---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-11-oekpe-obyryn-zhi-arqyly-anyqtajtyn-zhueje-2-zhyldan-beri-shang-basyp-zhatyr/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Өкпе обырын ЖИ арқылы анықтайтын жүйе 2 жылдан бері шаң басып жатыр

![Ученые разработали новый метод прогнозирования рецидива рака легких](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/11/uchenye-razrabotali-novyj-metod-prognozirovaniya-reczidiva-raka-legkih-bizmedia.kz_.jpg)

Қазақстанда өкпе обыры – онкологиядан болатын өлімнің бірінші себебі.

[![Фото: Unsplash](https://bizmedia.kz/app/uploads/2023/11/uchenye-razrabotali-novyj-metod-prognozirovaniya-reczidiva-raka-legkih-bizmedia.kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/11/uchenye-razrabotali-novyj-metod-prognozirovaniya-reczidiva-raka-legkih-bizmedia.kz_.jpg)Фото: Unsplash

Жыл сайын 3000-нан астам адамға осы диагноз қойылады. Ауруды ерте анықтаса, өлімді азайтуға болады. Бірақ елімізде дайын тұрған ЖИ жүйесі 2 жылдан бері іске қосылмай келеді. Таратып айтсақ:

2023 жылы Дүниежүзілік банктің гранты есебінен өкпе қатерлі ісігін (рак) ерте сатысында анықтауға және скрининг жасауға арналған отандық жасанды интеллект жүйесі әзірленді. Елімізде жыл сайын 3 000-нан астам адамнан осы қауіпті ауру табылады

Қазақстанда инсультті ерте анықтауға арналған **C**erebra (немесе онкологиялық бағыттағы скринингтік) жасанды интеллект жүйесінің толыққанды мемлекеттік деңгейде іске қосылмай, әкімшілік және бюрократиялық кедергілерге тіреліп тұруына қатысты болып отыр.

Бұл мәселені Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев Премьер-министр Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдап көтерді.

Депутаттың айтуынша, 2023 жылы Дүниежүзілік банктің гранты есебінен өкпе обырын ерте диагностикалауға арналған жасанды интеллект жүйесі толық дайын болған. Техникалық жағынан бәрі бар:

ЖИ жүйесі – дайын

Интеграция – елдегі 200 медициналық ұйыммен қосылған

Заң – "Жасанды интеллект туралы" заң күшіне енген

Яғни скринингті ертеңнен бастауға болады. Бірақ мемлекеттік органдардан нақты қадам жоқ.

> «Осындай толық дайындыққа қарамастан, жобаны іс жүзінде іске қосу мерзімдері созылып, ілгерілеу болмаған», – дейді Сергей Пономарев.

Депутат не талап етіп отыр?

Кідірістің себебін анықтау – неге 2 жылдан бері жылжымай тұр?

Тәуелсіз бағалау – дайын технологияның сапасын тексеруНақты мерзім – ұлттық скрининг қашан басталады?Жауапкершілік – егер заң бұзушылық болса, кінәлілер жазалансын

## Неге бұл маңызды?

Өкпе обырын ерте сатыда анықтау – адам өмірін сақтау деген сөз. Төмен дозалы компьютерлік томография + ЖИ арқылы дәрігерлер қатерлі ісіктің алғашқы белгісін өздері байқамай тұрып табуға болады. Дүниежүзілік тәжірибе көрсеткендей, скрининг өлім-жітімді 20%-ға дейін төмендетеді. Ал бізде технология тұр, ақша жұмсалған, бірақ нәтиже жоқ.Депутат жобаның одан әрі созылуы халықтың денсаулығына тікелей қауіп төндіреді деп санайды.

## Қорытынды:

Мемлекет цифрландыруға миллиардтап ақша жұмсайды. Бірақ ең бастысы – оны адам игілігіне іске қосу. 200 ауруханаға қосылған ЖИ жүйесі кабинетте шаң басып жатса, оның керегі не?Денсаулық сақтау министрлігі бұл сауалға жақын арада жауап беруі тиіс.

---

Опубликовано: 2026-09-11T07:54:09+05:00

Обновлено: 2026-09-11T07:54:11+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Денсаулық](https://kk.bizmedia.kz/oemir-salty/densawlyq/), [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-09-11-oekpe-obyryn-zhi-arqyly-anyqtajtyn-zhueje-2-zhyldan-beri-shang-basyp-zhatyr/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.