---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-11-aelem-koemirding-zhalyna-zharmasty-qazaqstan-ueshin-muemkindik-te-qauip-te-bar/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Әлем көмірдің жалына жармасты: Қазақстан үшін мүмкіндік те, қауіп те бар

![Уголь лежит горкой](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/09/okolo-70-tysyach-tonn-uglya-skonczentrirovano-v-ugolnyh-tupikah-akmolinskoj-oblasti-bizmedia.kz_.jpg)

Сарапшылар «тоннасы 23 мың теңге жеткен отын неге қымбаттап жатыр» деген сауалға жауап іздеп, жанталасып жатыр.

[![Фото: Sputnik/Сергей Аверин.](https://bizmedia.kz/app/uploads/2023/09/okolo-70-tysyach-tonn-uglya-skonczentrirovano-v-ugolnyh-tupikah-akmolinskoj-oblasti-bizmedia.kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/09/okolo-70-tysyach-tonn-uglya-skonczentrirovano-v-ugolnyh-tupikah-akmolinskoj-oblasti-bizmedia.kz_.jpg)Фото: Sputnik/Сергей Аверин.

## Әлем қайтадан көмірге оралды

Халықаралық энергетикалық агенттіктің болжамынша, 2026 жылы көмірге әлемдік сұраныс 1,2%-ға өсіп, 8,94 млрд тоннаға жетеді. Бұл – тарихтағы рекорд.Неге? Reuters хабарлағандай, Таяу Шығыстағы қақтығыс салдарынан мұнай мен сұйытылған газдың жеткізілімі бұзылды. Еуропа, Жапония, Қытай, Оңтүстік Корея импорты қиындаған елдер электр қуатын көмірмен өндіруге мәжбүр. ХЭА-ның өз болжамы да қателесті: 2026 жылы сұраныс төмендейді деп күткен, бірақ ол керісінше рекорд бұзғалы тұр.

> "Келесі жылғы сұраныс Ормуз бұғазына байланысты болады. Егер кеме қатынасы қалпына келсе, 2027 жылы көмірге сұраныс түсуі мүмкін. Ал бұғаз жабық қалса, көмірдің бағасы одан әрі өседі", – деп ескертеді ХЭА.

## Қазақстанға жақсы жаңалық па?

Иә де, жоқ та. Бір жағынан сұраныс өсіп тұр. 2026 жылдың 5 айында біз 12,6 млн тонна көмір экспорттадық. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5%-ға көп. Негізгі сатып алушылар: Ресей, Польша, Нидерланды, Иран, Өзбекстан, Малайзия, Қытай. Әлемде өндіріс 3 жыл қатарынан 9 млрд тоннадан асса да, қор көп ел үшін бұл табыс.Ал екінші жағынан – ішкі нарық.

Бізде жағдай мәз емес.Күз жақындаған сайын әкімдіктер халықты "көмірді алдын ала алыңдар" деп ескертіп жатыр. Тапшылық жоқ, бірақ кезек болуы мүмкін. Ал баға жыл басынан бері 7,9%-ға өсті. Бұл орташа инфляциядан төмен сияқты, бірақ өңірлерде жағдай басқа.

**Тоннасы қанша?**

- Қарағанды – 16,9 мың теңге
- Өскемен – 17,6 мың теңге
- Петропавл – 22,5 мың теңге
- Түркістан – 23,1 мың теңге – елдегі ең қымбат.

Ең ауыр соққы Ақтөбе облысына тиді:

2025 жылмен салыстырғанда көмір 23,2%-ға қымбаттады. 20 өңірдің 12-сінде баға орташадан жылдам өскен.

## Неге қымбат?

Бәсекелестік жоқ. ҚРҚА мәліметі бойынша, көмір нарығы 3-4 ірі компанияның қолында. Бұл – классикалық олигополия.Халыққа көмірдің 2/3 бөлігін ERG және «Қаражыра» сатады.

Электр стансаларына – 81,6%-ын «Богатырь Көмір» мен «Kazakhmys Coal».

Өнеркәсіпке – 69%-ын ERG.

> "Нарыққа кіру өте қымбат. Ең төменгі салым – 4,5 млрд теңге. Ірі ойыншылармен тең бәсекелесу үшін оны 10 есе көбейту керек. Әкімшілік кедергі де көп", – деп жазады Energyprom.kz

Нәтижесінде бағаны кім белгілейді? Өткен желтоқсанда «Богатырь Көмір» тұрмыстық көмірді 58%-ға, «Sherubai Komir» 61%-ға қымбаттатқан. Шығынын тұтынушыға аудару оңай.Цифрландыру көмектесе ме? Мемлекет көмір нарығын толық цифрландыруды бастады. Бірақ сарапшылар баға әсері шамалы болады дейді.

## Қорытындысы қандай?

Әлем үшін көмір – энергетикалық қауіпсіздік. Қазақстан үшін – экспорттық мүмкіндік. Ал қарапайым қазақстандық үшін – қымбатшылық. Егер нарыққа жаңа ойыншылар кірмесе, алдағы жылдары тоннасы 25 мыңнан да асуы ғажап емес.

---

Опубликовано: 2026-09-11T07:26:51+05:00

Обновлено: 2026-09-11T07:26:54+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-11-aelem-koemirding-zhalyna-zharmasty-qazaqstan-ueshin-muemkindik-te-qauip-te-bar/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.