---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-10-zhi-men-daestuerli-zhurnalistika-arasyndaghy-teke-tires-songghy-tuejindi-kim-ajtady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Жи мен дәстүрлі журналистика арасындағы теке-тірес: соңғы түйінді кім айтады?

![Искусственный интеллект](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/07/ii.jpg)

Жасанды интеллект журналистикаға енгелі бері редакцияларда екі ұғым жиі айтылатын болды: "автоматтандыру" және "адам факторы". Бірі екіншісін алмастырады ма, әлде екеуі қатар өмір сүре ме? Бұл сұраққа жауап іздеп көрейік.

[![Фото: Getty Images / cherdchai chawienghong](https://bizmedia.kz/app/uploads/2026/07/ii-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/07/ii.jpg)Фото: Getty Images / cherdchai chawienghong

## Сандар сөйлегенде

Жасанды интеллект бүгінде мәтін жазудан бастап, видео өңдеуге дейінгі шығармашылық процестерді түбегейлі өзгертті. Мазмұнды дайындау жылдамдығы бірнеше есе өсті, ал оның қолжетімділігі жаңа деңгейге көтерілді.

Халықаралық тәжірибеге жүгінсек, АҚШ-та халыққа ұсынылатын күнделікті қысқа жаңалықтардың, қаржылық және спорттық есептердің шамамен 82 пайызы ЖИ көмегімен автоматты түрде немесе оның қолдауымен дайындалады. Отандық редакциялар да бұл үрдістен тыс қалған жоқ. Біздің БАҚ өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда контенттің 40-50 пайызы белгілі бір деңгейде ChatGPT, Gemini сияқты үлгілердің көмегімен өңделіп, жетілдіріледі.

Егер 2020 жылдардың басында кез келген сараптамалық материалды дайындауға бірнеше сағат уақыт жұмсалса, бүгінде ChatGPT, Claude секілді үлкен тілдік үлгілер оны бірнеше секундта ұсынады. Осы тұста пікірлер екіге жарылды. Бір топ мамандар ЖИ-ді журналистиканың "жаназасын шығаратын" күш деп санаса, екіншілері оны салаға жаңа тыныс әкелген технология деп бағалайды. Алайда уақыт көрсеткендей, алға шығып жатқандар тек ЖИ-ді пайдаланатындар емес, оны өзіндік адамдық көзқараспен, эмоциямен және бірегей тәжірибемен толықтыра алатын авторлар екен.

## Автор кім және құқық кімде?

ЖИ-дің журналистикаға енуімен бірге заңдық және этикалық мәселелер де туындады. Ең бастысы – авторлық құқық. Халықаралық тәжірибеде бұл мәселе әр елдің ұлттық заңнамасы, сот жүйесі және халықаралық конвенциялар арқылы реттеледі. Дегенмен, ортақ үрдіс байқалады: егер шығарманың жартысынан астамында ЖИ-дің ізі анық байқалса, онда оның авторы адам емес деген тұжырым жасалады.Бұл қағиданың нақты көрінісін өткен жылы көруге болады. The Guardian басылымы ағылшын жазушысы Джерри Фаладенің "Call Me, I’ll Hide the Body" атты детективті романының стилі мен құрылымынан жасанды интеллекттің қолтаңбасын байқады. Нәтижесінде баспагерлер де, автордың әдеби агенті Марк Джеральд та миллиондаған долларлық мәміледен бас тартуға мәжбүр болды.

Осы мәселе ғылыми деңгейде де талқылануда. Өткен тамызда ағылшын тіліндегі Nature Human Behavior журналы "Жасанды интеллект: Үлкен тілдік үлгілері әуіріндегі лингвистикалық әртүрліліктің қысқарып келе жатқан ландшафты" атты мақала жариялады. Авторлар интернеттегі 880 мыңнан астам хабарламаны талдап, ЖИ мәтіндерінің сайттарда, әлеуметтік желілерде, жаңа кітаптарда жаппай жарияланып, тілдің табиғи әртүрлігін азайтып жатқанын атап өтті.

## ЖИ-дің "қолтаңбасы"

Сарапшылардың пікірінше, ЖИ-дің осал тұстарын аңғару қиын емес. Жасанды интеллект мәтіндеріне "болып табылады", "сонымен" деген сөздер мен клишелер тән. Шағын мәтінді де міндетті түрде мектеп эссесі сияқты қорытындылауға бейім. Қарапайым нәрсені сипаттағанда да "маңызды рөл атқарады", "болашаққа жол ашады", "айнымас серігіне айналды" деген сияқты асқақ тіркестерді орынсыз қолданады.

Мұндай тілдік клишелер 2022 жылдан бастап аспаздық кеңестерде ғана емес, тарихи, саяси, тіпті ғылыми мақалаларда да кеңінен тарады. Зерттеушілер егер бұл үрдіс сақталса, 30 жасқа дейінгі пайдаланушылар арасында жазбаша және сөйлеу қарым-қатынасының даралығы түпкілікті жоғалады деп алаңдайды.

## Қазақстандағы ерекшелік

Жаңа медиа мен дәстүрлі журналистика арасындағы текетірес Қазақстанда өзіндік сипатқа ие. Мұны жай ғана "интернет пен газеттің жарысы" деп қарастыру дұрыс емес. Бұл үлкен әлеуметтік-экономикалық үрдіс.Бір жағынан, ЖИ құралдары өте сенімді көрінетін жалған мәтіндерді, дипфейк аудио және видеоларды секунд ішінде жасап шығарады. Бұл қоғамды адастыру қаупін арттырады. Сонымен қатар ЖИ интернеттегі дайын материалдарды өңдеп беретіндіктен, авторлық құқық шекарасы бұлдырап, журналистердің бірегей еңбегі құнсызданады.

Екінші жағынан, аудитория мен нарықтық ықпал тұрғысынан басымдық жаңа медиа жағында. Instagram, TikTok және Telegram-дағы таза қазақ тілді, пайдаланушылар жасаған контент пен подкастар кең тарады. Жарнама берушілер де бюджетін дәстүрлі БАҚ-тан гөрі, миллиондық аудиориясы бар блогерлер мен цифрлық платформаларға бағыттауда.Дегенмен, фейк ақпарат пен қауесет қаптаған заманда кәсіби журналистиканың фактчекинг функциясы бұрынғыдан да маңызды бола түсті. Сапалы талдау мен ресми ақпарат үшін халық бәрібір дәстүрлі БАҚ брендтеріне сенеді.

Осылайша, жаңа медиа мен дәстүрлі журналистика арасындағы текетіресте нақты бір жеңімпаз жоқ. Керісінше, "екі жақтың синтезі" немесе конвергентті журналистика қалыптасты. Бүгінде дәстүрлі телеарналар мен басылымдар әлеуметтік желілерге көшіп, қысқа форматтарды меңгерсе, ең үздік блогерлер мен жаңа медиа өкілдері кәсіби журналистиканың этикасы мен стандарттарын қолдануға мәжбүр.Қорыта айтқанда, жеңіс формада емес. Жеңіс – сапалы әрі жылдам контент ұсына алатын, аудиториямен тікелей байланыс орнатқан медиа форматында. Ал соңғы түйінді әлі де болса адам айтады.

---

Опубликовано: 2026-09-10T11:31:52+05:00

Обновлено: 2026-09-10T11:31:54+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-10-zhi-men-daestuerli-zhurnalistika-arasyndaghy-teke-tires-songghy-tuejindi-kim-ajtady/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.