бересіз.

Біз кәсіби футболдың дәмін білетін тәжірибелі ойыншылардың жақсы араласуы мен теңгерімін жасап жатырмыз. Мен оларға футбол ойнауды үйретпеймін, бірақ үлкен жігіттер жастарды бағыттап, жағдай нашар болғанда, мысалы, сол менталитетті сақтап қалу керек. Бұл ретте жас жігіттердің энергия мен қарқындылықты әкеліп, үлкендерге үлгі бола алатыны өте жақсы. Егер осылардың бәрін бірге араластыру мүмкін болса, бізде мықты команда болады. Және мен 100 пайыз сенімдімін, әсіресе бүгінгі екінші таймнан кейін біз жағдайды өзгертеміз. Мен айтып өткенімдей, мен үлкен шыдамдылық сұрап отырған жоқпын, себебі футбол қалай жұмыс істейтінін білемін, бірақ сіз өзіңіз көріп отырсыз, сондықтан... иә, біз жұмысты жалғастырамыз» дейді Ники Хайен.

БАҚ құралдарының мәліметінше, ағылшындық «Бернли» сапында өнер көрсететін 18 жастағы қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтбаев айына шамамен 14 мың фунт стерлинг (бұл қазіргі бағаммен шамамен 8,5 — 9 миллион теңге) жалақы алады.  

**Көптеген сарапшылар ****Қазақстан клубтары бұл жалақыны еш қиындықсыз бере ала****тынын айтады**

Қазақстан Премьер-лигасының (ҚПЛ) жетекші клубтарында («Ордабасы», «Астана», «Қайрат», «Ақтөбе») жетекші футболшылар мен легионерлер айына 10-нан 20 миллион теңгеге дейін (тіпті одан да көп) жалақы алады. Сондықтан Дастанның 9 млн теңгелік айлығы қазақстандық топ-клубтар үшін орташа немесе қалыпты сома болып есептеледі. Бернлиде» Сәтбаевтың жалақысының 90%-ға жуығы (12 мың фунт) ата-анасының арнайы есепшотына аударылып отырады және ол бұл ақшаны тек 22 жасқа толғанда ғана ала алады. Қазір оның өзіне айына тек 2 мың фунт (шамамен 1,2 млн теңге) ғана беріледі.

Бұл — жас футболшының қаржылық болашағын қорғауға арналған өте ақылды және жиі кездесетін қадам. Мұндай жүйе спортшының ерте жастан үлкен ақшаға мастанып кетпей, мансабына назар аударуына көмектеседі.Бұл — Англияда жас ойыншыларды үлкен ақшадан және оны бейберекет жұмсаудан қорғау үшін жасалған тәжірибе. Сарапшылар Дастан Сәтбаев үлкен ақшаны емес, Еуропадағы үлкен мансап пен тәжірибені таңдап, дұрыс қадам жасағанын айтады. Бұл пікірмен толықтай келісуге болады, себебі Дастан Сәтпаевтың «Қайраттан» лондондық «Челсиге» ауысып, одан әрі тәжірибе жинау үшін бірден **«**Бернли» клубына жалға берілуі — оның ұзақ мерзімді мансапты бірінші орынға қойғанын дәлелдейді.

---

Опубликовано: 2026-09-05T12:38:51+05:00

Обновлено: 2026-09-05T12:38:54+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/), [Өмір салты](https://kk.bizmedia.kz/oemir-salty/), [Спорт](https://kk.bizmedia.kz/oemir-salty/sport/)

Метки: [Казахстан](https://kk.bizmedia.kz/tag/kazahstan/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-05-bernli-bapkeri-men-zhankuejerleri-bizding-dastan-twraly-ne-ajtyp-zhatyr/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.