---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-05-tengge-ishki-naryqta-nege-aelsiz/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Теңге ішкі нарықта неге әлсіз 

![Инфляция](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/03/screenshot-2026-03-10-at-16-25-15-edited.jpg)

«Мықты теңге феноменінің» ішкі нарықта әлсіз сезілуі және ұлттық валюта нығайса да, тауарлар мен қызметтер бағасының төмендемеуі ел экономикасының құрылымдық проблемалары мен жоғары импортқа тәуелділігіне байланысты.

[![Фото: pch.vector / Freepik.com](https://bizmedia.kz/app/uploads/2026/03/screenshot-2026-03-10-at-16-25-15-edited-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/03/screenshot-2026-03-10-at-16-25-15-edited.jpg)Фото: pch.vector / Freepik.com

Сыртқы факторлар (Ұлттық қордан трансферттер, жоғары базалық мөлшерлеме және «кэрри-трейд» операциялары) теңгені долларға шаққанда жасанды түрде күшейткенімен, ішкі нарықта бұл күш көрінбейді. Қазақстан ішкі тұтыну тауарларының, техника мен киім-кешектің басым бөлігін сырттан тасымалдайды. Доллар арзандағанымен, халықаралық логистика, тасымалдау құны, шекарадағы кедендік шығындар мен делдалдардың үстеме ақысы қымбаттап отыр. Осы шығындар теңгенің нығаюынан келетін пайданы «жеп қояды».  

**Елдегі ішкі инфляция деңгейі әлі де жоғары**

Теңгенің нығаюы» немесе «валюталық carry trade» (кэрри-трейд) феноменіне қатысты айтылып тұр. Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені жоғары деңгейде ұстап тұруы (қатаң монетарлық саясат) және сыртқы инвесторлардың теңгедегі мемлекеттік құнды қағаздарды (МҚҚ) жаппай сатып алуы ұлттық валютаның негізсіз нығаюына әкелді.

Тамыздағы мәлімет бойынша жылдық жоспардың 84 пайызы игерілген. Қалған сома шамамен 450 млрд теңгені құрайды.  Halyk Finance бағалауынша, қаражат бұрынғы қарқынмен жұмсалса, Ұлттық қор трансферттерінің жылдық лимиті тамыздың соңына қарай таусылуы мүмкін. Мұндай жағдайда билік жыл соңына дейінгі трансферт параметрлерін қайта қарауы ықтимал. Егер Ұлттық қор қаражатын пайдалану көлемі ұлғайса, ішкі нарықта сатылатын валюта да көбеюі мүмкін. Өзге жағдайлар өзгермеген кезде мұндай қадам теңгенің одан әрі нығаюына ықпал етеді. 

Кәсіпкерлер мен импорттаушылар баға белгілеуде теңгенің бүгінгі «мықты» бағамына емес, ертеңгі күнгі құлдырау тәуекеліне (девальвациялық күтулерге) иек артады. Олар болашақ шығындарды сақтандыру үшін бағаны төмендетпейді.  Ішкі нарықтағы негізгі тауар жеткізушілер мен ірі ритейлерлер (сауда желілері) бағаны өздері бақылайды. Бәсекелестік аз болғандықтан, валюта бағамы түскен кезде олар бағаны арзандатуға асықпайды, керісінше өз маржасын (пайдасын) арттыруға тырысады. юджеттік шығындардың жоғары болуы және Ұлттық қордан экономикаға құйылып жатқан үлкен көлемдегі теңге массасы ішкі сұранысты жасанды түрде жоғары ұстап тұр. Сұраныс жоғары жерде баға ешқашан төмендемейді. Доллар арзандаған кезде, олардың валюталық табысын теңгеге айырбастағандағы сомасы айтарлықтай азаяды, ал ішкі шығындары сол күйі қалады (немесе инфляциямен өседі). Бұл кәсіпорындардың пайдасын (маржасын) нөлге түсіреді. Экономикада шикізат секторынан (Ұлттық қор трансферттері есебінен) келетін ақша валютаны нығайтып, өңдеуші өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын тұралатып тастайды. Шикізаттық емес экспортты дамыту туралы мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі жойылады, себебі мықты теңге жағдайында дайын өнімді сыртқа шығару тиімсіз болып қалады.

**Қазақстанның республикалық бюджеті «мықты теңге» феномені салдарынан 2026 жылдың бірінші тоқсанында ғана 146 миллиард теңге табысынан айырылды**

**540 теңге** деңгейі бекітілген, алайда нақты орташа бағам шамамен **497,7 теңгені** құрап, жоспардан 42,3 теңгеге төмен (яғни, теңге мықтырақ) болған. Сарапшылардың есептеуінше, доллар бағамының бекітілген жоспардан нығаю жағына қарай ауытқыған әрбір 1 теңгесі бюджетке тоқсанына шамамен 3,45 миллиард теңге шығын әкеледі. Теңгенің шамадан тыс күшеюі инфляцияны тежеуге көмектескенімен, мемлекеттік қаржыны (бюджетті) тапшылыққа тірейтін «фискалдық тұзақ» қаупін тудырды.

**Б**ұл тақырып 2026 жылы Қазақстан қаржы нарығындағы ең басты оқиғалардың біріне айналды. Financial Times басылымының деректеріне сүйенсек, теңге жыл басынан бері АҚШ долларына шаққанда **9,**7%-ға нығайып, Еуропа мен** **Азиядағы ең тиімді әрі күшті валюталардың бірі деп танылды. Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені инфляция деңгейінен айтарлықтай жоғары ұстауы (16%-дан жоғары) және Euroclear жүйесіне қосылу жоспарлары халықаралық инвесторларды қатты қызықтырды. Шетелдіктердің теңгелік мемлекеттік облигацияларға салған инвестициясы 2 млрд доллардан 5 млрд долларға дейін өсті. **С**ырттан келетін тауарлардың (импорттың) теңгемен есептегендегі бағасын арзандады.  

Тамыз айында теңге долларға шаққанда 2,6 пайызға нығайып, 461,57 теңгеге жетті.

Halyk Finance сарапшылары ұлттық валютаның күшеюін нарықтағы шетел валютасы ұсынысының сұраныстан басым болуымен және бейрезиденттердің теңгелік активтерге қызығушылығымен байланыстырады. Тамыз айында Ұлттық банктің ішкі валюта нарығына қатысу белсенділігі мен құрылымында айтарлықтай өзгерістер орын алды. Қаржы реттеушісі нарық бейтараптығын сақтай отырып, өз операцияларының көлемін төмендетті. Тікелей валюталық интервенция жасаған жоқ. Төл валютамыздың 2,6%-ға нығаюы тек нарықтағы іргелі факторлар мен сұраныс пен ұсыныстың нәтижесінде болды. ****Тамызда Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттер бөлу мақсатында 200 млн АҚШ доллары көлемінде валюта сатылды. Бұл шілдедегі көрсеткішпен салыстырғанда ($617 млн чистые продажи) айтарлықтай аз және соңғы екі жылдағы ең төменгі деңгейлердің бірі болып табылады

Halyk Finance теңгені қолдаған негізгі фактор ретінде шетелдік портфельдік инвесторлардың капиталын атайды. Бейрезиденттердің теңгелік активтерге қызығушылығына бірнеше жағдай әсер еткен:

• теңгелік құралдардың жоғары нақты кірістілігі;

• Ұлттық банк пен Ұлттық қор резервтерінің өсуі;

• S&P агенттігінің Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін көтеруі.

Тамызда бейрезиденттердің мемлекеттік бағалы қағаздарға салған портфельдік инвестициясы 52,3 млн долларды құрады. Шілдеде бұл көрсеткіш 193,9 млн доллар болған.

Түсім азайғанымен, сарапшылар бейрезидент капиталының валюталық ұсынысты қолдаудағы ықпалы елеулі деп есептейді.

Қыркүйекте Ұлттық қордан 200–300 млн доллар сату жоспарланып отыр

Алтын операцияларын айналау аясында тағы 374 млрд теңгеге балама шетел валютасы нарыққа шығарылмақ.  Ұлттық банк қыркүйектен бастап Ұлттық қормен жүргізілетін операцияларды ішкі валюта нарығында айналау тетігіне көшіретінін де мәлімдеген. Осы бағыттағы сатылым көлемі 200–300 млн доллар аралығында бағаланып отыр.

Алайда Halyk Finance сарапшылары мұнда нақтылауды қажет ететін мәселе барын атап өтті. Әзірге аталған 200–300 млн доллар Ұлттық қормен байланысты операциялардың жалпы көлеміне кіре ме, әлде нарықтағы валюта ұсынысының бөлек көзі бола ма толық түсінікті емес.

Сыртқы инвесторлардың алыпсатарлық капиталы мен Ұлттық банктің қатаң монетарлық саясатына негізделген феномен. Нарық үшін бұл қазір инфляцияны басуға көмектескенімен, отандық өндірушілер мен мемлекеттік бюджет үшін үлкен сынақ болып тұр.

---

Опубликовано: 2026-09-05T12:36:05+05:00

Обновлено: 2026-09-05T12:36:08+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Aқша](https://kk.bizmedia.kz/mangyzdy/aqsha/), [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстанның қаржылық жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstannyng-qarzhylyq-zhangalyqtary/), [Маңызды](https://kk.bizmedia.kz/mangyzdy/)

Метки: [Бюджет](https://kk.bizmedia.kz/tag/byudzhet/), [Казахстан](https://kk.bizmedia.kz/tag/kazahstan/), [Тенге](https://kk.bizmedia.kz/tag/tenge/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-05-tengge-ishki-naryqta-nege-aelsiz/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.