---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-09-oqushygha-zhajly-kengistik-almaty-mektepteri-qalaj-zhangaruda/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Оқушыға жайлы кеңістік: Алматы мектептері қалай жаңаруда?

![В Каскелене скончался ученик в одной из школ города](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/01/v-kaskelene-skonchalsya-uchenik-v-odnoj-iz-shkol-goroda_bizmedia-kz_.jpg)

Сарапшылар жаңа мектеп салғаннан гөрі, сейсмикалық талаптары мүмкіндік берсе, мектепті күрделі жөндеуден өткізіп, заманауи кеңістікпен қамтудың тиімді екенін айтады. Ал Алматыда оқушы орындарының тапшылығы 30 мыңға жуықтап отырғандықтан, мектеп кеңістігі мәселесі айрықша өзекті болып отыр.

[![Фото: РИА Новости / Александр Кряжев](https://bizmedia.kz/app/uploads/2026/01/v-kaskelene-skonchalsya-uchenik-v-odnoj-iz-shkol-goroda_bizmedia-kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/01/v-kaskelene-skonchalsya-uchenik-v-odnoj-iz-shkol-goroda_bizmedia-kz_.jpg)Фото: РИА Новости / Александр Кряжев

Биыл мегаполисте 11 700 орынға арналған сегіз жаңа жайлы мектеп ашылды. Ал жыл соңына дейін тағы бірнеше нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр.

> «Бірақ мұның өзі басты мәселені шешпейді. Мектепті оқушы өзін жайлы сезінетін орта, білім алу кеңістігі ретінде қалай жабдықтауға болады? Яғни, қарым-қатынас пен демалысқа арналған орын қалыптастыру – қазіргі білім беру сәулетінің негізгі бағыттарының біріне айналып отыр. Бұл мәселеде ең қиыны мектеп ғимаратына тағы бір қабат қосу немесе жаңа спорт залын салу емес, ол мектептің ағымдағы әрі қалыптасқан білім беру үрдісіне кедергі келтірмеумен байланысты. Мұндай жағдайда құрылысшылар жұмысын жедел атқаруды жоспарласа, мектеп басшысы бір мезетте қауіпсіздікті, сабақ кестесінің бұзылмауын, оқушыларды шаң-тозаңнан алыс ұстау, дұрыс  тамақтануды және баланың бір кабинеттен екіншісіне қалай өтуде қауіпсіздігінің сақталуын ойлайды. Сондықтан оқушы үшін жайлы кеңістік қалыптастыруда ескеретін жайттар жеткілікті», – дейді мектепті кеңейту тәжірибесімен бөліскен Lakeview School Almaty директоры Гүлнара Карамендинова.

Оның айтуынша, шаршы метрді ұлғайту арқылы білім сапасын арттыра алмаймыз. Сондықтан кеңістік оқу үдерісінің ажырамас бөлшегі ретінде қызмет етуі тиіс. Қаладағы мұндай кеңістіктердің ішінде Lakeview мектебіндегі функционалдық аймақтарға бөлу жүйесінің тиімділігін айта кетуге болады. Мысалы, гуманитарлық пәндер бір блокқа, математика мен жаратылыстану ғылымдары екінші блокқа шоғырланған. Бұл оқушыға да, педагогтерге де қолайлы. Қажетті жабдықтар қолжетімді әрі ыңғайлы жерде орналасқан.

Әр блоктың өзіндік білім беру материалдары, сәулеті пәнге тән етіп жабдықталған. Мұндай кеңістік баланың білім алу үрдісінде еркін сезінуге және  үнемі партада отыруы немесе дәлізде сап түзеп жүруі керек дегеннен алшақ формаларды қарастыралады. Кеңістіктің пәнге лайықты жабдықталуы оқушының сол пәнге деген қызығушылығын арттырады. Сондықтан рекреациялық аймақтарда диван, ал мектеп аумағында әңгімелесуге, кітап оқуға немесе үзіліс кезінде жай ғана тынығып отыруға болатын күркелер мен арнайы орындарды жабдықтаудың пайдасы зор.  

Мұндай тәсіл бүгінде еліміздің білім беру жүйесіне енгізіліп жатқан жаңа үрдістермен үндеседі. Дегенмен кейде ересектер:

> «Диван қойсаң, балалар оны міндетті түрде бүлдіреді. Бірақ кеңістіктің өзі де тәрбиелейді. Егер балаға сенім білдіріп, оған қалыпты жағдай жасалса, ол біртіндеп сол ортаға жауапкершілікпен қарауды үйренеді. Тәртіп тек тыйымнан туындамайды. Бала мектептің өзі үшін жасалғанын сезінген кезде, оны қорғап, ұқыпты ұстау жауапкершілігін де өзі сезіне бастайды», - дейді ол.

Айтуынша, мұндай ұстаным мемлекеттік бастамалармен де үндеседі. Қазақстанда «Адал азамат» бағдарламасы аясында бірыңғай тәрбие ортасы қалыптастырылып, білім беру кеңістіктері жаңа Конституцияның құндылықтары мен нормаларын және «Таза Қазақстан» идеяларын бейнелейтін арнайы брендбук негізінде безендіріліп жатыр. Сонымен қатар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін мектептердің қолжетімділігін қамтамасыз етудің жаңа ұлттық стандарты күшіне енді. Мемлекет 1000 мектепті жайлы, қауіпсіз әрі заманауи ортамен қамтамасыз етуді көздеп отыр. Сондай-ақ физика, химия, биология және STEM бағыттары бойынша пәндік кабинеттермен жабдықталған мектептердің үлесін 90 пайызға дейін арттыру жоспарлануда. Сондықтан болашақтың білімі ғимараттарды жаңартумен ғана шектелмей, оқыту тәсілдерін де қайта қарауды талап етеді. Қазақстанда «барлығына бірдей мектеп» моделінен біртіндеп бас тарту үдерісі жүріп жатыр. Бүгінде әр баланың денсаулық ерекшеліктеріне қарамастан, өзін оқу үдерісінің толыққанды қатысушысы ретінде сезінуіне мүмкіндік беретін кедергісіз орта қалыптастыруға басымдық берілуде.

Биыл елімізде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін мектептердің қолжетімділігін қамтамасыз етудің жаңа ұлттық стандарты қолданысқа енді. Оған сәйкес пандустар, лифтілер, тактильді навигация және арнайы жабдықтар мектеп жобаларының міндетті бөлігіне айналды. Сондықтан қазіргі мектептерде психологиялық тұрғыдан тынығуға арналған бөлмелер, сенсорлық аймақтар және ішкі тепе-теңдікті қалпына келтіруге мүмкіндік беретін тыныштық орындарының пайда болуы оқушыны білім алу кеңістігінде жайлы сезінуге ғана емес, сапалы білім алуға да қанаттандырады.

Сәулеті көркем бөлмелер, заманауи материалдар, жаңа технологияларды қолдана отырып білім алу әр оқушы үшін қауіпсіздікті, өзіне деген қамқорлықты сезінуге ықпал етеді. Оқушы осы ортада өзіне деген ерекше қамқорлықты, болашаққа сапалы біліммен ғана қадам басуға болатынын сезінгенде әр оқушыдан  айналасын бағалай білетін, елжанды, білім ұрпақ өсіп-өнеді. Жаңа білім беру сәулетінің ең басты жетістігі де осында да.

---

Опубликовано: 2026-09-09T10:42:01+05:00

Обновлено: 2026-09-09T10:42:04+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Алматы жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/almaty-zhangalyqtary/), [Білім](https://kk.bizmedia.kz/oemir-salty/bilim/), [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-09-oqushygha-zhajly-kengistik-almaty-mektepteri-qalaj-zhangaruda/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.